О создании служб Гражданской обороны и чрезвычайных ситуаций области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметін құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2004.10.12 N 56 шешімімен. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шілдедегі «Азаматтық қорғаныс туралы» және 1996 жылғы 5 шілдедегі «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңдарын орындау үшін, «Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың республикалық қызметтері туралы Ережеге» сәйкес әскери және бейбіт уақыттағы АҚ және ТЖ арнайы шараларын (тұрғындар мен шаруашылық объектілерін сұрапыл апаттық құбылыстар, ірі авариялар мен катастрофалар, сондай –ақ талқандаудың қазіргі кездегі қаруларын қолдану саолдарынан қорғауды қамтамасыз ету) орындау мақсатында:
Тармақ i
I. Қарағанды облысының аумағында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың келесі облыстық қызметтері құрылсын және олардың ұйымдастырушылық-құрылымдық құрамы бекітілсін:
Тармақша 1
1) хабарлау және байланыс-Қарағанды облыстық телекоммуникация дирекциясының негізігде, қызмет быстығы-ОТД директоры, қызмет штабының бастығы –ОТД техникалық диеркторы. Ақ және ТЖ мәселелері бойынша оларға ұйымдастыру жағынан: -теле-радио хабарларын тарату компаниясы; -мемлекеттік пошта байланысының қызметі; -N2 магистральдық байланысының техникалық бөлімшесі; -облыстық теле-радио таратушы орталығы; -хабарлау бөлімшелері, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстығына байланыссыз ведомстволар, кәсіпорындар және ұйымдар байланысын диспетчерлеу бағындырылсын.
Тармақша 2
2) қоғамдық тәртіпті сақтау-Қарағанды облыстық ішкі істер Бас басқармасы негізінде, қазмет бастығы-облыстық IIбб бастығының орынбасары, қызмет штабының бастығы-облыстық IIББ әкімшілік полиция қызметінің быстығы. АҚ және ТЖ мәселелері бойынша оларға ұйымдастыру жағынан: -РК IIM заң институты; -Көліктегі ішкі істер бөлімінің жол бойындағы бөлімі; -ішкі істердің ведомстволық бөлімшелері, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстығына байланыссыз кәсіпорындар мен ұйымдар бағындырылсын.
Тармақша 3
3) Өртке қарсы-Қарағанды облыстық Мемлекеттік өртке қарсы қызмет негізінде, қызмет бастығы –МӨҚ быстығы, штаб қызметінің бастығы –облыстық МӨҚ бастығының орынбасары, АҚ және ТЖ мәселелері бойынша оларға ұйымдастыру жағынан олардың ведомстволық бағыныстығына байланыссыз объектілерді өрттен қорғау бөлімшелері бағындырылсын.
Тармақша 4
4) медициналық-Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы негізінде, қызмет бастығы-облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы, қызмет штабының бастығы –облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының АҚ және ТЖ мәселелері жөніндегі орынбасары. АҚ және ТЖ мәселелері бойынша оларға ұйымдастыру жағынан: -«Фармация» АҚ; -«Медтехника» АҚ; -«Дезинфекция» АҚ; -облыстық санитарлы-эпидемиологиялық станциясы; -меншік нысанына және ведомстволық бағыныстығына байланыссыз ведомтстволар, кәсіпорындар мен ұйымдардың медициналық мекемелері бағындырылсын.
Тармақша 5
5) Инженерлік-құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын реформалау басқармасының негізінде, қызмет бастығы- құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын реформалау басқармасының бастығы, қызмет штабының бастығы-мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының директоры. АҚ және ТЖ мәслелері бойынша оларға ұйымдастыру жағынан: -«Көмір құрылыс» ЖШС; -«Қарқұрылыс» ААҚ; -«Қарқұрылыссервис» ЖАҚ: Және меншік үлгісіне байланыссыз атқаратын қызметтері ұқсас басқа да мекемелер мен ұйымдар бағындырылсын.
Тармақша 6
6) Автокөлік- Қарағанды облыстық «Жолаушылар көлігін басқару қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны негізінде, қызмет бастығы-Қарағанды облыстық «Жолаушылар көлігін басқару қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, қызмет штабының бастығы-Қарағанды облыстық «Жолаушылар көлігін басқару қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары. АҚ және ТЖ жағдайлар мәселелері бойынша оларға ұйымдастыру жағынан меншік үлгісіне байланыссыз облыстың барлық автокөлік кәсіпорындары бағындырылсын.
Тармақша 7
7) Энергетика –«КЕГОК» ААҚ орталық жүйе аралық электр жүйелері» филиалының негізігде, қызмет бастығы ОЖЭЖ филиалының директоры, қызмет штабының бастығы –ОЖЭЖ бас инженері. Оларға АҚ және ТЖ мәселелері бойынша ұйымдастыру жағынан: -«Карағанды –Дистрибьюшн» ЖШС; --«Қарағанды-Пауэр» ЖШС-1-ЖЭО,3-ЖЭО; -«Қазақмыс Корпорациясы» АҚ кәсіпорындары-Қарағанды 2-БҮЭС, Балхаш ЖЭО, Жезқазған ЖЭО; -«Қарағанды тарату электр жүйелері компаниясы» АТАҚ; -«АБС-энерго»-БҮЭС-1; -«Трансэнерго» ЖШС-Тентек ЖЭО; -Энергия бақылау; және меншік үлгісіне байланыссыз облыстың басқа да энергетика және электрофикация кәсіпорындары бағындырысын.
Тармақша 8
8) сауда және тамақтандыру және жанар-жағар материалдар-экономика және кәсіпкерлікті дамыту бас басқармасы негізінде,қызмет бастығы-экономика және кәсіпкерлікті дамыту бас басқармасының бастығы, қазмет штабының бастығы-экономика және кәсіпкерлікті дамыту бас басқармасы бастығының орынбасары. Оларға АҚ және ТЖ мәселелері бойынша ұйымдастыру жағынан меншік және ведомство үлгісіне қарамастан N1 қосымшаға сәйкес тағам және бірінші қажетті тауарларды, сондай-ақ жанар-жағар материалдарын өндірумен, қайта өндеумен және сатумен айналысатын ұйымдар бағындырылсын.
Тармақша 9
9) техникалық –«Қамқор» АҚ, қызмет бастығы –«Қамқор АҚ директоры, қызмет штабының бастығы -«Қамқор» АҚ директорының орынбасары. Оларға АҚ және ТЖ мәселелері бойынша ұйымдастыру жағынан қалалар мен аудандардың техниқалық қызметтері бағындырылсын.
Тармақша 10
10) материалды-техникалық қамтамасыз ету – Қарағанды ресурстар» АҚ негізінде, қызмет бастығы – «Қарағандыресурстар» АҚ бас директоры, қызмет штабының бастығы-«Қарағандыресурстар» АҚ бас директорының орынбасары. Оларға АҚ және ТЖ мәселелері бойынша ұйымдастыру жағынан: -«Қарағанды шахта құрылыс» АҚ ӨТКБ; -«Испат-Кармет» АҚ КД МТҚБ; -«Қартуба» АҚ; -«Қарвол» АҚ; -«РГТО» заводы; -«Имсталькон» АҚ МҚЗ; -«Асбестцементбұйымдары» заводы; -«Қарцемент» АҚ: және меншік үлгісіне байланыссыз материалды- техникалық қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын облыстың басқа да кәсіпорындары бағындырылсын.
Тармақша 11
11) жануарлар мен өсімдіктерді қорғау – Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы департаметінің негізінде, қызмет бастығы- Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы департаметінің бастығы, қызмет штабының бастығы –облыстық ауыл шаруашылығы департаменті бастығының оырнбасары. Оларға АҚ және ТЖ мәселелері бойынша ұйыдастыру жағынан: -Ауыл шаруашылығы министрлігің облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша); -«Облыстық ветеринарлық лаборатия» РМК; және меншік үлгісіне байланыссыз ауыл шаруашылығының басқа да кәсіпорындары бағындырылсын.
Тармақша 12
12) жолдар және көпірлер-Қарағанды мемлекеттік автокөлік жолдары мекемесі негізінде,қызмет бастығы –Қарағанды мемлекеттік автокөлік жолдары мекемесінің бас инженері. Оларға АҚ және ТЖ мәселелері бойынша ұйымдастыру жағынан: -«Қарағанды жолдары» ААҚ; -«Жеқазған жолдары» ААҚ; -«Қазақавтожол» РМҚ Қарағанд филиалы; -«Ритм» ЖШС; -«Ұлан» ӨК; -«Бірлік» ЖШС; «Тастемир» ЖШС; және меншік үлгісіне байланыссыз атқаратын қызметтері ұқсас мекемелер мен ұйымдар бағындырылсын.
Тармақша 13
13) сумен қамтмасыз ету және су көздерін қорғау- Қарағанды су шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны негізінде, қызмет бастығы –«Қарағанды су шаруашылығы» РМК директоры, қызмет штабының бастығы –Нұра-Сары су бассейн-су шаруащылығы басқармасының бастығы. Оларға АҚ және ТЖ мәселелері бойынша ұйымдастыру жағынан: -«Су канал» ЕАТАҚ; -Нұра-Сары су бассейн –су шаруашылығы басөармасы; -«Қарағанды энерго көмір» ӨБ; -«Қ.И. Сәтпаев атындағы Ертіс-Қарағанды каналы» РМҚ; -«РОТОР» ӨК; және меншік үлгісіне байланыссыз атқаратын қызметтері ұқсас мекемелер ен ұйымдар бағындырылсын.
Тармақша 14
14) әуе көлігі-«Сары-Арқа әуежайы» ААҚ негізінде, қызмет бастығы – «Сары-Арқа әуежайы» ААҚ президенті, қызмет штабының бастығы-«Сары-Арқа әуежайы» ААҚ вице-президенті. Оларға АҚ және ТЖ мәселелері бойынша ұйымдастыру жағынан: -«Тұлпар-Әуе сервис» әуе компаниясы; -«Траст» әуе компаниясы; -«Перан» әуе компаниясы; Және меншік үлгісіне байланыссыз әуе күштері бар басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар бағындырылсын.
Тармақша 15
15) радиациялық және химиялық қорғау – облыстық СЭС,штаб қызметінің бастығы- облыстық СЭС радиологиялық бөлімінің меңгерушісі. Оларға АҚ және ТЖ мәселелері бойынша ұйымдастыру жағынан: -«Эко-эксперт» ЖШС; -облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы; -облыстық Гидрометорталық; және меншік нысанына және ведомстволық бағыныстығына байланыссыз радиациялық және химиялық зерттеулермен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар бағындырылсын.
Тармақ ii
II. Қалалар мен селолық аудандар әкімдері, облыс экономикасы объектілерінің басшылары АҚ және ТЖ -хабарлау және байланыс; -қоғамдық тәртіпті сақтау; -өртке қарсы; -медициналық; -инженерлік; -сауда және тамақтандыру; -коммуналды-техникалық; -жанар-жағар материалдар; -энергетикалық; -техникалық; -жолдар және көпірлер; -автокөлік; -материалды-техникалық қамтамасыз ету; -өсімдіктер мен жануарларды қорғау қызметтерін құрсын; Қажет болған жағдайда басқа да қызметтер құрсын.
Тармақ iii
III. Облыстық АҚ және ТЖ қызметінің бастықтары, қалалар мен аудандарды тиісті қызметтерімен бірлесе отырып, АҚ және ТЖ мәселелері бойынша өзара іс-әрекет және өзара хабарлауды қамтамасыз ұйымдастырсын.
Тармақ iv
IV. Қарағанды облысы әкімінің 1997 жылғы 15 тамыздағы «Облыстың АҚ және төтенше жағдайлар қызметін құру туралы» N56 және 1998 жылғы 21желтоқсандағы «Облыс әкімнің 1997 жылғы 15 тамыздағы «Облыстың АҚ және төтенше жағдайлар қызметін құру туралы N56 шешіміне өзгертулер енгізу туралы» N190 шешімдерінің күші жойылған деп табылсын.
Тармақ v
V. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімі орынбасарының міндетін атқарушы П.А. Ильнипцкийге жүктелсін.
Басқа 1. АҚ және ТЖ олбыстық сауда және тамақтандыру, жанар-жағар материалдар қызметіне кіретін ұйымдар ТІЗІМІ
Қарағанды облысы әкімінің 2000 жылғы 05.09. N 155 шешіміне N 1 қосымша АҚ және ТЖ олбыстық сауда және тамақтандыру, жанар-жағар материалдар қызметіне кіретін ұйымдар ТІЗІМІ АҚ және ТЖ мәселелері бойынша облыстық қызметке ұйымдық жағынан бағынатын кәсіпорындар: а) сауда және тамақтандыру: - «Қарағанды –Нан» ААҚ; -«Бакалейсауда» ЖШС; -«Балық» ЖШС; -«Весна» кафесі» ЖШС; -Облыстық тұтынушылар одағы; -«Испат-Кармет» АҚ тамақтандару комбинаты, Теміртау қаласы; -«Бидай-Нан» АҚ, Теміртау қаласы; -«Қазақмыс» Корпорациясы» АҚ тағам және тамақтандыру жөніндегі басқармасы, Жезқазған қаласы; -«Абай тігін фабрикасы» АҚ; -«Фриден» ЖШС, Абай қаласы; -«БКМК» КАПТ, Балхаш қаласы; -«Тұлпар» АҚ; -«Береке» ЖШС; -«Қарағанды маргарин заводы» ААҚ; -«Плодоовощторг» ЖШС; -«Еско» ӨБ; -«Томирис» ӨБ; -«Азия-Кросс» ЖШС және басқалар. б) жанар-жағар материалдар: - «Қарағанды терминал мұнай» ЖШС; -«Қарағанды мұнай өнімдері» ААҚ; -«Концерн Азия-Центр» ЖАҚ; -«Глотур» ЖШС; -«Каржас» ЖШС; -«Самус» ЖШС; -«Маркет» ЖШС; -«Сұңқар» ЖШС және басқалар.