Некоторые вопросы Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің кейбір мәселелері «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
Тармақша 2
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Кәсіпорын қызметінің мәні:
Тармақша 1
1) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функциясы;
Тармақша 2
2) эпизоотиялық мониторинг;
Тармақша 3
3) Сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының ұлттық коллекциясын жүргізу;
Тармақша 4
4) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтары, байқаудан өткізу, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылау;
Тармақша 5
5) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг, референция;
Тармақша 6
6) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік мониторингі болып белгіленсін.
Тармақ 5
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 82 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
Тармақ 2
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
Тармақ 3
3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде: 6-бөлімде: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолдағы «11768» деген сандар «11684» деген сандармен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолдағы «5757» деген сандар «5673» деген сандармен ауыстырылсын; «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық 84» деген жол алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 1090 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 778-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: 1 және 2-бөлімдер мынадай редакцияда жазылсын: «1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. 2. Мемлекеттік мекемелер 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қарашадағы № 1908 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 472-құжат): 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Кәсіпорын қызметінің мәні:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасы болып белгіленсін.».