О Временном порядке назначения государственных приемочных комиссий по приемке в эксплуатацию законченных строительством объектов Күшін жойған
Басқа 0
Құрылысы біткен объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі Мемлекеттік қабылдау комиссияларын тағайындаудың уақытша тәртібі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.07.2004 № 7-82 шешімімен.
Салынып біткен объектілерді қабылдау жұмысын ретке келтіру мақсатымен облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. "Құрылысы біткен объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі
Мемлекеттік қабылдау комиссияларын тағайындаудың уақытша тәртібі"
қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.
Басқа 3
Облыс Әкімінің 2000 жылғы
10 наурыздағы N 3-64
шешіміне қосымша
Құрылысы біткен объектілерді
Қабылдау жөніндегі Мемлекеттік қабылдау комиссияларын
тағайындаудың уақытша тәртібі
Құрылысы біткен, қайта құрылған, күрделі жөндеуден өткен, кеңейтілген, техникалық қайта жарақтандырылған, заман талабына сай жетілдірген (одан әрі құрылыс салу) Мемлекеттік қабылдау комиссияларын тағайындаудың осы уақытша тәртібі, оларды пайдалануға қабылдаудың тәртібін, Мемлекеттік қабылдау комиссияларын тағайындау тәртібін реттейді.
Бекітілген жобаға сәйкес құрылысы толық аяқталған объектілер пайдалануға қабылдап алынады.
Құрылысы біткен объектілерді қабылдап алатын тұрақты не уақытша Әкімшілік ұжым - Мемлекеттік қабылдап алу комиссиясы.
Комиссияны құрған орын, қажеттілігіне қарай, Мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамын, өзгертіп отырады.
Құрылыстың түріне, объектілердің күрделілігіне байланысты, Мемлекеттік қабылдап алу комиссиялары, алдын-ла, өндіріс саласындағы объектілерге - 15 күн, тұрғын үй саласындағы объектілерге - 7 күн бұрын тағайындалады.
Комиссия жұмысының басталуы мен аяқталу мерзімі осымен бірге белгіленеді.
Құрылысы біткен объектілерді қабылдап алуда жететін мақсатымыз, қабылданған жоба шешімдерінің, сәулет-құрылысының, санитарлық-гигиеналық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да талаптарға сәйкестігін тексеру, объектілермен кешендердің қоршаған ортаға ететін әсерін анықтау.
Мемлекеттік инвестициялардың есебімен, не олардың қатысуымен салынып жатқан (салынған) объектілердің бәрі де, Мемлекеттік қабылдап алу комиссиясының, пайдалануға қабылдап алуына жатады.
Мемлекеттік инвестицияның қатынасуынсыз да салынған, Мемлекеттік не қоғамдық мүдделі объектілерді де, Мемлекеттік қабылдап алу комиссиясының, пайдалануға қабылдап алуына жатады.
Мемлекеттік қабылдап алу комиссияларын тағайындайды:
Тармақ 1
1. Облыс Әкімі - техникалық күрделі бірегей объектілер мен кешендерге, инвестициямен немесе Мемлекеттік қаржыландыру көзімен қаржыланатын, облыстық Әкімшілікте құралған объектілерге;
Тармақ 2
2. Жергілікті орындаушы ұйымдар - жергілікті бюджетпен қаржыланатын объектілерге.
Мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына:
- Комиссияның төрағасы - комиссияны тағайындаған орынның жауапты өкілі;
- Комиссия төрағасының орынбасары - облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының өкілі;
- Қаланың, ауданның бас сәулеткерлері;
- Қоршаған ортаны бақылау және Мемлекеттік өрттен сақтауды бақылау, Мемлекеттік бақылау орындарының, жобаны дайындайтын бас мердігерліктің, пайдалану ұйымдарының өкілдері.
Мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына басқа да мүдделік жақтарының өкілдері кіргізілуі мүмкін.
Қабылданатын объектінің, қабылдап алуға жарамсыздығын анықтағаннан соң, бұл туралы қабылдап алу комиссиясы дәлелді қортынды жасап, оны комиссияны тағайындаған орынға, көшірмелерін тапсырма беруші мен бас мердігерлікке жібереді.
Мемлекеттік қабылдап алу комиссиясын тағайындаған орынның, қабылдау актысын бекіткен күні, объектілердің қабылданып алған күні деп есептеледі.
Актіге қол қойылғаннан кейінгі 10 күн ішінде қабылдап алу комиссиясын тағайындаған (бұйрық, қаулы т.б.) орын, объектіні пайдалануға қабылдап алу актісін бекітеді.
Объектіні пайдалануға қабылдап алу актісінің бекітілген күннен бастап, Мемлекеттік қабылдап алу комиссиясының өкілетілігі қысқарады.
Жылжымайтын мүлік орталығында Мемлекеттік қабылдап алу актісі, мүлікті тіркеуге құқықты айрықша құжат болады.
Объект қабылдап алу актысын бес дана етіп толтыру қажет, оның екі данасы жоба шешімдерімен Мемлекеттік қабылдап алу комиссиясын тағайындаған орынға, біреуін - тапсырма берушігі (салушыға), біреуін - Алматы облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасына және біреуін - облыстық Мемлекеттік сәулет құрылысы инспекциясына әкеліп береді.
Халық қаржысы есебінен салынған, жеке меншік үйлерге осы уақытша тәртіптің ережелері таратылмайды.
Құрылысы біткен жеке меншік үйлерді пайдалануға қабылдап аларда, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылға шілденің 25-жұлдызындағы N 1018 Қаулысын басшылыққа алған жөн.