О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының кейбiр нормативтiк құқықтық кесiмдерiне өзгерiстер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 27.12.2004 N 373 (ҚР Үкіметінің 04.03.1997 N 293 қаулысы күшін жойды деп танылған күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) нормативтiк құқықтық кесiмдерiн "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы заңына сәйкес келтiру мақсатында Ұлттық комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. "Инвестициялық қорлардың қызметiн лицензиялаудың, бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың уақытша ережелерiн және Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтердi есептеудiң және қолданудың тәртiбi туралы уақытша нұсқаулығын бекiту туралы" Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 12 маусымдағы N 7 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1998 ж., II том, 199-бет; "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 2000 ж., 2(3), 12-13-беттер):
Тармақша 1
1) қаулының аты мынадай редакцияда жазылсын: "Бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтiң субъектiсi ретiнде инвестициялық қорлардың қызметiн лицензиялау қағидаларын, Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау қағидаларын, Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтердi есептеудiң және қолданудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы";
Тармақша 2
2) қаулының кiрiспесi "(бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады)" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 3
3) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтiң субъектiсi ретiнде инвестициялық қорлардың қызметiн лицензиялау қағидалары, Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегі қызметтi лицензиялау қағидалары, Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтердi есептеудiң және қолданудың тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн (қоса берiлдi).";
Тармақша 4
4) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Жоғарыда аталған Қағидалардың және Нұсқаулықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгіленсiн.";
Тармақша 5
5) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы жоғарыда аталған Қағидалардың және Нұсқаулықтың орындалысына бақылау жасасын.";
Тармақша 6
6) аталған қаулымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 29 маусымда 529-нөмiрмен тiркелген Инвестициялық қорлардың қызметiн лицензиялаудың уақытша қағидаларында (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1998 ж., II том, 200-204-беттер; "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 2000 ж., 2(3) 12-13-беттер): туынды нормативтiк құқықтық кесiмнiң аты мынадай редакцияда жазылсын: "Бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтiң субъектiсi ретiнде инвестициялық қорлардың қызметiн лицензиялау қағидалары"; кiрiспеде: "инвестициялық қорлардың" деген сөздердiң алдында "бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтiң субъектiсi ретiнде" деген сөздермен толықтырылсын; "Республикасында" деген сөз "Республикасының" деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақ "инвестициялық қорлардың" деген сөздердiң алдында "бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтiң субъектiсi ретiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 7
7) аталған қаулымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 29 маусымда 528-нөмiрмен тiркелген Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың уақытша қағидаларында (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегі нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1998 ж., II том, 142-146-беттер; "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 2000 ж., 2(3), 12-бет): туынды нормативтiк құқықтық кесiмнiң атындағы "Уақытша" сөзi алып тасталсын;
Тармақша 8
8) аталған қаулымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде 1998 жылғы 29 маусымда 530-нөмiрмен тiркелген Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтердi есептеудiң және қолданудың тәртiбi туралы уақытша нұсқаулығында (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегі нормативтiк құқықтық актiлер жинағы, 1998 ж., II том, 147-148-беттер;): туынды нормативтiк құқықтық кесiмнiң атындағы "Уақытша" сөзi алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгі белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегі мiндеттi жүктей отырып) және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгінiң назарына жеткiзсiн.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппараты Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi осы Қаулыны бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтiң субъектiсi ретiнде инвестициялық қорлардың қызметтi, бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың назарына жеткiзсiн.
Тармақ 5
5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.