О закреплении и комплексном использовании рыбохозяйственных водоемов Күшін жойған
Басқа 0
Балық шаруашылығы су айдындарын бекіту және кешенді пайдалану туралы
Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 2005 жылғы 26 ақпандағы № 13 шешімімен
📌 Ескерту. Қарабалық ауданы аңшылық қоғамына тиісті жер көлемі 80 га Қарабалық ауданының Үлкен Консүлік көлін бекіту туралы бөлігінің күші жойылды - облыс әкімиятының 10.05.2001 № 61 қаулысымен, Алтынсарин ауданы аңшылық қоғамына көлемі 121 га Алтынсарин ауданының Тұрантайкөл көлін бекіту туралы бөлігінің күші жойылды - облыс әкімиятының 20.12.2001 № 179 қаулысымен, Әулиекөл ауданындағы Әулиекөл аудандық аңшылық қоғамына Кішкенекөл, Мырзакөл және Сұлукөл жүйелерін бекіту туралы бөлігінің күші жойылды - облыс әкімінің 28.08.2002 № 157 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасында балық аулаудың және басқа су жануарларын өндiрудiң ережелерiн бекiту жөнiндегi» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 Қаулысына сәйкес және облыстық тендерлiк комиссияның шешiмi негiзiнде Қостанай облысының су айдындарын ұтымды пайдалану мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Кешендi балық шаруашылығын пайдалану үшiн бекiтiлсiн:
- Әулиекөл ауданындағы көлемi 400 га Шәгiбай көлi Әулиекөл аудандық аңшылық қоғамына;
- Алтынсарин ауданындағы көлемi 121 га Тұрантайкөл көлi Алтынсарин аудандық аңшылық қоғамына;
- Денисов ауданындағы көлемi 30 га Ақсай тоғаны, көлемi 100 га Жауқысты көлi, көлемi 100 га Шұңқыркөл көлi, көлемi 600 га Жақсы Алакөл көлi Денисов аудандық аңшылық қоғамына;
- көлемi 80 га Сәндiбай көлi, көлемі 80 га Үлкен Консүлік көлі Қарабалық аудандық аңшылық қоғамына;
- көлемi 440 га Шөптiкөл көлi Қамысты аудандық аңшылық қоғамына;
- Қамысты ауданындағы көлемi 356 га Жаркөл, көлдерi «Қарабатыр» ЖШС-не; <*>
- Қамысты ауданындағы көлемi 560 га Қояндықопа көлi, көлемi 697 га Оразқопа көлi «Бестөбе» АҚ-на;
- Қостанай ауданындағы жалпы көлемi 68 га Черненков, Лебединов және аты жоқ көлдер «Легенда» ЖШК-не;
- Меңдіқара ауданы Ақсуат п. жанындағы көлемі 600 га Алакөл /Мокрое/ көлінің батыс бөлігін көлi «Қостанай жолдары» АҚ № 62 ЖПУ-не;
- Науырзым ауданындағы көлемi 1000 га Шөптiкөл көлi, көлемi 760 га Байтума көлi Науырзым аудандық аңшылық қоғамына;
- Сарыкөл ауданындағы жалпы көлемi 2500 га Бозшакөл көлi «Қостанай облыстық тұтынушылар кооперативтерi мен басқа заңды тұлғалар одағы» қауымдастығына (облтұтынуодағы);
- көлемi 104 га Кiшi Қоскөл көлi «Қостанай облыстық тұтынушылар кооперативтерi мен басқа заңды тұлғалар одағы» қауымдастығына (облтұтынуодағы);
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімінің 31.08.2000 № 168; 04.06.2004 № 30 шешімдерімен.
Тармақ 2
2. «Облыстың балық шаруашылығы су айдындарын оларды кешендi пайдалану үшiн бекiту туралы» облыс Әкiмiнiң 1998 жылғы 16 қаңтардағы № 10 шешiмiнiң 1 тармағының 5 азат жолының күшi жойылсын.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімінің 31.08.2000 № 168 шешімімен.