Об утверждении Положения о порядке предоставления субъектам малого предпринимательства в аренду или доверительное управление с правом последующей передачи в собственность неиспользуемых производственных (офисных) помещений и объектов коммунальной собственности на основании представленной ими информации и Правил предоставления в аренду объектов коммунальной собственности Күшін жойған
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне олардың берген
ақпараты негізінде коммуналдық меншік объектілерін
және бос тұрған өңдірістік (офистік) ғимараттарды
кейіннен меншігіне беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға
берудің тәртібі туралы Ережені және коммуналдық меншік
объектілерін жалға берудің Ережесін бекіту туралы
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 19.02.2007 № 28 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы N 131-1 Заңына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi орынбасарының 1999 жылғы 13 желтоқсандағы № 17-12-16/002-76 тапсырмасына сәйкес ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Бекiтiлсiн:
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне олардың берген ақпараты негiзiнде коммуналдық меншiк объектiлерiн және бос тұрған өндiрiстiк (офистiк) ғимараттарды кейiннен меншiгiне беру құқығымен жалға немесе сенiмдi басқаруға берудiң тәртiбi туралы Ереже (N 1 қосымша);
- коммуналдық меншiк объектiлерiн жалға беру Ережесi (N 2 қосымша).
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншiктер басқармасы (Кенжеғалиев) бекiтiлген құжаттарды белгiленген тәртiппен Батыс Қазақстан облыстық басқармасында тiркетудi және тiркелген күннен бастап iске қосуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне олардың берген ақпараты негізінде коммуналдық меншік объектілерін және бос тұрған өндірістік (офистік) ғимараттарды кейіннен меншігіне беру құқығымен жалға немесе сенімді басқаруға берудің тәртібі туралы Ережені және коммуналдық меншік объектілерін жалға берудің Ережесін бекіту туралы" облыс әкімінің 2000 жылғы 23 ақпандағы N 26 шешімінің күші жойылсын.
Басқа 4. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне олардың берген
ақпараты негiзiнде коммуналдық меншiк объектiлерiн
және бос тұрған өндiрiстiк (офистiк) ғимараттарды
кейiннен меншiгiне беру құқығымен жалға немесе
сенiмдi басқаруға берудiң тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
Облыс әкiмiнiң
2000 жылғы 1.09
N 164 шешiмiне
N 1 қосымша
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне олардың берген
ақпараты негiзiнде коммуналдық меншiк объектiлерiн
және бос тұрған өндiрiстiк (офистiк) ғимараттарды
кейiннен меншiгiне беру құқығымен жалға немесе
сенiмдi басқаруға берудiң тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне олардың берген ақпараты негізінде коммуналдық меншік объектілерін және бос тұрған өндірістік (офистік) ғимараттарды (объектілерді) жалға немесе кейіннен меншігіне беру құқығымен сенімді басқаруға беруді Батыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншіктер басқармасы мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
Тармақ 1
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері Батыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншіктер басқармасына мыналарды тапсырады:
- белгіленген үлгідегі жалға немесе сенімді басқаруға алуға шарт жасасу құқығына тапсырыс (жалғанды);
- сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтерін қоспағанда өндірістік қызметпен немесе халыққа қызмет көрсету саласын дамытумен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік тіркеуден өткені туралы құжаттар;
- объектілерді өндірістік мақсаттар немесе халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін пайдалану жөніндегі жеке хатқа салынған ұсыныстары (ТЭО немесе бизнес-жоспар);
- құрылтайшылық құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі (Жарғысы немесе Ереже, тіркеу куәлік).
Тапсырылған барлық құжаттар Батыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншіктер басқармасында міндетті тіркелуге жатады. Есеп жүргізу үшін арнайы тіркеу журналы ашылады, онда тапсырылған құжаттар тізімі, түскен уақыты көрсетіле отырып көрініс табады.
Тіркеу уақыты шағын кәсіпкерлік субъектісінің тапсырысына да жазылады.
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншіктер басқармасы 10 күн мерзімде жергілікті атқару органдары өкілдерімен және мүдделі ведомстволардың аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, кәсіпкерлердің қатысуымен тендерлік комиссияда тапсырылған материалдарды мынадай өлшемдер бойынша қарайды:
- жоғарыда аталған құжатардың толықтығы;
- сауда-сатып алуды (делдалдық қызмет) қоспағанда объектіні өндірістік мақсаттарға және халыққа қызмет саласын дамытуға пайдалану;
- қаралып отырған объекті бойынша жалгерлік қатынастардың болмауы;
- объектіге қатысты қандайма болмасын ауыртпалықтың болмауы.
Кәсіпкерлерден түскен тапсырыстардың қаралу нәтижесі тендерлік комиссияның қорытындысымен ресімделеді.
Мәселе ойдағыдай шешілген жағдайда Батыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншіктер басқармасы және шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында 2 күн ішінде жалға немесе кейіннен меншігіне беру құқығымен сенімді басқаруға беру туралы бір жылдан бес жылға дейін шарт жасалады. Шарт жасалған алты ай ішінде өндірістік қызмет жолға қойылмаса және халыққа қызмет көрсету жұмыстары ұйымдастырылмаса шарттың бұзылу жағдайы да көрсетілуі тиіс. Жалға немесе сенімді басқаруға алу шарты бұзылған жағдайда қайтарылған объектілер мен мүліктер тендерге (аукционға) қойылады.
Кәсіпкерлер жалға немесе сенімді басқару шарттарын тиісінше орындаған жағдайларда объекті олардың меншігіне өтеусіз беріледі. Шағын кәсіперлік субъектінің меншігіне объектіні беру коммуналдық меншіктер объектісін өтеусіз беру туралы шарт және объектіні қабылдап алу-беру актісі негізінде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Егер бір объектіге бірнеше шағын кәсіпкерлік субъектісінен ақпарат түссе, онда белгіленген тәртіп бойынша бірінші тапсырыс берген кәсіпкердің ұсынысы қаралады. Бірінші кезектілік Батыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншіктер басқармасында жазылған тапсырыстарды тіркелу күніне сәйкес айқындалады.
Басқа 8. КОММУНАЛДЫҚ МЕНШIК ОБЪЕКТIЛЕРIН ЖАЛҒА БЕРУДIҢ
ЕРЕЖЕСI
Облыс әкiмiнiң
2000 жылғы 1.09
N 164 шешiмiне
N 2 қосымша
КОММУНАЛДЫҚ МЕНШIК ОБЪЕКТIЛЕРIН ЖАЛҒА БЕРУДIҢ
ЕРЕЖЕСI
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалынды және меншiктiң нысанына, ведомстволық бағыныштылығына қарамастан барлық мемлекеттiк органдар мен кәсiпорындар, мекемелер, қоғамдық және басқа ұйымдар орындауға мiндеттi Батыс Қазақстан облысының аумағында коммуналдық меншiк объектiлерiн жалға берудiң негiзгi қағидаларын, тәртiбi мен бiрiңғай ережелерiн айқындайды.
Тарау 2. 2. НЕГIЗГI ТҮСIНIКТЕР
2. НЕГIЗГI ТҮСIНIКТЕР
Тармақ 1
1. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Аренда - мүлiктердi жалдау;
Тармақша 2
2) Жалдау шарты - шарт, ол бойынша "Жалға берушi" мүлiктердi "Жалгерге" төлем үшiн уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi;
Тармақша 3
3) "Жалға берушi" - мүлiктердiң меншiк иесi немесе меншiк иесi атынан пiкiр бiлдiретiн жалдау шартындағы тарап;
Тармақша 4
4) "Жалгер" - белгiлi төлем арқылы мүлiктердi уақытша иеленуге немесе пайдалануға жалдап алушы тарап;
Тармақша 5
5) Қалалық тұрғын үй емес қор - коммуналдық меншiкке жататын тұрғын үй қорына енбейтiн мемлекеттiк ғимараттар, үй-жайлар мен құрылыстар;
Тармақша 6
6) Жалдау объектiлерi - коммуналдық меншiктегi мынандай объектiлер:
- олардың ведомстволық бағыныштылығына (балансына) қарамастан бөлек тұрған үй-жайлар, ғимараттар мен құрлыстар;
- олардың ведомстволық бағыныштылығына (балансына) қарамастан салынған тұрғын үйлердегi адамдар тұрмайтын ғимараттар мен құрылыстар;
- сәулет, тарихи және мәдени ескерткiштер саналатын ғимараттар;
- мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй емес қорға аударылған үй-жайлар;
- басқалай заң жолдарымен Батыс Қазақстан коммуналдық меншiктер басқармасының қарауына түскен ғимараттар.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiң ерекше меншiгi болып саналатын объектiлер - тарихи және мәдени ескерткiштер, егер алушыда оны пайдаланудың мынандай келiсiлген жағдайлары болғанда ғана жалға берiледi:
Тармақша 1
1) жергiлiктi атқарушы органдарға тиiстi жергiлiктi маңызы бар санаттарға қатыстылар бойынша.
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облысы аумағындағы коммуналдық меншiк объектiлерiн жалға беру құқығы тек қана Батыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншiктер басқармасына (бұдан әрi - Жалға берушi) берiлген. Негiзге алынды - коммуналдық меншiк объектiлерiн жалға беру туралы шарт.
Тарау 3. 3. ОБЪЕКТIЛЕРДI ЖАЛҒА АЛУ ТАПСЫРЫСТАРЫН ҚАРАУ
3. ОБЪЕКТIЛЕРДI ЖАЛҒА АЛУ ТАПСЫРЫСТАРЫН ҚАРАУ
Тармақ 4
4. Барлық заңды және жеке тұлғалар объектiлердi жалға алуға өтiнiштер бере алады. Тапсырыстар "Жалға берушiге" - Батыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншiктер басқармасына берiледi.
Тармақ 5
5. Түскен тапсырыстарды қарау және ол бойынша шешiм қабылдау бiр ай мерзiмде және жалпы негiзде жүргiзiледi.
Тармақ 6
6. Объектiлердi жалдау жөнiндегi түскен тапсырыстар мынандай құжаттар болған жағдайда қаралады:
Тармақша 1
1) объектiнi жалдау қажеттiлiгiнiң техникалық-экономикалық негiздiлiгi;
Тармақша 2
2) құрылтайшылық құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi (заңды тұлғалар үшiн).
Тармақ 7
7. "Жалға берушi" тапсырыстарды қараудың және тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша мынандай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
Тармақша 1
1) мақсатты пайдалану бойынша объектiнi жалға беру туралы;
Тармақша 2
2) себептерi жазбалай түрде көрсетiлiп, жалға берушiден бас тарту.
Тармақ 8
8. Мәлiмдеушiге қойылатын талаптарды қанағаттандыратын екi және одан да көп тапсырыстар болған жағдайда объектi жалға тек қана конкурстың қорытындысы бойынша берiледi.
Тарау 4. 4. ОБЪЕКТIНI ЖАЛҒА БЕРУ ТӘРТIБI
4. ОБЪЕКТIНI ЖАЛҒА БЕРУ ТӘРТIБI
Тармақ 9
9. Объектiнi жалға беру "Жалға берушi" бекiткен "Баланс ұстаушы" және "Жалгер" арасындағы алу-беру актiсi бойынша жүргiзiледi, онда мыналар көрсетiледi:
Тармақша 1
1) акттiнiң жасалған орны мен күнi;
Тармақша 2
2) тараптардың мүддесiн бiлдiретiн өкiлдерге тиiстi құжаттардың атауы және реквизиттерi;
Тармақша 3
3) объектiнi жалға беру жүргiзiлетiн жалдау шартының номерi мен қол қойылған уақыты;
Тармақша 4
4) жалға берiлетiн объектiлердiң анықталған ақаулығы тiзбеленген техникалық жағдайы;
Тармақша 5
5) тараптардың мөрiмен куәландырылған өкiлдердiң қойған қолдары.
Тармақ 10
10. Алу-беру актiсi үш данада жасалады, оның бiреуi "Жалға берушiден", екiншiсi - "Жалгерде", үшiншiсi "Баланс ұстаушыда" сақталады.
Тармақ 11
11. "Жалға берушi" объектiнi "Жалгерге" жолдау шарты жасалғаннан кейiн бiр айдан артық емес мерзiмде берудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 12
12. Жалдау төлемiне коммуналдық қызметтер, жәй және күрделi жөндеуге арналған аударымдар, объектiге қызмет көрсету төлемдерi енбейдi. Бұл төлемдердi "Жалгер" ведомстволық күзет, эксплуатациялық, коммуналдық, санитарлық және басқа қызметтерге тiкелей төлейдi.
Тармақ 13
13. Жалдау шартында ақшаның құнсызданыуына сәйкес жыл сайын жалдау төлемiн қайтадан қарап отыру туралы ереже болуы тиiс.
Тармақ 14
14. "Жалға берушi" ақшаның құнсыздануын және басқа факторларды ескерiп, жалдау төлемi көлемiнiң өзгергенi туралы "Жалгерге" хабарлап отырады.
Тармақ 15
15. Жалдау төлемдерi жергiлiктi бюджетке аударылады.
Тарау 5. 5. ЖАЛДАУ ШАРТЫН МЕРЗIМIНЕН БҰРЫН БҰЗУ
5. ЖАЛДАУ ШАРТЫН МЕРЗIМIНЕН БҰРЫН БҰЗУ
Тармақ 16
16. Жалдау шарты мынадай жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылады:
Тармақша 1
1) "Жалгер" заңды тұлға ретiнде таратылғанда;
Тармақша 2
2) "Жалгерге" оның жазбалай келiсiмiмен басқа объектi жалдауға берiлгенде;
Тармақша 3
3) "Жалгер" жалдау шартын бұзған жағдайда;
Тармақша 4
4) "Жалгердiң" жазбалай арызы бойынша;
Тармақша 5
5) заңдарда немесе шартта қаралған басқа жағдайларда.
Тарау 6. 6. ЖАЛДАУ ШАРТЫНДА КӨРСЕТIЛГЕН ҚОСЫМША ТАЛАПТАР
6. ЖАЛДАУ ШАРТЫНДА КӨРСЕТIЛГЕН ҚОСЫМША ТАЛАПТАР
Тармақ 17
17. Жалдау шартында мыналар қарастырылуы керек:
Тармақша 1
1) "Жалға берушiнiң" мiндеттемелерi:
- "Жалгерге" шартта белгiленген мерзiмде объектiнi алу-беру актiсi бойынша бередi;
- "Жалгерге" объектiнi жалдау шартында белгiленген тәртiппен иеленуiне және пайдалануына кедергi келтiретiн әрекеттер жасамайды.
Тармақша 2
2) "Жалгердiң" мiндеттемелерi:
- шарттың жағдайларына сәйкес жалдау объектiсiн пайдаланады;
- шартта белгiленген мөлшерде, мерзiмде және тәртiпте жалдау төлемiн төлейдi;
- объектiнi тиiстi жағдайда ұстайды, объектiнiң және ондағы инженерлiк коммуникациялардың зақымдануына мүмкiндiк жасайтын әрекеттер жасамайды;
- объектi өздерiнiң кiнәсiнен зақымданған жағдайда оны жөндеудi өз есептерiнен жүргiзедi;
- "Жалға берушiнiң" жазбалай рұқсатынсыз жалдау объектiсiн, онда орналасқан желiлер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға жол бермейдi;
- объектiге және оған жалғасатын жер учаскелерiне ғимаратты пайдалану тәртiбiне қатысты заңдар мен нормаларды бақылайтын "Жалға берушiнiң", санитарлық қадағалау қызметтерiнiң және басқа мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн жiбередi, олар анықтаған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде түзетедi;
- жалдау объектiсiн шартта белгiленген мерзiмде қанағаттанарлық күйде қайтарады.
Тармақ 18
18. Сәулет, тарихи және мәдени ескерткiштер жалға берiлген кезде жалдау шартына сәулет, тарихи және мәдени ескерткiш объектiсi ретiнде оны сақтауға бағытталған Ереже енгiзiледi.
Тармақ 19
19. Жалдау шарты жағдайларын бұзғаны үшiн тараптар қазiргi заңдарға және шартқа сәйкес жауап бередi.
Тармақ 20
20. Айыппұл санкциялары кiнәлi тараптарды шарт жөнiндегi мiндеттемелердi орындаудан босатпайды.
Тармақ 21
21. "Жалға берушiнiң" бастамасымен жалдау шарты бiр жақты бұзылған жағдайда "Жалгер" осы объектi бойынша келтiрiлген шығынды "Жалға берушiнiң" келiсiмiмен өндiрiп алуына құқығы бар.
Тармақ 22
22. "Жалгер" "Жалға берушiнiң" рұқсатынсыз жалдау объектiсiне зиян келтiрмейтiндей жақсарту шараларын жүргiзсе, бiрақ оның құнын "Жалға берушi" өтеуге келiспесе, онда "Жалгер" жақсартуға бағыттылып орнатылған нәрселердi алып тастауы мүмкiн.
Тармақ 23
23. "Жалгердiң" "Жалға берушiнiң" рұқсатынсыз жалдау объектiсiне зиян келтiрмейтiндей жүргiзген шараларының құны егер заңда және шартта қарастырылмаған болса өтеуге жатпайды.
Тарау 7. 7. ЖАНЖАЛДАРДЫ ШЕШУ
7. ЖАНЖАЛДАРДЫ ШЕШУ
Тармақ 24
24. Осы Ережеде реттелмеген барлық мәселелерде жалдау шартын жасаушы жақтар Қазақстан Республикасының қазiргi заңдарының нормаларын басшылыққа алады.
Тармақ 25
25. Шарт бойынша объектiнi жалға беру кезiнде туындаған жанжалдар шарт жасасушы тараптардың өзара келiсiмi немесе сот тәртiбi бойынша қаралады.