О Памятной медали в честь презентации столицы Республики Казахстан "Астана" Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы астанасының тұсаукесерi құрметiне арналған "Астана" Естелiк медалi туралы
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуына, Қазақстанның жаңа астанасын абаттандыру мен оның құрылысына елеулi үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында және Астана қаласының Қазақстан Республикасының астанасы ретiндегi ресми тұсаукесерiнiң құрметiне қаулы етемiн:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы астанасының тұсаукесерi құрметiне арналған "Астана" Естелiк медалi тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Мыналар бекiтiлсiн:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы астанасының тұсаукесерi құрметiне арналған "Астана" Естелiк медалi туралы ереже (қоса берiлiп отыр).
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы астанасының тұсаукесерi құрметiне арналған "Астана" Естелiк медалiнiң сипаттамасы (қоса берiлiп отыр).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi Республиканың қажеттiгiне қарай естелiк медальдарды жасап шығару үшiн қаражат бөлсiн.
Тармақ 4
4. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 7. Қазақстан Республикасы астанасының тұсаукесерi құрметiне арналған "Астана" Естелiк медалi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1998 жылғы 2 маусымдағы
N 3963 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы астанасының тұсаукесерi құрметiне арналған "Астана" Естелiк медалi туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы астанасының тұсаукесерi құрметiне арналған "Астана" Естелiк медалiмен (бұдан былай - Естелiк медаль) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуына, Қазақстанның астанасын абаттандыру мен оның құрылысына елеулi үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары наградталады.
Тармақ 2
2. Естелiк медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентiне Үкiмет, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар енгiзедi.
Тармақ 3
3. Естелiк медальдi Қазақстан Республикасының Президентi тапсырады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан және оның тапсыруы бойынша Естелiк медальдi, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы;
Тармақша 2
2) Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi, сондай-ақ Мемлекет басшысы осыған уәкiлдiк берген басқа да лауазымды тұлғалар тапсыра алады.
Тармақ 4
4. Естелiк медальдi тапсыру салтанатты жағдайда және жариялы жүргiзiледi. Ол наградталушының жеке өзiне тапсырылады. Естелiк медаль тапсырылар алдында Қазақстан Республикасы Президентiнiң наградтау туралы Жарлығы жария етiледi.
Тармақ 5
5. Естелiк медаль тапсырылғаны туралы тапсыру хаттамасы (хаттама нысанын президент Әкiмшiлiгi белгiлейдi) жасалып, ол награда тапсырған адамның қойған қолымен, тапсырған органның мөрiмен бекiтiледi, содан кейiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жiберiледi.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы астанасының тұсаукесерi құрметiне арналған "Астана" Естелiк медалi омыраудың сол жағына тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары бар болған жағдайда, Естелiк медаль солардан кейiн орналасады.
Тармақ 7
7. Әрбiр наградталған адамға Естелiк медальдi тапсырумен бiрге медальға куәлiк берiледi, ол тапсыру жасалған жерде толтырылады.
Тармақ 8
8. Жасалған наградтау есебiн, сондай-ақ Естелiк медальдардың тапсырылуы туралы есептiлiктi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi жүргiзедi.
Басқа 18. Қазақстан Республикасы астанасының тұсаукесерi құрметiне арналған "Астана" Естелiк медалiнiң сипаттамасы
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1998 жылғы 2 маусымдағы
N 3963 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы астанасының тұсаукесерi құрметiне арналған "Астана" Естелiк медалiнiң сипаттамасы
Қазақстан Республикасы астанасының тұсаукесерi құрметiне арналған "Астана" Естелiк медалi диаметрi 34 мм болатын шеңбер пiшiндес нысанды болып келедi. Медалдiң бет жағында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясы бейнеленген. Оның аясында сол жақта Қазақстан Республикасы Парламентiнiң үйi, оң жағында - биiк ғимарат сұлбасы бар. Естелiк медальдiң жоғарғы жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туындағы күннiң бiр үзiгi, күннiң астында "Қазақстан" жазуы бедерленген. Медальдiң төменгi жағында түрiк өрнегiндегi шрифтпен орындалған "Астана" жазуы бар. Жазудың астында ұлттық ою кескiленген.
Медальдiң сыртқы бетiнде орта шенде мифологиялық қанатты барыс бейнеленген. Оның астында "1998" деген дата ойылып жазылған. Айнала жиегiнде жұлдызшалармен бөлiнген "СТОЛИЦА", "АСТАНА", "CAPITAL" жазулары орналасқан.
Медаль томпактан жасалған.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы бесбұрыш нысанындағы тағанмен ұштасады. Тағанның биiктiгi - 50 мм, ең үлкен енi - 50 мм. тағанның төменгi сол жағы - қызыл түстi, жоғарғы оң жағы - Қазақстан Республикасының туымен түстес таспамен көмкерiлген.