Об упразднении населенного пункта Пешное Дамбинского сельского округа города Атырау Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау қаласы Дамбы селолық округінің Пешное елді мекенін тарату туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 27, 37-баптарына сәйкес, Атырау қалалық өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V шақырылған облыстық мәслихат кезектен тыс X сессиясында ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Атырау қаласы Дамбы селолық округінің Пешное елді мекені таратылсын.
Тармақ 2
2. "Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі және Атырау қаласының әкімі осы қаулы мен шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы мен шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және олар алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.