Об утверждении Соглашения о сотрудничестве в области сохранения и использования генетических ресурсов культурных растений государств-участников СНГ Қолданыста
Басқа 0
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдени өсімдіктерінің генетикалық ресурстарын сақтау мен пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 1999 жылғы 4 маусымда Минск қаласында жасалған ТМД-ға қатысушы
мемлекеттердің мәдени өсімдіктерінің генетикалық ресурстарын сақтау мен
пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
Тармақ 2. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдени
өсiмдiктерiнiң генетикалық ресурстарын сақтау мен пайдалану
саласындағы ынтымақтастық туралы
Келісім
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдени
өсiмдiктерiнiң генетикалық ресурстарын сақтау мен пайдалану
саласындағы ынтымақтастық туралы
Келісім
Үкiметтер атынан осы Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер, бұдан әрi
Тараптар,
қазiргi және болашақ ұрпақ үшiн өсiмдiктердiң генетикалық әртүрiн
сақтаудың маңыздылығын сезiне отырып,
Тараптардың селекциялық бағдарламаларында оларды әрi қарай пайдалану үшiн өсiмдiк ресурстарының ұлттық жинақтарын толықтыру қажеттiгiн ескере отырып,
ұлттық жинақтардың өсiмдiктер үлгiлерiн сақтау мен
зерделеудiң жаңа тиiмдi әдiстерiн әзiрлеу қажеттiгін назарға ала отырып,
өсiмдiктердiң генетикалық ресурстарын зерделеу саласында жинақталған
тәжiрибенi пайдалану үшiн ғылыми әлеуетті бiрiктiру және ауыл шаруашылық
дақылдарының жоғары түсiмдi жаңа сорттарын алу мақсатында ұлттық
жинақтардан аса перспективалы, жоғары өнiмдi және тұрақты негiзгi
материалды бөлу ынтасынан туындап,
төмендегiдей туралы келiстi:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн төменде келтiрiлген терминдердiң мынадай
мағынасы бар:
өсімдіктердің генофонды - мәдени өсiмдiктердiң генетикалық
әртүрлiлiгi және олардың жабайы тұқымдастары;
өсiмдiктердің генетикалық ресурстары - селекциялық бағдарламаларда пайдалану үшiн бағалы гендердiң әлеуеттi көздерi болып табылатын өсiмдiк материалы;
мәдени өсiмдiктер - өсiрілетiн өсiмдiктер;
өсiмдіктер генофондының ұлттық жинағы - мемлекет басқаруындағы өсiмдiктердiң генетикалық ресурстарының жинағы;
ауылшаруашылығы дақылдарының бiрiккен сорттары мен будандары - шарттар, келiсiмдер немесе келiсiм-шарттар шеңберiнде бiрлескен халықаралық селекциялық бағдарламалар негiзiнде құрылған сорттары мен будандары;
бiрлескен экспедициялар - Тараптардың бiреуiнiң аумағында оның мамандары қатысып өткiзiлетiн өсiмдiктердiң генетикалық әртүрлi үлгiлерiн жинау жөнiндегi экспедициялар.
Бап 2. 2-бап
2-бап
Тараптар селекциялық бағдарламаларды iске асыру мақсатында мәдени өсiмдiктердiң генофондын жинау, сақтау зерделеу және пайдалану саласында тең құқықтық өзара пайдалы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Бап 3. 3-бап
3-бап
Тараптардың ынтымақтастығының негiзгі мақсаттары мен мiндеттерi мыналар болып табылады:
мәдени өсiмдiктер мен олардың жабайы тұқымдастарының генетикалық ресурстарымен өзара тиiмдi алмасуды жүзеге асыру;
өсiмдiктер генофондын зерделеу, тиiмдi пайдалану мен сақтау әдiстерiн әзiрлеу жөнiндегі бiрлескен ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыру;
өсiмдiктер генофондының ұлттық жинағын өзара толықтыру үшiн бiрлескен экспедицияларға қатысу;
жеке дақылдар және олардың топтары бойынша бiрлескен жинақтар жасау;
болашағы бар сорттар мен ауыл шаруашылығы дақылдарының гибридтерiн жасау үшiн негiзгi материалды алу мақсатында бiрлескен экологиялық зерттеулер жүргiзу;
СССР-дiң бұрынғы республикаларының генетикалық банктерiнде бiрлесiп жиналған өсiмдiктер генофондының үлгiлерiне өзара тиiмдi кiрудi қамтамасыз ету;
генофондпен, жұмыстың әдiстерi және технологиялармен алмасу негiзiнде өсiмдiктердiң генетикалық ресурстарының ұлттық банктерiн құруға жәрдемдесу;
селекциялық бағдарламаларда өсiмдiктердiң генетикалық ресурстарын жедел пайдалану үшiн ұлттық генофондттар туралы бiрлескен компьютерлiк мәлiметтер базасын құру;
Тараптар арасында өсiмдiктердiң генетикалық ресурстарымен алмасуды жеңiлдету мақсатында Тараптардың заңнамаларын жақындастыру;
шекара арқылы фитосанитарлық бақылауға қойылатын талаптарды ескерiп, генофонд үлгілерiнiң еркiн және бажсыз жүруiне жәрдемдесу;
өсiмдiктердiң генетикалық ресурстарымен жұмыс iстеу үшiн кадрларды дайындау және бiлiктiлiгiн көтеру.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Тараптар мәдени өсiмдiктердiң генетикалық ресурстары жөнiндегi өздерiнiң ұлттық бағдарламалары негiзiнде маңызды ауыл шаруашылық дақылдарын селекциялау бойынша бiрлескен бағдарламаларды әзiрлеудi және iске асыруды жүзеге асырады.
Бап 5. 5-бап
5-бап
Тараптар өсiмдiктер генофондын жинау және пайдаланудың аса маңызды проблемаларын шешу үшiн қажет жағдайда жұмыс топтарын, сондай-ақ бiрлескен бағдарламаларды жүзеге асыру барысында алынған өсiмдiктердi селекциялау саласында жетiстiктердi iске асыру мақсатындағы үкiметтiк емес бiрлестiктер мен кәсiпорындар құрады.
Тараптар олардың аумақтарында шығарылған және мемлекеттiк реестрге
ұсынылған ауыл шаруашылық дақылдарының сорттарын және гибридтерiн
пайдалануға көмек көрсетедi.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Тараптар осы Келiсiмге сәйкес қабылданған мiндеттемелердi орындауға
байланысты шығыстарды дербес жүргiзедi. Бiрлескен iс-шараларды
қаржыландыру мәселелерi әрбiр нақты жағдайда қарастырылады және өзара
келiскен жағдай негiзiнде шешiледi.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Коммерциялық негiзде бiрлескен селекциялық бағдарламалар әзiрлеген
немесе коммерциялық құнды бiрлескен қызмет нәтижелерiн алған жағдайда,
Тараптар оларда өздерiнiң iскер қатысуларын анықтайды немесе арнайы шарт
жасасады.
Бап 8. 8-бап
8-бап
Осы Келiсiмнiң әр қатысушы-мемлекеттерiне өсiмдiктердiң бiрiккен сорттары мен гибридтерiне меншiк құқық оның аумағында осындай құқы туындағанда Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес алынады және жүзеге асырылады.
Бап 9. 9-бап
9-бап
Тараптар тапсыратын Тарап олар құпиялы деп атаған жағдайда осы Келiсiмге сәйкес жүргiзiлетiн жұмыстар туралы алынатын ақпараттың және қол жеткiзген ғылыми-техникалық нәтижелердiң құпиялығын сақтайды. Осындай нәтижелер туралы ақпарат олар тиiстi құқықтық қорғалғаннан кейiн Тараптардың өзара келiсiмдерi бойынша жариялануы мүмкiн. Құпиялылықты
сақтау бойынша мiндеттеме тапсыратын Тараппен анықталатын мерзiмде күшiнде
қалады.
Бап 10. 10-бап
10-бап
Тараптар мәдени дақылдардың генетикалық ресурстарын зерделеуге және
пайдалануға арналған бiрлескен ғалымдардың кездесуiн, симпозиумдары мен
конференцияларын өткiзедi, сондай-ақ ғылыми және практикалық қызығушылық
тудыратын мәселелер туралы арнайы әдебиетпен алмасуды жүзеге асырады.
Бап 11. 11-бап
11-бап
Тараптар ұлттық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының қатысуымен
агроөнеркәсіп кешенiнiң мәселелерi жөнiнде Yкiметаралық кеңестi осы
Келiсiмдi орындау жөнiндегi қызметтi үйлестiрудi жүзеге асыруды уәкiлеттi
етедi.
Бап 12. 12-бап
12-бап
Осы Келiсiмдi iске асыру Тараптар және олардың құзыреттi органдары жасасатын көп жақты және екi жақты келісiмдер негiзiнде, сондай-ақ Тараптардың шаруашылық субъектiлерi жасасатын шарттар (келiсiм-шарттар) негiзiнде жүзеге асырылады.
Бап 13. 13-бап
13-бап
Осы Келiсiм басқа халықаралық келiсiмдер бойынша Тараптардың мiндеттемелерiн қозғамайды және Тараптардың өсiмдiктердiң генетикалық ресурстарын сақтау және пайдалану саласында мемлекеттердiң халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларына қатысуға кедергi жасамайды.
Бап 14. 14-бап
14-бап
Осы Келiсiм осындай қосылу туралы құжаттарды депозитариға тапсыру
арқылы оның мақсаттары мен қағидаттарын бөлiсетiн, басқа мемлекеттердi
қосу үшiн ашылған.
Қосылған мемлекеттер үшiн Келiсiм Тараптардың осындай қосылуға
келiсiмi туралы соңғы ескертудi депазитари алған күннен бастап 30 күн
өткен соң күшiне енедi.
Бап 15. 15-бап
15-бап
Осы Келiсiмге Тараптардың жалпы келiсiмiмен өзгерiстер мен
толықтырулар енгізiлуi мүмкiн.
Өзгерiстер мен толықтырулар осы Келiсiмнiң 17-бабында көзделген
тәртiппен күшiне енетiн жеке хаттамалармен ресiмделедi.
Бап 16. 16-бап
16-бап
Осы Келiсiмдi қолдану және талқылауға байланысты даулы мәселелер
мүдделi Талаптардың кеңесуi және келiсiмдер жолымен шешiледi.
Бап 17. 17-бап
17-бап
Осы Келiсiм оған қол қойған күнiнен бастап, ал олардың заңнамалары
оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк процедураларды орындауды
талап ететiн Тараптар үшiн, депозитариға тиiстi құжаттарды тапсырған
күннен бастап күшiне енедi.
Бап 18. 18-бап
18-бап
Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және Тараптар басқа шешiмдер
қабылдамаған жағдайда автоматты түрде келесi бес жылдық кезеңге ұзартылады.
Бап 19. 19-бап
19-бап
Әр Тарап алты ай бұрын депозитариге осы Келiсiмнен шығу туралы
жазбаша ескерту жiберiп шыға алады.
Минск қаласында 1999 жылғы 4 маусымда бiр тұпнұсқа данада орыс
тiлiнде жасалды. Түпнұсқа дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару
комитетiнде сақталады, ол осы Келiсiмге қол қойған әр мемлекетке оның
куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.
Әзербайжан Республикасының Молдова Республикасының
Yкiметi үшiн Үкіметі үшiн
Армения Республикасының Ресей Федерациясының
Yкiметi үшiн Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Тәжікстан Республикасының
Yкiметi үшiн Үкіметі үшін
Грузия Yкiметi үшiн Түрікменстан Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Yкiметi үшiн Үкіметі үшін
Қырғызстан Республикасының Украина Yкiметi үшiн
Yкiметi үшiн
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдени
өсімдіктерінің генетикалық ресурстарын сақтау мен пайдалану
саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге
Әзербайжан Республикасының
Айырықша пікірі
11-баптан басқа.