Об организации и проведении весеннего тура сплошной дератизации на территории Алматинской области Күшін жойған
Басқа 0
Алматы облысы аумағында жаппай дератизациялаудың көктемгі турын ұйымдастыру және өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.01.2004 № 1-14 шешімімен.
Облыс аумағында сүр тышқандардың орналасуына және олардыі адамңа қауіпті оба, лептоспироз, иерсиниоз, пастереллез, литериоз және басқа жұқпалы аурулар қоздырғыштарының тұрақты резервуарларын қалыптастырып, жаппай таратуына байланысты, аталған аурулардан тұрғындарды сақтандыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қапшағай, Талдықорған қалаларының аумағындағы кеміргіш тышқандар жайлаған ашық алаңдарда жаппай дератизациялаудың көктемгі туры 2000 жылғы сәуір айының 10-нан мамыр айының 10-не дейін өткізілсін.
Тармақ 2
2. Кеміргіштер санын азайту мақсатында жүргізілетін алдын алу шараларын өткізуге "Тапсырыс беруші" болып облыстық Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы белгіленсін.
Тармақ 3
3. Облыстық Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Ә.Қ. Тұлқымбаев):
- дератизациялау шараларының көктемгі турын өткізуге қажетті шығыстар есебін жасап, шығыс сметасын бекіту үшін, облыс Әкімінің орынбасары Ж.Ә. Әмірхановаға тапсырсын;
- кеміргіш тышқандар жайлаған алаңдарда жаппай дератизациялау жұмыстарының орындалуына, белгіленген тәртіп бойынша, тендер өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (Т.Ә. Әбдіқадіров) дератизациялау шараларын өткізу үшін облыстық Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына, облыс Әкімінің резервтегі қоры есебінен, 5430 мың теңге бөлсін.
Тармақ 5
5. Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қапшағай, Талдықорған қалаларының әкімдері дератизациялау шараларының көктемгі турын өткізумен қатар төмендегідей шараларды қамтамасыз етсін:
- көшелерде, тұрғын үй маңдарында, қоғамдық тамақтандыру орындарында, мекеме, базар, аумақтарында, коммуналдық объектілерде көктемгі санитарлық тазалау және көркейту шараларын жүргізу;
- қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізе отырып, кез-келген жерге қоқыс үйіндісін төгуге жол бермеу шараларын қабылдау;
- меншік түріне қарамастан мекеме, ұйым, кәсіпорындардың басшыларын қарамағындағы мекемелер жүйесіндегі жайларға, пайдаланып отырған алаңдарға белгіленген мерзімде дератизациялау шараларын жүргізуді міндеттеу.
Объектілерді қажетті санитарлық-техникалық жағдайға келтіріп, оларды кеміргіш тышқандардан сақтау шараларын қамтамасыз ету.
Тармақ 6
6. Аталған шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Ж.Ә. Әмірхановаға жүктелсін.