Об изменении границы (черты) села Айшабиби Айшабибинского аульного округа Жамбылского района Қолданыста
Басқа 0
Жамбыл ауданы Айшабибі ауылдық округінің Айшабибі ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауданы Айшабибі ауылдық округінің Айшабибі ауылының әкімшілік шекарасына бұрынғы «Квант» бау-бақша серіктестігі» тұтыну кооперативінің аумағында орналасқан жалпы көлемі 9,0 гектар жер қосылып, Айшабибі ауылының шекарасы (шегі) өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.