Об утверждении Положений о порядке заключения контрактов на проведение операций по недропользованию в Республике Казахстан и о порядке выдачи разрешений на передачу права недропользования в залог Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiнде операциялар жүргiзуге арналған келiсiм-шарттарды жасасудың тәртiбi туралы және Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге рұқсат берудiң тәртiбi туралы ережелердi бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.01.2000 № 108 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiнде
операциялар жүргiзуге арналған келiсiм-шарттарды жасасудың тәртiбi
туралы ереже;
Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге рұқсат берудiң
тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Басқа 3. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану
жөнiнде операциялар жүргiзуге арналған келiсiм-
шарттарды жасасудың тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 27 мамырдағы
N 484 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану
жөнiнде операциялар жүргiзуге арналған келiсiм-
шарттарды жасасудың тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже барлауға, өндiруге, өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған, коммерциялық мақсатта жалпы кең таралған пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келiсiм-шарттарды жасасудың тәртiбiн айқындайды, сондай-ақ бұл келiсiм-шарттарды (бұдан әрi - Келiсiм-шарт) тiркеудiң бiрыңғай ережесiн белгiлейдi.
Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеуге арналған келiсiм-шарттарды жасасудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тиiстi жылы мемлекеттiк геологиялық зерделеуге жататын аумақтардың тiзбесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлгi белгiлейдi.
Тармақ 2
2. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы - Келiсiм-шарт бойынша тараптар болып табылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (бұдан әрi - Инвестмемком) барлауға, өндiруге, жалпы кең таралған пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған Келiсiм-шарттарды жасасуға қатысты құзыреттi орган болады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерi (бұдан әрi - әкiм) коммерциялық мақсатта жалпы кең таралған пайдалы қазбаларды өндiруге арналған Келiсiм-шарттар жасасуға қатысты құзыреттi орган болып табылады.
Тармақ 4
4. Азаматтар, заңды тұлғалар, шетелдiк мемлекеттер, халықаралық ұйымдар Келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы бола алады.
Заңды тұлға құрмастан, жер қойнауын пайдаланушылардың бiрлестiгi келiссөздер жүргiзу үшiн келiссөз тобын құрады. Келiсiм-шартқа мұндай бiрлестiктiң әрбiр қатысушысы қол қояды. Заңды тұлға құрмастан, жер қойнауын пайдаланушылар бiрлестiгiнiң ортақ құқықтары болады және Келiсiм-шарт бойынша ортақ мiндеттер алады.
Тармақ 5
5. Пайдалы қазбаларды өндiру Келiсiм-шартты кен орнының қорларын мемлекеттiк бағалағаннан кейiн ғана жасасуға жатады. Бiрлескен лицензияның негiзiнде барлауға және өндiруге Келiсiм-шарт жасасу үшiн қорларды мемлекеттiк бағалау талап етiлмейдi.
Тармақ 6
6. Келiсiм-шартты жасасудың мерзiмi лицензияда көрсетiледi. Келiсiм-шартты жасасудың мерзiмiн ұзартуға лицензиардың рұқсатымен, бiрақ 6 айдан артық емес, лицензияға тиiстi өзгерiстер енгiзу жолымен, екi мәрте рұқсат етiледi.
Тармақ 7
7. Егер тиiстi ұзартуларды есептегенде Келiсiм-шартты жасасу үшiн белгiленген мерзiмнiң iшiнде тараптар келiсiмге келмесе, келiссөздер тоқтатылуы, ал лицензия керi қайтарылып алынуы тиiс. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушының келiссөздердi жүргiзуге және Келiсiм-шартты дайындауға байланысты барлық шығыстары өтелмейдi.
Тармақ 8
8. Келiсiм-шарттарды жасасуға байланысты ерекшелiктер пайдалы қазбалар мен техногендiк минералдық құралымдардың жекелеген түрлерiне қолданылады, пайдалы қазбалар мен техногендiк минералдық құралымдардың тиiстi түрлерi туралы заң актiлерiмен айқындалады.
Тарау ii. II. Келiсiм-шартты жасасудың тәртiбi
II. Келiсiм-шартты жасасудың тәртiбi
Тармақ 9
9. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциияларды жүргiзуге лицензия алуы Келiсiм-шарт бойынша тараптардың келiссөздердi бастауы үшiн негiз болып табылады.
Тармақ 10
10. Тараптардың алғашқы кездескен күнi, бiрақ 30 күннен кешiктiрiлмей, ал коммерциялық мақсатта жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндiруге келiсiм-шарт бойынша - лицензиялар берiлген күннен бастап 10 күннен кешiктiрiлмей, келiссөздердiң басталуы болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы Келiсiм-шарттың жобасын лицензиялардың, үлгiлiк Келiсiм-шарттың, қолданылатын құқықтардың негiзiнде дайындайды және тараптардың алғашқы кездесуiнде, бiрақ 90 күннен кешiктiрiлмей, ал коммерциялық мақсатта жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келiсiм-шарт бойынша - Келiсiм-шартты жасасу мерзiмi аяқталғанға дейiн 50 күннен кешiктiрмей құзыреттi органға ұсынады.
Құзыреттi орган Келiсiм-шарттың жобасын алған күннен бастап 30 күннен кешiктiрмей, ал коммерциялық мақсатта жалпы кең таралған пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келiсiм-шарт бойынша - 10 күннен кешiктiрмей, ол бойынша, жер қойнауын пайдаланушымен тiкелей келiссөз жүргiзуi немесе жер қойнауын пайдаланушыға Келiсiм-шарт жобасының талаптарының қабылданғандығы немесе олардан бас тартылғандығы туралы хабарлама жолдауы тиiс.
Құзыреттi орган Келiсiм-шарт жобасының жекелеген талаптарынан бас тартқан немесе одан бүтiндей бас тартқан жағдайда, осы мерзiмнiң iшiнде оларды жер қойнауын пайдаланушы ұсынған Келiсiм-шарт жобасына келiспеушiлiктер хаттамасымен ресiмдеп, өзiнiң талаптарын ұсынуға мiндеттi.
Жер қойнауын пайдаланушы келiспеушiлiк хаттамасында айтылған Құзыреттi органның ұсыныстарымен келiспеген жағдайда келiссөздер, тараптар Келiсiм-шарт жобасының барлық талаптары бойынша Келiсiмге қол жеткiзгенге дейiн, бiрақ осы Ереженiң 6-тармағында белгiленген мерзiмнен артық емес, жалғастырылады.
Тармақ 11
11. Құзыреттi орган Келiсiм-Шарттың жобасын дайындау мақсатында басқа да мемлекеттiк органдардың мамандарын тартуға, сондай-ақ кез келген мемлекеттiк органдардан және уағдаластық бойынша өзге де ұйымдардан қажеттi консультациялар алуға құқылы.
Тармақ 12
12. Келiсiм-шарттың жобасы оған қол қойылғанға дейiн мiндеттi экономикалық, экологиялық және құқықтық сараптауларға жатады. Бұл ретте мiндеттi сараптама мына мемлекеттiк органдарда:
Қазақстан Республикасының Экономика, индустрия және сауда министрлiгiнде, ал жалпы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша оның аумақтық органдарында - экономикалық сараптама, ал салықтық сараптама бөлiгiнде - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнде немесе оның аумақтық органдарында;
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгiнде, ал жалпы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша оның аумақтық органдарында - экологиялық сараптама;
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде немесе оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында, ал жалпы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша оның аумақтық органдарында - құқықтық сараптама жүргiзiледi.
Тармақ 13
13. Сараптамаларды тараптар Келiсiм-шарттың жобасын дайындау кезеңiнде сараптаманың түрiне қатысты оны тиiстi мемлекеттiк органға және/немесе сарапшыға жолдау жолымен жүргiзедi.
Тармақ 14
14. Сараптама жүргiзу мерзiмi Келiсiм-шарттың жобасы мен сараптама жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар ұсынылған күннен бастап 30 күннен аспауы тиiс.
Тармақ 15
15. Сараптамаларды жүргiзудiң тәртiбi мен оларды жүргiзу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесiн тиiстi сараптаманы жүргiзушi мемлекеттiк органдар белгiлейдi.
Тармақ 16
16. Мемлекеттiк органдардың Келiсiм-шарттың жобасына сараптама жүргiзуге байланысты барлық шығындарын заңдарда белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдаланушы өтейдi.
Тармақ 17
17. Келiсiм-шарттың жобасына Құзыреттi органның өкiлдерi мен жер қойнауын пайдаланушының уәкiлеттi өкiлдерi виза қоюы тиiс.
Тармақ 18
18. Тараптар дайындаған Келiсiм-шарттың жобасы оған қол қойылғанға дейiн мiндеттi түрде:
айналадағы табиғи ортаны қорғау мен жер қойнауын пайдалану және қорғау мәселелерi бойынша - Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгiмен, ал жалпы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - оның аумақтық органдарымен;
денсаулық сақтау мәселелерi бойынша - Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiмен, ал жалпы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - оның аумақтық бөлiмшелерiмен;
жұмысты қауiпсiз жүргiзу және тау-кен қадағалау мәселелерi бойынша - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiмен, ал жалпы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - оның аумақтық басқармаларымен келiсiледi.
Тармақ 19
19. Келiсу үшiн лицензияның көшiрмесi мен Келiсiм-шарттың виза қойылған жобасы ұсынылады, Келiсушi мемлекеттiк органның аталғандардан басқа, өзге де құжаттарды ұсынуды талап етуге құқығы жоқ.
Тармақ 20
20. Келiсудiң жалпы мерзiмi тиiстi мемлекеттiк орган Келiсiм-шарттың жобасын алған күннен бастап 15 күннен аспауы тиiс.
Тиiстi мемлекеттiк орган келiсудiң жалпы мерзiмiнiң алғашқы 10 күнiнен кешiктiрiлмей тараптарға жазбаша нысанда өзiнiң ескертпелерi мен ұсыныстарын беруге және жалпы мерзiм аяқталғанға дейiн Келiсiм-шарт жобасының талаптарын өзгерту туралы мәселенi келiсуге мiндеттi.
Тармақ 21
21. Келiсiлген Келiсiм-шарттың жобасына келiссөздер, сараптамалар жүргiзiлгеннен және келiсулерден өткеннен кейiн құзыреттi органның басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша өзге уәкiлеттi адам және жер қойнауын пайдаланушының уәкiлеттi өкiлi қол қояды.
Тармақ 22
22. Келiсiм-шарттың талаптарын өзгерту және/немесе Келiсiм-шартты жаңа талаптармен толықтыру - Келiсiм-шартты жасасу сияқты тәртiппен жүргiзiледi. Бұл ретте Келiсiм-шарттың өзгертiлген және/немесе толықтырылған мәтiнi сараптауға және келiсуге жатады.
Тармақ 23
23. Келiсiм-шарттың қолданылуы заң актiлерiнде және/немесе Келiсiм-шартта көзделген негiздер және тәртiп бойынша ғана тоқтатылады. Лицензияны керi қайтарып алу Келiсiм-шарттың қолданылуының тоқтатылуына әкеп соғады.
Тарау iii. III. Жер қойнауын пайдалану жөнiнде операциялар
жүргiзуге арналған келiсiм-шартты мемлекеттiк
тiркеудiң және сақтаудың тәртiбi
III. Жер қойнауын пайдалану жөнiнде операциялар
жүргiзуге арналған келiсiм-шартты мемлекеттiк
тiркеудiң және сақтаудың тәртiбi
Тармақ 24
24. Жер қойнауын пайдалану жөнiнде операциялар жүргiзуге арналған келiсiм-шарт қол қойылғаннан кейiн мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Тармақ 25
25. Жер қойнауын пайдалану жөнiнде операциялар жүргiзуге арналған келiсiм-шартты мемлекеттiк тiркеу Инвестмемкомның ол туралы ақпараттарды жер қойнауын пайдалану жөнiнде операциялар жүргiзуге арналған келiсiм-шарттарды мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне кiргiзу жөнiндегi өкiлеттiгiн жүзеге асыруын бiлдiредi.
Тармақ 26
26. Жер қойнауын пайдалану жөнiнде операциялар жүргiзуге арналған келiсiм-шартты мемлекеттiк тiркейдi:
барлауға, өндiруге, жалпы кең таралған пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған келiсiм-шартқа қол қойылғаннан;
жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеуге арналған келiсiм-шарттың данасы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгiнен және/немесе жер қойнауын пайдаланушыдан түскеннен;
коммерциялық мақсатта жалпы кең таралған пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келiсiм-шарттың данасы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерiмен және/немесе жер қойнауын пайдаланушыдан түскеннен кейiнгi 10 күннiң iшiнде Инвестмемком жүзеге асырады.
Тармақ 27
27. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған келiсiм-шартты мемлекеттiк тiркеу Инвестмемкомның осындай мемлекеттiк тiркеуге байланысты шығыстарын өтейтiн жер қойнауын пайдаланушының тiркеу үшiн алым шартымен жүзеге асырылады. Тiркеу үшiн алымның мөлшерi мен алынған сомаларды пайдаланудың тәртiбiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Инвестмемком белгiлейдi.
Тармақ 28
28. Инвестмемком жер қойнауын пайдалану жөнiнде операция жүргiзуге арналған келiсiм-шарттың мемлекеттiк тiркелгендiгi туралы тиiсiнше Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгiне немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың немесе астананың әкiмiне хабарлайды.
Тармақ 29
29. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар жүргiзуге арналған келiсiм-шарттарға өзгерiстердi және/немесе толықтыруларды тiркеудiң тәртiбi - Келiсiм-шартты тiркеудiң тәртiбi секiлдi.
Тармақ 30
30. Жер қойнауын пайдалану жөнiнде операциялар жүргiзуге арналған келiсiм-шарт, сондай-ақ оған өзгерiстер мен толықтырулар, егер Тараптардың келiсiмiнде өзге неғұрлым жай мерзiмдер белгiленбесе, тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
Тармақ 31
31. Жер қойнауын пайдалану жөнiнде операциялар жүргiзуге арналған келiсiм-шарттарды мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiн жүргiзудiң мазмұны мен тәртiбiн Инвестмемком белгiлейдi.
Тармақ 32
32. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар жүргiзуге
жасалған келiсiм-шарттарды сақтауды өздерi белгiлеген тәртiппен
тиiсiнше Инвестмемком, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи
ресурстар министрлiгi және әкiмдер жүзеге асырады.
Бұдан басқа, Инвестмемком Қазақстан Республикасының Экология және
табиғи ресурстар министрлiгi мен әкiмдер жасаған және мемлекеттiк
тiркеуге келiп түскен жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды
жүргiзуге арналған келiсiм-шарттардың көшiрмелерiн сақтауды да жүзеге
асырады.
Басқа 39. Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге
рұқсат берудiң тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 27 мамырдағы
N 484 қаулысымен
бекiтiлген
Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге
рұқсат берудiң тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже барлауға, өндiруге, өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға, сондай-ақ коммерциялық мақсатта жалпы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге рұқсат берудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Осы Ереже жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын, өз мұқтаждары үшiн жалпы кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндiруге арналған құқықтық кепiлге беру, жер қойнауын пайдаланушының өзге де мүлкiн кепiлге беру жөнiндегi қатынастарды реттемейдi.
Тармақ 2
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру - лицензияда көзделген жер қойнауын пайдалану мақсатында ақша (несие) тартуды қамтамасыз ету үшiн ғана рұқсат етiледi.
Тармақ 3
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру - Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (бұдан әрi - АК) кепiл туралы ережелерiмен, сондай-ақ "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 Заң күшi бар Жарлығымен (бұдан әрi - "Жер қойнауы туралы" Жарлық) реттеледi.
Тармақ 4
4. Жер қойнауын пайдаланушының лицензияның негiзiнде пайда болған құқығы кепiлдiң нысанасы болып табылады.
Тармақ 5
5. Жер қойнауын пайдалану құқығы лицензияның шарттарына сәйкес айқындалатын оның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн ғана кепiлдiң нысанасы бола алады. Лицензияларды керi қайтарып алу - жер қойнауын пайдалану құқығының кепiлi шартының тоқталуына әкеп соғады.
Тармақ 6
6. Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру тек Лицензиялық органның рұқсатымен ғана жүргiзiле алады. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған рұқсат кепiл шартының ажырамас бөлiгi болып табылады.
Барлауға, өндiруге, жалпы кең таралған пайдалы қазбаларды өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған жерқойнауын пайдалану құқығына қатысты лицензиялық орган Қазақстан Республикасының Үкiметi болады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жұмыс органы Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (бұдан әрi - Инвестмемком) болып табылады.
Коммерциялық мақсатта жалпы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына қатысты лицензиялық орган жергiлiктi атқарушы органдар (облыстық атқарушы органдар) бұдан әрi - әкiм) болып табылады.
Тарау ii. II. Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге
беруге рұқсат берудiң тәртiбi
II. Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге
беруге рұқсат берудiң тәртiбi
Тармақ 7
7. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге Лицензиялық органның рұқсатын алу үшiн Инвестмемкомға, ал жалпы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - әкiмге, жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге рұқсат беруге өтiнiм беруi тиiс.
Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге рұқсат беруге бiрнеше өтiнiм беруге құқылы. Бұл ретте берiлген өтiнiмдердiң әрқайсысы қабылдауға жатады.
Тармақ 8
8. Өтiнiмде оның атауы, орналасқан жерi көрсетiле отырып жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру көзделген нақты тұлға аталуы тиiс.
Өтiнiмге қоса:
жер қойнауын пайдаланушыда жер қойнауын пайдалану құқығының бар екендiгiн куәландыратын құжаттар (барлауға, өндiруге және барлаумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған лицензия; коммерциялық мақсатта жалпы кең таралған пайдалы қазбаларды өндiруге арналған лицензия);
бұл қаражаттарды пайдалану мақсатын көрсете отырып және тартылған ақшаның қайтарымдылығының есебiмен және негiздемесiмен бiрге заемдық қаражатты тартудың және пайдаланудың техникалық-экономикалық негiздемесi берiледi.
Тармақ 9
9. Инвестмемком, ал жалпы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - әкiм қабылдаған жер қойнауын пайдаланушының өтiнiмi жер қойнауын пайдаланушыға растайтын құжат берiлуiмен куәландырылады.
Өтiнiмдердi қабылдаудан осы Ереженiң 8-тармағында көзделген барлық құжаттардың ұсынылмауы себебi бойынша ғана бас тартылуы мүмкiн.
Жер қойнауын пайдалану құқығының кепiлi шартының жобасы өтiнiмдер қабылданған сәттен бастап 60 күннiң iшiнде Инвестмемкомға, ал жалпы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - әкiмге ұсынылуы тиiс.
Жер қойнауын пайдалану құқығының кепiлi шартының жобасы көрсетiлген мерзiмде ұсынылмаған жағдайда өтiнiмдi жер қойнауын пайдаланушы керi қайтарып алған болып есептеледi.
Тармақ 10
10. Лицензиялық органның жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге рұқсаты немесе мұндай рұқсатты беруден дәлелдi бас тартуы жер қойнауын пайдалану құқығының кепiлi шартының жобасы мен кепiлдi ұстаушының кепiлдiң нысанасын өзiнiң меншiгiне айналдыруы кезiнде лицензиялар мен келiсiм-шарттан туындайтын жер қойнауын пайдаланушының барлық мiндеттерiн орындауға мiндеттемесi Инвестмемкомға, ал жалпы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - әкiмге ұсынылған күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзiмде қабылдануы тиiс.
Инвестмемком, ал жалпы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - әкiм жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өтiнiм берушiге тиiстi құлақтандыру жолданады.
Тармақ 11
11. Лицензиялық органның жер қойнауын пайдалану құқығын нақты тұлғаға беруге рұқсаты әрбiр мұндай беру жағдайында жеке берiледi. Жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалану құқығын кез-келген тұлғаға кепiлге беруге жалпы рұқсат беруге жол берiлмейдi.
Рұқсат лицензиялар керi қайтарылып алынған немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрған, лицензиялар жарамсыз деп танылған не жер қойнауын пайдаланушымен келiсiм-шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайларда берiлмейдi.
Кепiлдегi жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге рұқсатқа қайтадан кепiлге беруге оның алдындағы кепiл туралы шарттарда тыйым салынған жағдайларда жол берiлмейдi. Қайта кепiлге беру және қайта кепiлге рұқсат беру осы Ережеде жер қойнауын пайдалану құқығының кепiлi үшiн мазмұндалған рәсiмдер сақтала отырып жүргiзiледi.
Тармақ 12
12. Осы Ереженiң 2-тармағында айтылған шарттардың бұзылуынан туындайтын ақша тарту туралы шарттың және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығының кепiлi шартының талаптарын өзгерту бұрын берiлген рұқсат пен жер қойнауын пайдалану құқығының кепiлi шартының қолданылуының тоқтатылуына әкеп соғады.
Тармақ 13
13. Жер қойнауын пайдаланушы белгiленген мерзiмде рұқсат беруден бас тартылған немесе мұндай рұқсат беруден дәлелдi бас тарту берiлмеген кезде рұқсат берудi сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.
Тармақ 14
14. Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге рұқсат алты айдан аспайтын мерзiмге берiледi. Егер рұқсатта қолданылу мерзiмi көрсетiлмесе, онда ол алты айлық мерзiмге берiлген болып есептеледi. Қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушының өтiнiшi бойынша рұқсаттың қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ алты айдан артық емес.
Тармақ 15
15. Осы Ереженiң 7-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге рұқсат беруге бiрнеше өтiнiмдер берiлген жағдайда рұқсат олардың әрқайсысына берiледi. Бұл ретте Инвестмемком, ал жалпы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - әкiм берiлген рұқсаттардың бiреуi бойынша кепiл шарты туралы деректердi тiзiлiмге енгiзген сәттен бастап қалған рұқсаттар күшiн жояды.
Тармақ 16
16. Жер қойнауын пайдалану құқығының кепiлi шарты заңдарда белгiленген тәртiппен ол тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
Кепiл шарты тiркелгеннен кейiн, жер қойнауын пайдаланушы Инвестмемкомға, ал жалпы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - әкiмге тиiстi деректердi тiзiлiмге енгiзу үшiн жер қойнауын пайдалану құқығы кепiлiнiң тiркелген шартын ұсынуға мiндеттi.
Тармақ 17
17. Жер қойнауын пайдаланушы кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда кепiлдi ұстаушы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өзiнiң талаптарын қанағаттандыруды алуға құқылы.
Тармақ 18
18. Жаза қолданылған жер қойнауын пайдаланушының кепiлге салынған құқығын сату шарттары мен өткiзудiң тәртiбiн Инвестмемком, ал жалпы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - әкiм белгiлейтiн ашық сауда-саттықтар өткiзу жолымен жүргiзiледi.
Тармақ 19
19. Инвестмемком, ал жалпы кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - әкiм берiлген рұқсаттардың есебi мен олардың негiзiнде жасалған кепiл шарттарының тiзiлiмiн жүргiзедi.
Берiлген рұқсаттар есебiнiң мәлiметi мүдделi тұлғалар онымен танысуы үшiн қол жетiмдi болуы тиiс.
Тарау iii. III. Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта
ресiмдеудiң тәртiбi
III. Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта
ресiмдеудiң тәртiбi
Тармақ 20
20. Осы Ереженiң 5, 12-тармақтарында көзделген жағдайларда кепiл шарты тоқтатылған кезде осы келiсiм-шарттық аумаққа жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған және лицензияны Лицензиялық орган кепiлдi ұстаушыға бұрын берiлген лицензиялардың шарттарын сақтау арқылы тiкелей келiссөздердiң негiзiнде беруi мүмкiн.
Тармақ 21
21. Ашық сауда-саттықтардың жеңiмпазына, ал егер ашық сауда-саттықтар өткiзiлмеген жағдайда - кепiл ұстаушыға жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия қайта ресiмделедi және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жасауға арналған келiсiм-шарт бойынша кепiл берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi оған ауысады.
Тармақ 22
22. Жер қойнауын пайдаланудың кепiлге берiлген құқығы сатылған кезде Лицензиялық орган бiр айлық мерзiм iшiнде лицензияны ашық сауда-саттықтардың жеңiмпаздарына немесе кепiл ұстаушыға қайта ресiмдеуге мiндеттi.
Ашық сауда-саттықтың жеңiмпазына немесе кепiл ұстаушыға лицензиялар беру үшiн қосымша конкурстар немесе келiссөздер жүргiзу талап етiлмейдi.
Қайта ресiмделген лицензиялардың мазмұны, лицензиат туралы мәлiметтердi қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы - кепiл берушiнiң лицензияларының мазмұнына толық сәйкес келуi тиiс.
Тармақ 23
23. Лицензиялар ашық сауда-саттықтардың жеңiмпазына немесе кепiл ұстаушыға қайта ресiмделген сәттен бастап бiр айлық мерзiм iшiнде Инвестмемком лицензияларды иеленушiлермен жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасасуға мiндеттi. Жер қойнауын пайдаланудың шарттары, жаңа жер қойнауын пайдаланушының құқықтары мен мiндеттерi келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы - кепiл берушiнiң құқықтары мен мiндеттерiне толық сәйкес келуi тиiс.
Басқа 66. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 27 мамырдағы
N 484 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылармен контрактiлер жасау және оны орындау жөнiндегi Құзыреттi органы туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 мамырдағы N 646 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 24, 204-құжат).
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған Контрактiлердi тiркеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 903 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 31, 284-құжат).
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн контракттар жасасу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 қыркүйектегi N 1092 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 36, 345-құжат).
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 мамырдағы N 646 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 қарашадағы N 1458 қаулысы.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 6 желтоқсандағы N 553 өкiмi.
Тармақ 6
6. "Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 10 сәуiрдегi N 526 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 15, 122-құжат).