Об оказании адресной социальной помощи малообеспеченным, одиноко проживающим гражданам на проезд на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) Күшін жойған
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген, жалғыз басты азаматтарға қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүруге атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.03.14 N 23ө өкімімен.
Облыстық 2000-2002 жылдарға арналған кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу жөніндегі бағдарламасын орындау үшін және зейнетақысы немесе әлеуметтік жәрдемақысы отбасының жалғыз ғана кіріск көзі болып табылатын және 3500 теңгеден аспайтын аз қамтамасыз етілген және жалғыз ьасты азаматтарға атаулы көмек көрсету мақсатында:
Тармақ 1
1. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап қала ішіндегі қоғамдық автокөлікте жүріп – тұруға (таксиден басқа) зейнетақысы және жәрдемақысы отбасының тек қана жалғыз басты азаматтарға жеңілдетілген жол ақысы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мөлшері 2000 жылға айына 500 теңге болып бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аз қамтамасыз етілген және жалғыз басты азаматтарға қала ішіндегі қоғамдық автокөлікте (таксиден басқа) жүріп – тұруға атаулы әлеуметтік көрсетудің Ережесі (N1 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (А.Е. Әбілаев):
-еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің Халықтық банк филиалдарымен агенттік келісім жасауын қамтамасыз етсін:
-автокөлік кәсіпорындарымен бірлесе отырып, әлеуметтік көмек алатын тұлғаларға жылдық жол жұру билеттерін уақытында беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қалалар және аудандар әкімдері осы Ережеге сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Х.Б. Қабжановқа жүктелсін.
Басқа 1. Аз қамтамасыз етілген, жалғыз басты азаматтарға қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүруге атаулы әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Облыс әкімінің
2000 жылғы 23.08.
N 146 шешіміне N 1 қосымша
Аз қамтамасыз етілген, жалғыз басты азаматтарға қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүруге атаулы әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Ереже 3500 теңгеге дейінгі (қоса алғанда) мөлшерде зейнетақы және әлеуметтік көмек алатын азматтарға атаулы әлеуметтік көмек алуға құқық беретін облыстың 2000-2002 жылға арналған кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу жөніндегі бағдарламасына сәйкес әзірленген.
Тармақ ii. II. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету ережесі
II. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету ережесі
Тармақша 2.1
2.1. Азаматтар еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөліміне жол ақысына атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініш тапсырады және 190 үлгідегі банк тапсырмасын толтырады.
Тармақша 2.2
2.2. Зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушыларға жол ақысын төлеуге арналған атаулы әлеуметтік көмек сомасын салымдарға есептеу және есептен шығару азаматтардың өтініші бойынша жүргізіледі.
Тармақша 2.3
2.3. Өтініште мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі облыстық филиалының (МЗТО) ай сайын беретін мәліметтер базасына сәйкес жеке есеп шот нөмірі және зейнетақының немесе әлеуметтік жәрдемақының жалпы мөлшері көрсетіледі.
Тармақша 2.4
2.4. Еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімі өтініш берген азаматтар тізімін құрайды және жол ақы төлеуге арналған әлеуметтік көмек сұрасысын қалыптастыру үшін облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту әлеуметтік қорғау басқармасына тапсырады.
Тармақша 2.5
2.5. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы үсынылған тізім негізінде МЗТО облыстық филиалының төлеу базасына сәйкес салыстыру жүргізеді.
Тармақша 2.6
2.6. Тізім көшірмесі (қажет болған жағдайда) автокөлік кәсіпорнына жіберледі.
Тармақша 2.7
2.7. Автокөлік кәсіпорындары ұсынылған тізімдер негізінде билеттерді қолдан жасауға және жалған билет жасаудан сәйкес қорғалған атаулы жеңілдікпен жүруге арналған арнайы билеттерді дайындауды және жеткізіп беруді қамтамасыз етеді.
Тармақша 2.8
2.8. Автокөлік кәсіпорындары жолда жүру билеттерін аз қамтамасыз етілген азаматтарды ведомостқа сәйкес билеттермен қамтамасыз ететін еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдеріне береді.
Тармақша 2.9
2.9. Облыстық қаржы басқармасы еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің сұранысы негізінде соңғысы атаулы әлеуметтік көмек сомасын аз қамтамасыз етілген азаматтардың есеп шотына аударады.
Тармақ iii. III. Қаржыландыру көздері
III. Қаржыландыру көздері
Тармақша 3.1
3.1. Жолда жүруге арналған атаулы әлеуметтік көмек жергілікті бюджет, сондай- ақ автокөлік кәсіпорындарының қайырымдылық көмектері есебінен (атаулы әлеуметтік көмектің жалпы сомасы бір адамға 500 теңгені құрайды) қаржыландырылады.
Тармақша 3.2
3.2. Жолда жүруге арналған атаулы әлеуметтік көмек сомасын аз қамтамасыз етілген азаматтар салымдарына есептеу мен есептен шығару еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Халықтық банк филиалы арасында жасалған агенттік келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ iv. IV. Жолда жүру билеттерімен қатмамасыз ету
IV. Жолда жүру билеттерімен қатмамасыз ету
Тармақша 4.1
4.1. Жолда жүру билеттері зейнетақысы немесе әлеуметтік жәрдемақысы 3500 теңгеден аспайтын атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берген тұлғаның атына беріледі.
Тармақша 4.2
4.2. Еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері автокөлік кәсіпорындарына және Халықтық банк филиалына ай сайын атаулы әлеуметтік көмекғ алушылар санынан қайтыс болған немесе шығын кеткен тұлғалардың тізімін береді.
Тармақша 4.3
4.3. Халықтық банк филиалы 4.2. тармақта көрсетілген ұсынылған тізім негізінде зейнеткерлер салымдарындағы атаулы әлеуметтік көмек сомаларын есептен шығаруын тоқтатады және сәйкес еңбек және жеке басының куәлігін көрсеткен жағдайда жарамды болып табылады.
Тармақ v. V. Есеп жүргізу, бақылау және есеп беру
V. Есеп жүргізу, бақылау және есеп беру
Тармақша 5.1
5.1. Жолда жүруге атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде есеп жүргізу, бақылау және есеп беру еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдеріне жүктеледі.
Тармақша 5.2
5.2. Еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері ай сайын облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек туралы мәліметтер тапсырады.