Об утверждении квалификационных требований к лицензированию землеустроительных, топографо-геодезических и картографических работ Күшін жойған
Басқа 0
Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.07.2007 N 574 (09.08.2007 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Ескерту. Тақырыбына өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.03.30. N 285, 2005.07.27. N 779 қаулыларымен.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекітілсін.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.03.30. N 285 , 2005.07.27. N 779 қаулыларымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы:
реттік нөмірі 13-жолдағы:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі";
3-бағандағы "топографиялық-геодезиялық" деген сөздердің алдында "Жерге орналастыру," деген сөздер жазылсын;
Тармақша 2
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы N 168 Қаулысымен;
Тармақша 3
3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.02.2005 N 124 Қаулысымен;
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.02.2005 N 124; 15.03.2006 N 168 қаулыларымен.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Басқа 7. Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 30 қыркүйектегі
N 1481 қаулысымен
бекітілген
Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
📌 Ескерту. Тақырыбына және мәтінге өзгерту енгізілді, 1,3,4-бөлімдер алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.03.30. N 285 , тақырыбына өзгеріс енгізілді - 2005.07.27. N 779 қаулыларымен.
Тармақ 1
1. Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге мынадай біліктілік талаптары: заңды тұлғалар үшін:
Тармақша 1
1) лицензияланатын қызметті жүзеге асыруға үміткер ұйым басшысының жоғары немесе орта білімі болуы тиіс;
Тармақша 2
2) жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға арналған нұсқаулықтарда көзделген өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сапасына кепілдік беретін қажетті сертификатталған құралдардың, аспаптардың (олардың метрологиялық қызмет көрсету шартымен), технологиялық жабдықтардың (немесе оларды сатып алу жөніндегі міндеттеме) болуы;
Тармақша 3
3) тиісті білімі, жұмыс стажы және біліктілігі бар мамандардың болуы;
Тармақша 4
4) әскери және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жұмыс жүргізуде пайдалануға уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты болуы енеді.
Жеке тұлғалар үшін:
Тармақша 1
1) жұмыс бейініне сәйкес жоғары немесе кәсібі орта білімі болуы;
Тармақша 2
2) мамандығы бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы болуы;
Тармақша 3
3) жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға арналған нұсқаулықтарда көзделген өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сапасына кепілдік беретін қажетті сертификатталған құралдардың, аспаптардың (олардың метрологиялық қызмет көрсету шартымен), технологиялық жабдықтардың (немесе оларды сатып алу жөніндегі міндеттеме) болуы;
Тармақша 4
4) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жұмыс жүргізуде пайдалануға уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты болуы енеді.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.07.27. N 779 қаулысымен .