О мерах по организации погашения кредиторской задолженности Күшін жойған
Басқа 0
Несие қарыздарды өтеуді ұйымдастыру
жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік ұйымдардың несиелік қарыздарын облыстық мәслихат сессиясының 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 2-2 шешіміне сәйкес шаруашылық субъектілерінің жергілікті бюджетке төлемдер жөніндегі қарыздарын өтеу есебінен есеп айырысуды жүргізу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 2000 жылға жергілікті бюджетке несие қарыздарды өтеудің тәртібі туралы Ереже бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілсін (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Кредиттік қарыздарды өтеуге байланысты мәселелерді қарау жөніндегі комиссия N 2 қосымшадағыға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов), облыстық қазынашылық басқармасы (Соболева), облыстық салық комитеті (Әбдірахманов), аудандардың және Орал қаласының әкімдері жергілікті бюджеттен қаржылынадырылатын мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың несие қарызын өтеу жөніндегі өзара есеп айырысуды жүргізген кезде аталған Ережені басшылыққа алатын болсын. 4. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық қаржы басқармасына жүктелсін.
Басқа 4. 2000 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТКЕ КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТІ ӨТЕУДІҢ ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Қаржы министрлігінің Әкімінің
2000 жылғы 6 маусымдағы 2000 жылғы 6 мамырдағы
N 271 бұйрығымен N 96 шешімімен
келісілген бекітілген
2000 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТКЕ КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТІ ӨТЕУДІҢ ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Осы Ереже "2000 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 2-2 шешіміне сәйкес әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 15 мамырдағы N 217 бұйрығымен бекітілген "Жылдық, тоқсандық бухгалтерлік есептің көлемі мен нысандары туралы нұсқаулық" бойынша айқындалған тәртіппен есеп беретін мемлекеттік мекемелерде қолданылады.
Тармақ 1
1. Осы Ереже мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) жеткізушілер алдында 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шығыстар сметасының атқарылу балансында көрсетілген жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын міндеттемелер бойынша тиісті жергілікті бюджетке төленетін төлемдердің шаруашылық жүргізуші субъектілердің берешектерін өтеу есебінен өткен жылдары пайда болған кредиторлық берешектерді өтеудің тәртібін реттейді.
Кредиторлық берешекті өтеуді:
тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушiлер алдында, оның iшiнде 1999 жылғы мемлекеттiк тапсырысты атқарушылар (бұдан әрi – мемлекеттiк мекемелер) алдында жергiлiктi атқарушы органдар (жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi);
тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жеткiзушiлер алдында атқарушы органдарға (жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне) ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер (бұдан әрi – мемлекеттiк мекемелер) жүзеге асыруы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеу "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында, сондай-ақ кредиторлық берешектiң, бiрақ 2000 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақталған, осы мақсаттар үшiн 2000 жылға арналып жергiлiктi бюджетте көзделген сома шегiнде салық төлеушiнiң дербес шоты бойынша көрсетiлген мұндай берешектiң сомасынан артпайтын, бар-жоғы туралы анықтаманы салық органдарының растауы сәтiндегi қалыптасқан, облыстық мәслихаттың шешiмiне сәйкес облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасында қолданылатын салықтарды және басқа да мiндеттi төлемдердi қоспағанда, негiзгi борышты, өсiмдi және айыппұлды қоса алғанда жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша (бұдан әрi - жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша) шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң берешектерiн өтеу есебiнен жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешектi өтеудi ресми банкрот болып жарияланбаған немесе:
мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) тiкелей жеткiзушiлер;
мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) тiкелей жеткiзушiсінiң кейiнгi жеткiзушiсiнiң бiрi (бұдан әрi - Жеткiзушiлер) болып табылатын таратудың сот рәсiмiн жүргiзу туралы олар бойынша шешiм қабылданбаған шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жүзеге асыруы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жеткiзушiлер алдындағы кредиторлық берешегiн өтеуге байланысты мәселелердi реттеу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында облыс (аудан, қала) әкiмi Кредиторлық берешектi өтеуге байланысты мәселелердi қарау жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрады. Комиссия консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Комиссия мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешектерiн өтеудiң кезегi және басымдылығы туралы ұсыныстарды әзiрлеуге құқылы.
Комиссияның жалпы құрамының басым бөлiгi оған қатысса Комиссияның отырысы өткiзiлуi мүмкiн.
Комиссияның шешiмi ашық дауыспен қабылданады және егер Комиссия мүшелерiнiң басым бөлiгi оған дауыс берсе қабылданған болып саналады. Дауыс тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
Өткiзiлген Комиссия отырыстарының нәтижелерi бойынша оның отырысқа қатысқан мүшелерi қол қойған хаттама жасалады.
Жұмыс және консультация үшiн белгiленген тәртiппен консультанттарды, сарапшыларды және мемлекеттiк органдардың қызметшiлерiн шақыруға Комиссия құқылы.
Кредиторлық берешектiң қарастырылатын сызбасы туралы жиынтық ақпаратты Комиссияға ұсынуды және Комиссияның келiсiмi бойынша оның отырысын өткiзу күнi мен уақытын айқындайтын жұмыс органы облыстың (қаланың, ауданның) жергiлiктi қаржы органы (бұдан әрi - жергiлiктi қаржы орган) болып табылады.
Тарау 2. 2. Мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн тiркеу тәртiбi
2. Мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн тiркеу тәртiбi
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеме әрбiр тiкелей жеткiзушiмен жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен орындалатын мiндеттемелер бойынша жинақталған өзiнiң кредиторлық берешегiнiң салыстыру актiсiн жасайды. Ұсынылған актiлер бойынша кредиторлық берешектiң жалпы сомасы мемлекеттiк мекеменiң 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жылдық бухгалтерлiк есептемеде көрсетiлген кредиторлық берешектiң сомасынан аспауы тиiс. Кредиторлық берешектi салыстыру актiлерiнiң түпнұсқаларын мемлекеттiк мекеме бес данада жергiлiктi қаржы органдарына ұсынады.
Тармақ 6
6. Салыстыру актiлерi деректерiнiң негiзiнде жергiлiктi қаржы органдары әрбiр мемлекеттiк мекеме жөнiнде N 1 нысан бойынша 2000 жылғы 1 қаңтардағы кредиторлық берешектiң бар-жоғы туралы барлық актiлерге жылдық бухгалтерлiк есептiң деректерiмен және бастапқы есеппен салыстырғаннан кейiн жергiлiктi қаржы органының және мемлекеттiк мекеменiң басшылары қол қойып, тиiстi мөрлермен бекiтетiн анықтаманы жасайды. Бiр тiкелей жеткiзушiге бiр анықтама берiледi. Анықтамалар номерi 2 нысан бойынша кредиттiк берешектердiң бары туралы анықтамаларды тiркейтiн журналға бiр номер астына тiркеледi, ол номерленедi, жiп өткiзiлiп тiгiледi және оған жақсы көрiнетiндей мөр басылады. Журналдың беттер саны жергiлiктi қаржы органы басшысының қолымен куәландырады. Анықтаманың нөмiрi журналдағы тәртiп бойынша қойылады.
Бұдан басқа, анықтамада салық органдарының анықтамасы бойынша облыстың, қаланың, ауданның екi таңбалы салықтық коды, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң анықтамасы бойынша мемлекеттiк мекеменiң жетi таңбалы коды, тiкелей жеткiзушiнiң реттiк нөмiрi қойылады. Бұл кодтар тiркеудiң арнаулы кодын қалыптастырады (тоғыз таңбалы код/тiкелей жеткiзушiнiң реттiк нөмiрi).
Тармақ 7
7. Кредиторлық берешектiң сомасын растайтын анықтаманың бiр данасы, салыстыру актiлерiнiң бiр данасы жергiлiктi қаржы органында қалдырылады және әрбiр мемлекеттiк мекеме бойынша арнайы жүргiзiлген iс-қағазда сақталады. Жергiлiктi қаржы органының жауапты атқарушысы анықтаманы үш данада және қалған салыстыру актiлерiнiң төрт данасын кредиторлық берешектiң тiркелгендiгiн растайтын, жергiлiктi қаржы органының мөртаңбасын актiлерге алдын ала қойып мемлекеттiк мекемеге жiбередi.
Тарау 3. 3. Кредиторлық берешектi өтеу үшiн мемлекеттiк мекеменiң құжаттарды әзiрлеуi және ұсынуы
3. Кредиторлық берешектi өтеу үшiн мемлекеттiк мекеменiң құжаттарды әзiрлеуi және ұсынуы
Тармақ 8
8. Мемлекеттiк мекеме тiкелей жеткiзушiден жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша олардың кредиторлық берешектерi туралы сұрап алады.
Тармақ 9
9. Жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегi бар тiкелей жеткiзушi кредиторлық берешегi туралы анықтаманы тiркелген жерi бойынша аумақтық салық органынан сұрап алады. Салық органы негiзгi борыштың, өсiмнiң және айыппұлдың әр түрi бойынша бес данада: 1 – тiкелей жеткiзушiге (Жеткiзушiге); 2 - мемлекеттiк мекемеге; 3 - жергiлiктi қаржы органына; 4 - жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне; 5 – салық органына көрсете отырып N 3 нысан бойынша жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдердiң олардағы түрлерiн көрсетiп кредиторлық берешектiң бар-жоғы туралы анықтаманы әзiрлейдi.
Егер жеткiзушi жеке шоты бойынша салық органында берешегi жоқ, бiрақ бұл орайда оның бөлiмшелерiнде сол бюджетке кредиторлық берешегi бар заңды тұлға болып табылатын жағдайда, кредиторлық берешектi өтеу сызбасына бөлiмшелердiң орналасқан жерi бойынша салық органдарының деректерi бойынша берешектiң жалпы сомасын көрсете отырып, заңды тұлға енгiзiледi. Бұл ретте, сызбада берешегi берешектi өтеу сызбасына енгiзiлген барлық бөлiмшелер аталып көрсетiледi.
Тармақ 10
10. Салық органы жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер жөнiнде N 4 нысан бойынша кредиторлық берешектiң бар-жоғы туралы анықтаманың нөмiрленген, қайымдалған және майлы мөрмен мөрленген тiркеу журналын жүргiзедi. Журналдағы беттердiң саны салық органы басшысының қолымен расталады. Анықтамада мемлекеттiк мекеменiң атауын көрсете отырып, мiндеттi түрде "Мемлекеттiк мекеменiң кредиторлық берешегiн өтеу үшiн" деген белгi қойылады.
Егер тiкелей жеткiзушiден жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектiң бар-жоғы туралы анықтаманы бiр мезгiлде бiрнеше мемлекеттiк мекеме сұраса салық органы әрбiр мемлекеттiк мекеме үшiн бөлек-бөлек әртүрлi нөмiрлермен анықтама бередi.
Тармақ 11
11. Тiкелей жеткiзушiнiң жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегi болмаған жағдайда, сондай-ақ егер мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегi жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша тiкелей жеткiзушiнiң берешек сомасынан асып түсетiн болса, тiкелей жеткiзушi Жеткiзушiлерден, сондай-ақ оның алдында берешегi бар кейiнгi Жеткiзушiлерден олардың жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша, 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредиторлық берешегi бар-жоғы туралы ақпаратты сұрайды. Жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегi бар Жеткiзушiлер тiкелей жеткiзушiге осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес аумақтық салық органдарының анықтамасын ұсынады.
Тармақ 12
12. Тiкелей жеткiзушiнiң және Жеткiзушiнiң басшысы мен бас бухгалтерi қол қойған бес данада тiкелей жеткiзушi Жеткiзушiмен кредиторлық берешектiң салыстыру актiсiн жасасады. Әрбiр салыстыру актiсi және салық органының анықтамасы мемлекеттiк мекемеге жiберiледi. 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеткiзушiлердiң арасындағы кредиторлық берешек болмаған жағдайда ағымдағы жылдың басынан берi пайда болған кредиторлық берешектер бойынша осы жеткiзушiлер арасындағы салыстыру актiсiн жасауға рұқсат етiледi.
Тармақ 13
13. Мемлекеттiк мекеме тiкелей жеткiзушi мен Жеткiзушiнiң кредиторлық берешектiң бар-жоғы туралы тiркеу орны бойынша салық органдарының анықтамаларында көрсетiлген соманы салыстыру актiлерiнде көрсетiлген сомамен және өзiнiң кредиторлық берешегiнiң сомасымен салыстырады және осы Ереженiң IV бөлiмiне сәйкес тәртiппен төрт данада N 5 нысан бойынша кредиторлық берешектi өтеу сызбасын жасайды.
Тармақ 14
14. Мемлекеттiк мекеме кредиторлық берешектi өтеу сызбасының, тiкелей жеткiзушi мен оның Жеткiзушiлерiнiң арасындағы кредиторлық берешектi салыстыру актiсiнiң барлық даналарын және жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша тiкелей жеткiзушiнiң, Жеткiзушiнiң кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы анықтаманың бiр-бiр данасын тiркеу үшiн жергiлiктi қаржы органына жiбередi.
Мемлекеттiк мекеме тiкелей берушiге құжаттардың алынғандығы және оның Жеткiзушiлердiң өтеу сызбасына енгiзiлгендiгi туралы жазбаша хабарлайды. Тiкелей жеткiзушi мемлекеттiк мекеменiң жазбаша хабарламасын өзi тiркелген және өтеу сызбасына қатысушы Жеткiзушiлердiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына жiбередi.
Тармақ 15
15. Жергiлiктi қаржы органы жеткiзушiлердiң кредиторлық берешектерiнiң салыстыру актiлерiне өздерiнiң бұрыштамаларын соғады, осы Ереженiң 27-тармағында көрсетiлген кредиторлық берешектердi өтеудiң сызбасына қосымша қажеттi құжаттардың бар-жоғын тексередi.
Кредиторлық берешектердi өтеудiң сызбасы N 6 нысан бойынша кредиторлық берешектердi өтеу сызбасын тiркеу журналында тiркеледi.
Тармақ 16
16. Қазынашылықтың аумақтық органдары есеп айрысулар жүргiзу үшiн мынадай шоттарды:
2000 жылы жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң анықтамалары негiзiнде ашылған мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк шоттарын және Қаржы министрлiгiнiң 1996 жылғы 2 желтоқсандағы N 264 бұйрығымен бекiтiлген, қаражатты жұмсауға арналған лимиттердi белгiлеу арқылы Жергiлiктi бюджеттерде тұратын бюджеттiк ұйымдарды қаржыландыру жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес олардың орналасқан жерi бойынша 1 МБР, 1 МБЗ нысаны бойынша жергiлiктi қаржы органдарының рұқсаттарын;
кредиторлық берешектi өтеу сызбасының негiзiнде тiкелей жеткiзушi мен Жеткiзушiлердiң орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарында кредиторлық берешектi өтеу сызбасына енгiзiлген тiкелей жеткiзушi мен Жеткiзушiлерге жұмсау құқығынсыз ағымдағы (уақытша) шоттарды пайдаланады.
Ағымдағы (уақытша) шоттар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 4 наурыздағы N 61 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк шоттарын ашудың, жүргiзудiң және жабудың тәртiбi туралы" нұсқаулығының талаптарына сәйкес ресiмделген қолдардың мiндеттi түрде ұсынылған үлгiлерiмен ашылады.
Банкрот деп жарияланған немесе таратудың соттан тыс рәсiмi жүргiзiлiп жатқан шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн ағымдағы (уақытша) шоттар ашылмайды.
Кредиторлық берешектi өтеу туралы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi негiзiнде ағымдағы (уақытша) шоттар ашқан Қазынашылықтың аумақтық органдары мемлекеттiк мекемеге қызмет көрсетiлетiн Қазынашылықтың аумақтық органдарына осы шоттардың ашылғандығы туралы хабарлайды.
Тармақ 17
17. Мемлекеттiк мекеме жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне екi данада:
белгiленген тәртiппен жасалған және тiркелген кредиторлық берешектi өтеу сызбасын;
осы Ереженiң 27-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
Қажет болған жағдайда жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттiк мекемеден қосымша құжаттарды талап етуге құқығы бар.
Тармақ 18
18. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi ұсынылған сызбалар мен құжаттардың бар-жоғын, растығын және сәйкестiгiн тексередi, N 7 нысан бойынша кредиторлық берешектi өтеуге қатысатын мемлекеттiк мекемелердiң тiзiлiмiн жасайды және сызбалардың және осы Ереженiң 27-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiр-бiр данасын жергiлiктi қаржы органының қарауы үшiн жiбередi.
Тарау 4. 4. Кредиторлық берешектi өтеудiң сызбаларын жасаудың тәртiбi
4. Кредиторлық берешектi өтеудiң сызбаларын жасаудың тәртiбi
Тармақ 19
19. Жеткiзушiлердiң жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы салық органдарының анықтамаларын алғаннан кейiн мемлекеттiк мекеме оларды өздерiнiң тiкелей жеткiзушiнiң алдындағы кредиторлық берешегiнiң сомасымен салыстырады және сызбаға кiргiзу үшiн берешектiң сомасын айқындайды.
Сызба тiкелей жеткiзушi мен Жеткiзушiлердiң берешектерiнiң сомасына, бiрақ мемлекеттiк мекеменiң тиiстi тiкелей берушi алдындағы кредиторлық берешегiнiң сомасынан аспайтын сомаға жасалады.
Тармақ 20
20. Сызба әрбiр тiкелей жеткiзушiге жасалады. Тiкелей жеткiзушi жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегi болмаған жағдайда есептемеге қатысатын барлық Жеткiзушiлер сызбада көрсетiледi.
Заңды тұлғалар бөлiмшелерiнiң кредиторлық берешегiн өтеу сызбасына қатысқан жағдайда N 5 нысанның 7, 8, 9-бағандарында заңды тұлғаға және бөлiмшелерге берiлген салық органдарының анықтамалары бойынша жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектiң жалпы сомасы көрсетiледi, сондай-ақ берешек сомасы көрсетiле отырып, барлық бөлiмшелер жол-жолымен атап көрсетiледi.
Тармақ 21
21. N 5 нысанның 1-бағанында олар бойынша тiкелей жеткiзушiнiң алдында кредиторлық берешегi бар экономикалық сыныптаманың ерекшелiктерi, 2-бағанында - әр ерекшелiк бойынша кредиторлық берешектiң сомасы көрсетiледi. Тiкелей жеткiзушiнiң жергiлiктi бюджеттiң алдындағы берешегi 7-бағанда тiкелей берушiнiң атауы, орналасқан жерi және СТТН-i мен 8-бағанда жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегi бар кiрiстердiң кодтары көрсетiле отырып 9-бағанда көрсетiледi.
Тармақ 22
22. Егер тiкелей жеткiзушiнiң жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегi болмаған және басқа Жеткiзушiнiң де берешегi болмаған жағдайда тiкелей жеткiзушiнiң аталған Жеткiзушiнiң (2-жеткiзушiнiң) алдындағы өтеу сомасына кредиторлық берешегi 4-бағанда көрсетiледi. 3-бағанда тiкелей жеткiзушiнiң атауы, орналасқан жерi және СТТН-i көрсетiледi.
Тармақ 23
23. Егер, өз кезегiнде 2-жеткiзушiнiң жергiлiктi бюджеттiң алдында кредиторлық берешегi болмаса, бiрақ өз кезегiнде, жергiлiктi бюджеттiң алдында кредиторлық берешегi бар 3-жеткiзушiнiң алдында кредиторлық берешегi бар болса, 2-жеткiзушiнiң 3-жеткiзушiнiң алдындағы өтеу сомасына кредиторлық берешегi 6-бағанда көрсетiледi. 5-бағанда 2-жеткiзушiнiң атауы, орналасқан жерi және СТТН-i көрсетiледi.
Тармақ 24
24. Жеткiзушiлердiң саны көбейген жағдайда, жергiлiктi бюджеттiң алдында кредиторлық берешегi жоқ 2-жеткiзушiден бастап барлық жеткiзушiлердiң 6-бағандағы өтеу сомасы көрсетiле отырып 5-бағанда жеке жолдарда көрсетiледi
Тармақ 25
25. Жеткiзушiлердiң жергiлiктi бюджеттiң алдындағы кредиторлық берешегi 7-бағанда салық төлеушiнiң атауы, орналасқан жерi және СТТН-i мен 8-бағанда ол бойынша жергiлiктi бюджеттiң алдындағы кредиторлық берешегi бар кiрiстердiң кодтары көрсетiле отырып 9-бағанда көрсетiледi.
Тармақ 26
26. 2 және 9-бағандардың сомасы жолма-жол тең болуы тиiс және мемлекеттiк мекеменiң жергiлiктi қаржы органдарында тiркелген тiкелей жеткiзушiнiң алдындағы және соңғы жеткiзушiнiң салық органының анықтамасында көрсетiлген жергiлiктi бюджеттiң алдындағы кредиторлық берешектерiнiң сомасынан аспауы тиiс.
Тармақ 27
27. Сызбаға мынадай құжаттар:
нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiле отырып, жеткiзушiлердiң жергiлiктi бюджеттiң алдында кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы салық органдарының анықтамалары;
нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiле отырып, мемлекеттiк мекеменiң тiкелей жеткiзушiнiң алдындағы кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы жергiлiктi қаржы органының анықтамалары;
жергiлiктi қаржы органының нөмiрлерi, қол қойылған күндерi және мөртаңбалары көрсетiле отырып жеткiзушiлердiң кредиторлық берешектерiнiң салыстыру актiсi қоса берiледi.
Тармақ 28
28. Кредиторлық берешектi өтеудiң сызбасына мемлекеттiк мекеменiң және тiкелей жеткiзушiнiң, есеп айырысуға енгiзiлген басқа да Жеткiзушiлердің басшылары қол қояды, мемлекеттiк мекеменiң кредиторлық берешектерiнiң бар-жоғы туралы анықтама тiркелген жергiлiктi қаржы органында тiркеледi.
Тармақ 29
29. Жергiлiктi қаржы органы тиiстi кредиторлық берешектердi тiркеудiң арнайы кодымен сызбаға нөмiр бередi (Жеткiзушiнiң тоғыз мәндi таңбалы коды/реттiк нөмiрi), мөрмен бекiтедi.
Тарау 5. 5. Кредиторлық берешектi өтеу жөнiндегi есеп айырысуларды жүргiзудiң тәртiбi
5. Кредиторлық берешектi өтеу жөнiндегi есеп айырысуларды жүргiзудiң тәртiбi
Тармақ 30
30. Жергiлiктi қаржы органдары ұсынылған құжаттарды қарайды, қажет болған жағдайда жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiнен және мемлекеттiк мекемелерден сұрап алады, ал негiздеме жеткiлiктi болған жағдайда кредиторлық берешектi өтеу туралы облыс (қала, аудан) әкiмi шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi және оны Комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 31
31. Комиссия ұсынылған құжаттарды қарайды және осы жоба бойынша ұсыныстар әзiрлейдi және оны қарауға облыс (қала, аудан) әкiмiне ұсынады.
Тармақ 32
32. Облыс (қала, аудан) әкiмi кредиторлық берешектi өтеу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн жергiлiктi қаржы органы салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша тиiстi салық органына N 8 нысан бойынша жергiлiктi бюджет төлемдерi бойынша растау күнi өтелмеген және 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша берешектiң сомасынан аспайтын кредиторлық берешектiң бар-жоғының растамасын алу үшiн сұрау-растаманы жiбередi.
Тармақ 33
33. Салық органы N 3 нысаны бойынша тиiстi анықтамада бұрын көрсетiлген N 8 нысан бойынша салық төлеушiлердiң берешектерiн растайды.
Тармақ 34
34. Жергiлiктi қаржы органы салық органы растаған соманы кредиторлық берешектi өтеудiң сызбасымен салыстырады. Олар сәйкес келген жағдайда жергiлiктi қаржы органы өтеу сызбасында көрсетiлген сомаға қаржылық рұқсатты әзiрлейдi. Егер салық органы растаған берешек сомасы сызбада көрсетiлген сомадан кем болып шықса қаржылық рұқсат салық органының растамасында көрсетiлген сомаға ресiмделедi.
Ал салық органдарының сұрауы расталмаған жағдайда қаржылық рұқсат жазып берiлмейдi.
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттiк мекемелердiң тiзiлiмiне (нақтыланған, егер мемлекеттiк мекемелердiң тiзбесi немесе кредиторлық берешектiң сомасы N 8 нысанды салық органының растауы бойынша жергiлiктi қаржы органы нақтылаған болса) сәйкес мемлекеттiк мекемелерге бюджеттiк рұқсаттарды әзiрлейдi. Осы Ереженiң 18-тармағына сәйкес жасалған N 7 нысан бойынша мемлекеттiк мекемелердiң тiзiлiмiн нақтылуды жергiлiктi қаржы органы жүргiзедi. Мұндағы барлық өзгерiстерге жергiлiктi қаржы органдарының басшысы қол қояды және қаржы органының мөрiмен бекiтiледi.
Тармақ 35
35. Есептемелердi жүргiзу үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi Қазынашылықтың аумақтық органдарына бюджеттiк рұқсатпен қатар мемлекеттiк мекемелердiң нақтыланған тiзiлiмiн, кредиторлық берешектердi өтеудiң сызбасын, қазынашылық органдарында ашылған, олардың ағымдағы шоттарына (уақытша) тiкелей жаткiзушiнiң өзiне мемлекеттiк мекемелердiң жазып берген төлем тапсырмасын ұсынады.
Тармақ 36
36. Тiкелей жеткiзiп берушi ағымдағы шоттан 080 "Бюджеттердiң арасында бөлiнетiн кiрiстер" шотына 107102 "Берешектердiң жергiлiктi бюджетке түсуi" кiрiс коды бойынша жергiлiктi бюджетке төлемдер бойынша расталған соманы салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органының СТТН-iн көрсете отырып төлем тапсырмасын жазып бередi.
Бұл ретте төлем тапсырысында мынадай реквизиттер:
МФО;
шот нөмiрi;
жеткiзушiнiң (салық төлеушiнiң) атауы;
реттiк нөмiрмен тiркеудiң тоғыз таңбалы коды мен төлемдердiң мақсаты, мәтiндiк кеңiстiгiнде "Кредиторлық берешектердi өтеу" деген сөздер және төлем түрлерi бойынша сомалар;
төлем мақсатының коды (107102);
шығыстардың он таңбалы коды (мемлекеттiк мекемелер үшiн);
төлемнiң жалпы сомасы мiндеттi түрде көрсетiлуi тиiс.
Тармақ 37
37. Тiкелей жеткiзушiнiң жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегi болмаған жағдайда тiкелей жеткiзушi 2-жеткiзушiнiң оның тұрған жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органы ашқан оның ағымдағы шотына расталған берешек сомасына төлем тапсырмасын жазып бередi. 2-жеткiзушi өз кезегiнде осы Ереженiң 36-тармағына сәйкес жергiлiктi бюджет кiрiсiне төлем тапсырмасын жазып бередi.
Бiрнеше жеткiзушi қатысқан жағдайда сызбаға сәйкес төлем тапсырмасы бiр Жеткiзушiнiң ағымдағы шотынан екiншi Жеткiзушiнiң ағымдағы шотына жазылады.
Заңды тұлға бөлiмшесiнiң жергiлiктi бюджетке төлемдер бойынша кредиторлық берешектерiн салық органдары растаған жағдайда заңды тұлға өзiнiң төлем тапсырмасымен осы бөлiмшенiң тiркелген жерi бойынша салық органының СТТН және бөлiмшенiң атауын көрсете отырып берешек сомасын 107102 "Жергiлiктi бюджетке берешектердiң түсуi" кодына есепке алады.
Ресми түрде банкрот деп жарияланған немесе таратудың соттан тыс рәсiмiн жүргiзу туралы шешiм қабылданған Жеткiзушiлердiң шоттарына ақша қаражатын аударуға рұқсат етiлмейдi. Егер, солай бола тұрғанымен, көрсетiлген ұйымдардың шоттарына ақша қаражаты аударылса, онда жүргiзiлген операция қате болып саналады, ал ақша қаражаты мемлекеттiк мекеменiң бюджеттiк шотына қайтаруға жатады, ал лимиттер керi қайтарып алуға жатады.
Тармақ 38
38. Жергiлiктi бюджет кiрiсiне соңғы төлем жасалғаннан кейiн Қазынашылықтың аумақтық органы кредиторлық берешектiң өтеу сызбасына сәйкес төлемдер жүргiзiлген тиiстi Қазынашылық органдарына, сондай-ақ берешектi өтеу сызбасын тiркеудi жүргiзген тиiстi қаржы органдарына электронды почтамен немесе факсимильдiк байланыспен төлем тапсырмаларын жiбередi. Жергiлiктi қаржы органының жауапты атқарушысы арнайы ашылған iс жүргiзу тiгiндiсiне төлем тапсырмасын тiгедi және кредиторлық берешектi өтеу сызбасына және кредиторлық берешектi өтеу сызбасын тiркеу журналына белгi соғады.
Бұдан басқа, Қазынашылықтың аумақтық органы тiркелген жерi бойынша салық органына оның бұрын осы салық органы растаған жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегiнiң өтелгендiгi туралы N 8 нысан бойынша растауды жiбередi.
Салық органы жеткiзушiнiң төлем тапсырмасына сәйкес кредиторлық берешектi өтеудiң есептемесiн жүргiзгеннен кейiн жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешектiң бар-жоғы туралы анықтамаларды тiркеу журналына тиiстi белгi соғады.
Тарау 6. 6. Есеп және есептiлiк
6. Есеп және есептiлiк
Тармақ 39
39. Мемлекеттiк мекеме төлем тапсырмасы көшiрмесiнiң негiзiнде бухгалтерлiк есеп пен есептiлiкте тiкелей жеткiзушiлердiң алдындағы кредиторлық берешектiң өтелгендiгiн көрсетедi.
Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есебiндегi берешектi өтеудi көрсету Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi. Бухгалтерлiк есеп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1998 жылғы 15 мамырдағы N 217 бұйрығымен бекiтiлген "Мемлекеттiк мекемелердегi жылдық, тоқсандық бухгалтерлiк есептiң көлемi мен нысандары туралы" нұсқаулықпен белгiленген тәртiпте және мерзiмде ұсынылады.
Тармақ 40
40. Аумақтық салық органы Қазынашылықтың аумақтық органының осы Ереженiң 38-тармағында көзделген тәртiппен ұсынған төлем тапсырмасы мен растамасын алған кезде төлем тапсырмасында көрсетiлген сомаға және төлемдердiң түрлерi бойынша салық төлеушiнiң кредиторлық берешiгiн есептен шығарады. Түсiмдер туралы есептемеде осы төлемдер 107102 "Берешектердiң жергiлiктi бюджетке түсуi" коды бойынша көрсетiледi.
Тармақ 41
41. Есепте бiр Жеткiзушiнiң екiншi Жеткiзушiнiң алдындағы кредиторлық берешегiн есептен шығару үшiн Қазынашылықтың аумақтық органы растаған ағымдағы шот бойынша үзiндiнiң көшiрмесi мен төлем тапсырмасының көшiрмесi негiздеме болып табылады.
Тарау 7. 7. Жауапкершiлiк
7. Жауапкершiлiк
Тармақ 42
42. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi, мемлекеттiк мекемелер, тiкелей жеткiзушiлер, Жеткiзушiлер, жергiлiктi қаржы органдары, салық органдары және басқа да ұйымдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес терiс және әдейi жалған мәлiметтер ұсынғаны үшiн жауапқа тартылады.
Басқа 54. 2000 жылғы 1 қаңтардағы кредиторлық берешектің бар-жоғы туралы N _______
АНЫҚТАМА
N 1 нысан
___________________________________
(жергілікті қаржы органының атауы)
Берілген күні "_____" ________ 2000 ж.
2000 жылғы 1 қаңтардағы кредиторлық берешектің бар-жоғы туралы N _______
АНЫҚТАМА
_______________________________________
(облыстың, қаланың және ауданның коды)
_______________________________________
(мемлекеттік мекеменің коды)
Осы анықтама _______________________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы және СТТН-і)
берген _______________________________________ салыстыру актісінің негізінде жасалды:
№
р/с
Жеткізуші
Тіркеу коды
Актінің деректері
Экономикалық сыныптама ерекшелігінің коды
Атауы
Орналасқан жері
СТТН-і
Күні
Сомасы
Жиыны:
Кредиторлық берешек сомасының жиыны _________теңге
(санмен)
_____________________________________
(сомасы жазумен)
Осы анықтамаға мыналар қоса беріліп отыр:
1. _____________________________________
2. _____________________________________
3. _____________________________________
4. _____________________________________
Қолы:
______________________________ __________________________________
(жергілікті қаржы органың басшысы (мемлекеттік мекеменің басшысы
тегі, аты-жөні, лауазымы) тегі, аты-жөні, лауазымы)
МО МО
Басқа 55. ТІРКЕУ ЖУРНАЛЫ
N 2 нысан
Муқабаның улгісі
_____________________________________
(жергілікті қаржы органының атауы)
Кредиторлық берешектің бар-жоғы туралы анықтамаларды
ТІРКЕУ ЖУРНАЛЫ
------ жылғы --------- басталды
------ жылғы --------- аяқталды
Журналдың барлық парақтары осы улгі бойынша басылған
Мемлекеттік мекеменің атауы ________________________
Анықтама нөмірі
Анықтама берген күні
Тіркеу күні (тоғыс мәнді код)
Тікелей беруші
Ұсынылған салыстыру актісініе және бухесептің деректеріне сәйкес берешектің сомасы (тенге)
Анықтама берген тулғаның аты-жөні
Анықтама алған тулғаның аты-жөні
Анықтама алған тулғаның қолы
Атауы
Орналасқан жері
СТТН-і
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Басқа 56. N_____ АНЫҚТАМА
Жергілікті бюджетке кредиторлық берешектің бар-жоғы туралы
N 3 нысан
-------------------------------------------------------------------------
(аумақтық салық органының атауы, СТТН-і)
"_____" _____________ 2000 ж.
N_____ АНЫҚТАМА
Жергілікті бюджетке кредиторлық берешектің бар-жоғы туралы
__________________________________________________________________________
(салық төлеушінің атауы)
__________________________________________________________________________
(Заңды тұлғаның атауы, егер салық төлеуші заңды тұлғаның бөлімшесі болған жағдайда)
__________________________________________________________________________
(Мемлекеттік мекеменің кредиторлық берешегін өтеу үшін)
______________________________________________________________
(облыстың, қаланың және ауданның коды)
__________________________________________________________________________
(салық төлеушілердің СТТН-і)
1. __________ қалыптасқан, жергілікті бюджетке төлемдер бойынша берешектердің жалпы (анықтама берілген кун) сомасы, бірақ салық төлеушінің дербес шоты бойынша - корсетілген 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинакталған осындай берешектердің сомасынан артық емес, _________ теңгені қурайды, оның ішінде төлемдер бойынша:
(теңге)
Төлем коды
Төлем атауы
Берешектердің жалпы сомасы
Негізгі борыш
Өсім
Айыппұл
Мем. мекемелердің кредиторлық берешектерін өтеудін сызбасына енгізуге арналған сома
1
2
3
4
5
6
7
2. Осы анықтама _________ данада берілді
Салық комитетінің Төрағасы _____________
________________________________________ _________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні, лауазымы)
МО
Талдау және есеп бөлімінің бастығы _______________
______________________________________ _________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні, лауазымы)
Басқа 57. Жергіліктіқ бюджетке төленетін төлемдер бойынша
қредиторлық берешектің бар-жоғы
туралы анықтамаларды
ТІРКЕУ ЖУРНАЛЫ
N 4 нысан
Мукабаның үлгісі
__________________________________________
(аумақтық салық органының атауы)
Жергіліктіқ бюджетке төленетін төлемдер бойынша
қредиторлық берешектің бар-жоғы
туралы анықтамаларды
ТІРКЕУ ЖУРНАЛЫ
------ жылғы ------------ басталды
------ жылғы ------------ аяқталды
Журналдың барлық парақтары осы улгі бойынша басылған
Салық төлеушінің аты-жөні __________________________
Анықтаманың нөмірі
Анықтама берген куні
Төлем коді
СТТН-і
Берешектің Сомасы (тенге)
Мемлекеттік мекеменің атауы
Мекеменің Кредиторлық берешегін өтеу сызбасына енгізуге арналган сома
Өтеу туралы белгі
Төлем Тапсырмасының нөмірі
Куні
Соммасы(тенге)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Басқа 58. Батыс Қазақстан облысының
N ______ кредиторлық берешекті өтеу сызбасы
N 5 нысан
Батыс Қазақстан облысының
N ______ кредиторлық берешекті өтеу сызбасы
___________________________________________
(аудандық, (қалалық) немесе облыстық бюджеттін атауы)
_________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы, орналасқан жері, СТТН-і, коды)
тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді берушілер алдындағы
_______________________________________________ сомаға
(сомасы жазумен, мын теңгемен)
____________________________ қаласы _______________________________
(күні)
______________________________________________________________________________
(қаржы органдарында кредиторлык берешектің тіркеу нөмірі, қаржы органы
басшысының қолы, мөрі)
Мемлекеттік мекеменің тікелей беруші алдындағы береш
Жеткізуші алдындағы тікелей берушінің берешегі
2,3 және т.б. жеткізушінің берешегі
Жергілікті бюджетке төленетін төлемдер тікелей берушінің, Жеткізушінің берешегі
Экономикалық жіктемені ерекшеліктері
Сомасы, теңге
Атауы, орналасқан жері, СТТН-і
Сомасы, теңге
Атауы, орналасқа жері, СТТН-і
Сомасы, теңге
Атауы, орналасқан жері, СТТН-і
Кірістер коды
Сомасы, теңге
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Жиыны
Жиыны
Жиыны
Жиыны
Жиыны, өтеуге тиіс сома жиыны ______________________________________
(сомасы жазумен)
Осы сызбаға мыналар қоса беріліп отыр:
1. ___________________________________
2. ___________________________________
3. ___________________________________
Мемлекеттік мекеме Тікелей беруші-ұйымы
басшысының қолы бастышысының қолы
____________________________ _________________________
тегі, аты-жөні, лауазымы тегі, аты-жөні, лауазымы
МО МО
1-беруші-ұйым Салық төлеуші ұйым
басшысының қолы басшысының қолы 2
______________________________ ___________________________
тегі, аты-жөні, лауазымы тегі, аты-жөні, лауазымы
МО МО
Кредиторлық берешекті өтеу туралы белгі:
Өтелген: ____________________________________________________________
(төлем тапсырмасының нөмірі, қаржы органы басшысының қолы)
Ескерту: 2 және 9-бағаналардың сомалары тең болуы керек.
Басқа 59. Кредиторлық берешекті өтеу сызбаларын тіркеу
ЖУРНАЛЫ
N 6 нысан
Мұқабаның үлгісі
________________________________________
(жергілікті қаржы органының атауы)
Кредиторлық берешекті өтеу сызбаларын тіркеу
ЖУРНАЛЫ
---------- жылғы ---------- басталды
--------- жылғы ---------- аяқталды
Журналдың барлық парақтары осы улгі бойынша басылған
Сызбаның нөмірі
Тіркеу куні
Мемлекеттік мекеменің атауы
Тіркеу коді
Тікелей Жеткізуші атауы
Сызба бойынша сомасы (тенге)
Өтеу туралы белгі
Төлем Тапсырмасының нөмірі
Күні
Сомасы (тенге)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Басқа 60. Кредиторлық берешекті өтеуге қатысатын
мемлекеттік мекемелердің тізілімі
Батыс Қазақстан облысы
N 7 нысан
Кредиторлық берешекті өтеуге қатысатын
мемлекеттік мекемелердің тізілімі
Батыс Қазақстан облысы
--------------- бюджеті
(аудандық (қалалық) немесе облыстық бюджетін атауы)
_______________________________________ _______________
(жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі) (күні)
№ р/с
Мемлекеттік мекеменің атауы
Орналасқан жері
Сомасы (теңге)
1
2
3
4
Осы тізілімге мыналар қоса беріліп отыр:
1. _____________________________________
2. _____________________________________
3. _____________________________________
Жергілікті бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің қолы
____________________________________________________
тегі, аты-жөні, лауазымы
МО
Басқа 61. Сұрау салу – растау
N 8 нысан
2000 жылғы "_____" _________ _______________________________________
(облысы, қаласы, ауданы салық органының атауы)
Сұрау салу – растау
__________________________________________________ салық
(Жергілікті қаржы органының атауы)
органының 2000 жылғы "_____" ________ N _____ анықтамасында аталған
__________________________________________________________________________
(салық төлеуші - ұйымның атауы және СТТН-і)
бюджетке төлемдер бойынша берешеқ сомасын растауды сұрайды.
_________________________ (Жергілікті қаржы органының басшысы қолы, аты-жөні, тегі)
--------------------------------------------------------------------------------
2000 жылғы "___" ______ N _____ анықтамада көрсетілген 2000 жылғы "___"
___________ өтелуге жататын 2000 жылғы "____" _______ жергіліктік бюджетке
төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешек ________________
(сомасы санмен)
___________________________________________________ теңгені
(сомасы жазумен)
курайтындығың растаймыз.
Оның ішінде төлем турлері бойынша
___________________________
___________________________ (аумақтық салық органы басшысының қолы, аты-жөні, тегі)
2000 жылғы "_____" ________________ N _____ МО
----------------------------------------------------------------------------
____________________ салық органының 2000 жылғы "____" _____ N _____
растауында корсетілген жергіліктік бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық
берешек
__________________________________
(сомасы санмен)
( ______________________________________________ )
(сомасы жазумен)
теңгені қүрайтын растаймыз.
__________________________________________________________________________
(қазынашылықтың аумақтық орган басшысының аты-жөні, тегі, қолы)
2000 жылғы "___" ________________ N _______ МО
Басқа 62. Несие қарыздарды өтеуге байланысты
мәселерлерді қарау жөніндегі
КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің
6 мамырдағы 2000 жылғы
N 96 шешіміне N 2 қосымша
Несие қарыздарды өтеуге байланысты
мәселерлерді қарау жөніндегі
КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ
Е.Ж. Жұмағалиев - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Комиссия мүшелері:
М.М. Әбдірахманов - облыстық салық комитетінің төрағасы
К.Х. Едгин - облыстық экономика басқармасының бастығы
Д.С. Сағатов - облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы (келісімі бойынша)
Т.В. Соболева - облыстық қазынашылық басқармасының бастығы
А.Ш. Хамитов - облыстық қаржы басқармасының бастығы