Об установлении зон санитарной охраны Узункольского централизованного хозяйственно-питьевого водозабора в Узункольском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұзынкөл ауданындағы Ұзынкөл орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Ұзынкөл ауданындағы Ұзынкөл орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры ____________________ Б. Кенжебаев "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы _______________ Г. Оспанбекова "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ бастығы ________________ Қ. Төлеубаев Ұзынкөл ауданының әкімі ______ Т. Ташмағамбетов
Басқа 3. Ұзынкөл ауданындағы Ұзынкөл орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 592 қаулысына қосымша Ұзынкөл ауданындағы Ұзынкөл орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары Су тарту көзінің атауы Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері І - белдеу ІІ - белдеу ІІІ - белдеу Шекарасы Ауданы Шекарасы Ауданы Шекарасы Ауданы № 32, № 33 ұңғымалар Радиусі - әр ұңғыманың айналасында 30 метр 0,3 гектар Ұзындығы - 365 метр Барынша ені - 534 метр 9,7 гектар Ұзындығы - 2736 метр Барынша ені - 1512 метр 413 гектар № 26 ұңғыма Радиусі - әр ұңғыманың айналасында 30 метр 0,3 гектар Ұзындығы - 250 метр Барынша ені - 220 метр 2,7 гектар Ұзындығы - 1111 метр Барынша ені - 1240 метр 137,8 гектар Ескерту: "Ұзынкөл ауданындағы Ұзынкөл орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағының санитарлық-гидрологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Ұзынкөл Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны).