Об установлении зон санитарной охраны Аятского и Зааятского централизованных хозяйственно-питьевых водозаборов подземных вод на территории Денисовского района Күшін жойған
Басқа 0
Денисов ауданының аумағындағы жер асты сулары Әйет және Заәйет орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуларының санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Денисов ауданының аумағындағы жер асты сулары Әйет және Заәйет орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуларының санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік мекемесінің
директоры _____________ Б. Кенжебаев
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және
қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Г. Оспанбекова
Басқа 3. Денисов ауданының аумағындағы жер асты сулары Әйет және Заәйет орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуларының санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің
2013 жылғы 4 қаңтардағы
№ 3 қаулысына
қосымша
Денисов ауданының аумағындағы жер асты сулары Әйет және Заәйет орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуларының санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту
көзінің
атауы
Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері
І-белдеу
ІІ-белдеу
ІІІ-белдеу
Шекарасы
Ауданы
Шекарасы
Ауданы
Шекарасы
Ауданы
№ 09107
(1-56),
№ 09108
(2-86)
ұңғымалар
Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасында
50 метр
1,57
гектар
Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасында
230 метр
33,22
гектар
Радиусі -
әр ұңғыманың
айналасында
1802 метр
1020
гектар
Ескерту: "Жер асты суларының Әйет және Заәйет орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуларының санитарлық қорғау аймағының санитарлық-гидрологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Денисов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі).