Об оптимизации отдельных организаций образования Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жекелеген білім беру ұйымдарын оңтайландыру туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық білім беру жүйесін одан әрі оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Павлодар қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. 1-тармаққа сәйкес қайта аталатын мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және бекітілген штат санының лимиті шегінде жүргізіледі деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы» мемлекеттік мекемесі таратылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «1. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 11-1, 16-2-жолдармен толықтырылсын: «11-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясы.»; «16-2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін оқу орталығы (Павлодар қаласы).»; реттік нөмірі 27-жол алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық бөлімшелерінің және оның қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «2. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде: реттік нөмірлері 1, 2-жолдар алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде: 2-бөлімде: мына: « Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ІІМ Ал­ма­ты ака­де­ми­я­сы 630 »; деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ІІМ Ал­ма­ты ака­де­ми­я­сы 595 мына: « Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы  Бә­рім­бек Бей­се­нов атын­да­ғы Қа­ра­ған­ды ака­де­ми­я­сы 467 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ІІМ Бә­рім­бек Бей­се­нов атын­да­ғы Қа­ра­ған­ды ака­де­ми­я­сы 473 »; мына: « Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі Қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі ко­ми­те­ті­нің ака­де­ми­я­сы 255 деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ІІМ Қо­ста­най ака­де­ми­я­сы 300 »; мына: « Ақ­тө­бе заң ин­сти­ту­ты 215 »; деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ІІМ Ақ­тө­бе заң ин­сти­тут­ты 234 »; мына: « Пав­ло­дар заң кол­ле­джі 185 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын « Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ІІМ Оқу ор­та­лы­ғы (Пав­ло­дар қа­ла­сы) 100 »; мына: Оқу ор­та­лы­ғы (Се­мей қа­ла­сы 98 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ІІМ Оқу ор­та­лы­ғы (Се­мей қа­ла­сы) 91 »; мына: « Оқу ор­та­лы­ғы (Шым­кент қа­ла­сы) 115 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ІІМ Оқу ор­та­лы­ғы (Шым­кент қа­ла­сы) 91 »; мына: « Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кү­зет бө­лім­ше­ле­рі 15432 » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған кү­зет бө­лі­ні­сте­рі 15519 »;
Тармақша 3
3) қызмет бабында пайдалану үшін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) қайта аталатын мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының әділет органдарында қайта тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.