О финансово-кредитной поддержке субъектов малого и среднего бизнеса, а также оптово-торговой заготовительной компании Күшін жойған
Басқа 0
Шағын және орта бизнес субъектілерін, сондай-ақ көтерме сауда-дайындау компаниясын қаржы-несиелік қолдау туралы
Ескертру. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.07.2004 № 7-82 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды күшейтудің және дамытуды жандандырудың шаралары туралы" N 3398 Жарлығын орындауда, Қазақстан Республикасының "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы N 131-1 Заңына және облыстық Мәслихаттың 2000 жылғы 4 ақпандағы "Кәсіпкерлік пен шағын бизнесті қолдауға 2000 жылы облыс бюджетінен қосымша қаржы бөлу туралы" N 3-23 шешіміне сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шағын және орта бизнес субъектілерін, сондай-ақ көтерме сауда-дайындау компаниясын несиелендіру тәртібі туралы ереже" қосымшаға
сай бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шағын және орта бизнес субъектілеріне, сондай-ақ көтерме сауда-дайындау компаниясына облыстық бюджет қаржысынан берілетін несиені
бөлуші облыс Әкімінің орынбасары Т.Ж. Қожағапанов болып белгіленсін.
Басқа 3
Алматы облысы Әкімінің
2000 ж. 3 наурыздағы N 3-63
шешіміне қосымша
Шағын және орта бизнес субъектілерін, сондай-ақ
көтерме сауда-дайындау компаниясын несиелендіру
тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Кіріспе
1. Кіріспе
Шағын және орта бизнес субъектілерін, сондай-ақ көтерме
сауда-дайындау компаниясын несиелендіру тәртібі туралы осы ереже (бұдан
әрі - Ереже) Алматы облысында кәсіпкерлікті қолдауға облыстық бюджеттен
бөлінген қаржыны жұмсаудың және несиелендірудің негізгі ережелерін
айқындайды.
Тарау 2. 2. Жалпы ережелер
2. Жалпы ережелер
Осы Ереже шағын және орта бизнесті, көтерме сауда-дайындау компаниясын несиелендіру қарқынын өсіру, несие ресурстарын реттеу және несиеге жол ашу мақсатында жасалды.
Қаржы-несиелік қолдаудың негізгі қағидалары:
- шағын және орта бизнес субъектілерінің, сондай-ақ көтерме сауда-дайындау компаниясының, облыстың шекара маңындағы және шалғай
аудандарының несие ресурстарына қол жеткізуі;
- меншік түріне қарамастан жобаларды қаржыландыру;
- заемшыларды несиелендіруді, олар экономиканың басым секторындағы
өндірістік қызметпен айналысқан, облыс үшін әлеуметтік маңызы бар
қызметтер көрсеткен (жұмыстар орындаған), сондай-ақ азаматтарды еңбекке
орналастыру үшін жұмыс орындарын ашқан жағдайда ғана жүзеге асыру болып табылады.
Заемшыларды несиелендіруге облыстық бюджеттен бөлінген қаржыны олар қандай да болмасын борыштарын, соның ішінде еңбекақы жөніндегі, бюджетке төлемдер, т.б. қарыздарын жабу мақсатында жұмсауға тиісті емес.
Тарау 3. 3. Негізгі бөлім
3. Негізгі бөлім
Тармақ 3.1
3.1. Несиелендіру шарттары.
Тармақ 3.1.1
3.1.1. Несие ресурстары заемшыларға сыйақысыз (қызықтырусыз), яғни
нольдік ставка бойынша беріледі.
Тармақ 3.1.2
3.1.2. Заемшыларды несиелендіру осы Ереженің 3.2. тармағына сәйкес
жүргізіледі.
Тармақ 3.1.3
3.1.3. Несие заемшыларға үш айдан тоғыз айға дейін беріледі.
Тармақ 3.2
3.2. Жобаларды қарау тәртібі.
Тармақ 3.2.1
3.2.1. Іріктеуден өткен, аудан әкімі қол қойған жобалар, жобалар
тізбесін құрайды.
Тармақ 3.2.2
3.2.2. Жобалардың, экономика басымдықтарына, қайтымдылық талаптарына сәйкестігі, бизнес-жоспар мен қажетті құжаттар пакетінің болуы қаралады.
Тармақ 3.2.3
3.2.3. Жобаны, оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігін негізге ала отырып, аудан әкімінің орынбасары қорғайды.
Тармақ 3.2.4
3.2.4. Заемшы іс жүзіндегі несие саясатына сәйкес құжаттар пакетін тапсырады.
Тармақ 3.2.5
3.2.5. Бюджет қаржысынан несиелендіру туралы ұсыныстар облыс Әкімінің орынбасары Т.Ж. Қожағапановтың бекітуіне тапсырылады.
Тармақ 3.2.6
3.2.6. Сараптаудан өтпеген жобалар пысықтау үшін заемшыға қайтарылады.
Тармақ 3.3
3.3. Жобаларды қаржыландыру тәртібі
Тармақ 3.3.1
3.3.1. Комитеттің шотына бюджеттен қаржы аударуды облыс Әкімінің
орынбасары Т.Ж. Қожағапанов қол қойған комитет тапсырысы бойынша облыстық қаржы басқармасы жүзеге асырады.
Тармақ 3.3.2
3.3.2. Несие шартына заемшы және облыс Әкімінің орынбасары
Т.Ж. Қожағапанов қол қояды.
Тармақ 3.3.3
3.3.3. Бюджет қаржысын мақсатты жұмсауға бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары Т.Ж. Қожағапановқа жүктеледі.
Тармақ 3.4
3.4. Несиені қайтару шарттары
Тармақ 3.4.1
3.4.1. Заемшы бөлінген несие ресурстарын облыс бюджетіне несиені
қайтару мерзімі біткенге дейін қайтарады.
Тармақ 3.4.2
3.4.2. Комитет ақшаны облыстық бюджеттің шотына мына реквизиттер
бойынша аударады:
СТН (РНН)090100000439,
есеп айырысу шоты 000080000
МФО 190501066, Код 066,
"бюджеттен бөлінген өзге де несиелерді қайтару" 501209 төлем коды
бойынша.