Об утверждении Правил использования объектов коммунальной собственности в качестве залогового обеспечения при кредитовании субъектов малого предпринимательства Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың ережесін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 12.11.2009 № 27 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 шілдедегі № 1028 «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік субъектілерін пайдалану мәселелері» қаулысын орындауда, несие ресурстарына шағын кәсіпкерлік субъектілерінің барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелерін кепілдікпен қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншікті пайдаланудың біртұтас негізін құру мақсатында шештім:
Тармақ 1
1. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың ережесі (Ереже) бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстың қала және аудан әкімдерінің көрсетілген ережелерді сақтауы үшін бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.А. Құланбаевқа жүктелсін.
Басқа 3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуде кепілдікті қамтамасыз ету ретіндегі коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың ережесі
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылдың 19 қыркүйектегі № 178 шешіміне қосымша Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуде кепілдікті қамтамасыз ету ретіндегі коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы жағдайлар
1. Жалпы жағдайлар
Тармақ 1
1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 4189 Жарлығымен бекітілген, 1999-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында әзірленген және шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың бір тұтас негізін анықтайды.
Тармақ 2
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуде коммуналдық меншік объектілері кепілдікті қамтамасыз ету ретінде шаруашылық жүргізу құқығында мемлекеттік кәсіпорындар (МКК) жанынан кепілдік қорларын кұру жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Коммуналдық меншік объектілерін кепілдік корға беру туралы шешімді облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері қабылдайды.
Тармақ 4
4. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуде коммуналдық меншік объектілері кепілдікті қамтамасыз ету МКК өзінің кәсіпкерлік тәуекелділігін сақтандыруды жүргізуді жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Кепілдік мүлікті іріктеу және бағалау
2. Кепілдік мүлікті іріктеу және бағалау
Тармақ 5
5. Әкім коммуналдық меншік объектілеріне жыл сайын түгендеу жүргізеді, сонымен қатар тізімді бекітеді, бұл жерде объектінің аты, оның орналасқан жері, баланстық құны және басқада жағдайлары көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Тізімді кұру кезінде 1995 жылғы 31 тамыздағы «Банк және банк қызметі туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен сәйкес несиелікке кепілдік қамтамасыз етуге несиелік ұйымдардың талап етуіне сәйкес коммуналдық меншік объектілеріне баға беріледі.
Тармақ 7
7. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуде кепілдіктікті қамтамасыз ету ретінде ұсынылған коммуналдық меншік объектілерінің тізімі Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен келісілгеннен кейін әкіммен бекітіледі. Сонымен қатар, корсетілген тізімге білім және денсаулық сақтау объектілерін енгізу облыстық білім департаменті және денсаулык сақтау басқармасы келісімімен жүзеге асады. Аумақ көлеміндегі облыстық мекемелер мен кәсіпорындарда жедел басқару және шаруашылық жүргізу құқығындағы объектілерді енгізу басқарманың облыстық ұйымдарының өзара сәйкес келісімімен жүзеге асады.
Тарау 3. 3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеу
3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеу
Тармақ 8
8. Әкім шешімімен коммуналдық меншік объектілерін кепілдікті қамтамасыз ету есебімен несиеленетін шағын кәсіпкерлік субъектілердің жобаларын іріктеу комиссиясы құрылады (әрі қарай - комиссия).
Тармақ 9
9. Комиссияны әкім басқарады.
Тармақ 10
10. Қызметі бойынша МКК басшысы Комиссия хатшысы болады. Комиссия хатшысының ұсынысы бойынша 5 адамнан аспайтын Комиссиясының жеке құрамын әкім бекітеді.
Тармақ 11
11. Комиссиясының жұмыс ұйымы қызметі МКК - ға жүктеледі.
Тармақ 12
12. Комиссиясының жұмысшы органы комиссия мәжілісінің күн тәртібі жөнінде ұсыныстар дайындайды; өз құзыры шеңберінде комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді; Комиссия мүшелерінің және оның жұмысына тартылған мамандар қызметін бақылайды; шагын кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін тіркеуді жүзеге асырады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларды іріктеуге қатысуына өтінішін тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
Тармақ 13
13. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша іріктеуді жүзеге асыру 2 кезеңде жүргізіледі. Жобаларды іріктеудің алғашқы кезеңінде жұмысшы орган оларга экономикалық, ұйымдық, маркетингтік және қаржылық көзқараспен талдау жасайды және несиелеуге мүмкіншілігі туралы қорытынды беру мен сарап жүргізу үшін несиелік ұйымдар қарауына береді. Несиелік ұйымдардан оң қорытынды алған өтініштерді жұмысшы орган мәжіліс күнінен 3 күн бұрын комиссия мүшелерінің қарауына және несиелік ұйымдардың қорытындысы бар қосымшамен бірге береді.
Тармақ 14
14. Комиссия өз қызметін заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асыру үшін: сарапшылар және кеңес берушілер жұмысына ғалымдарды, беделді кәсіпкерлерді, басқару органдарының өкілдері мен басқа да мамандарды тартады; уақытша және турақты қызмет ететін сарапшылық және жұмысшы топтарын ұйымдастырады; қажетті ақпараттық, аналитикалық, анықтама - статистикалық материалдар, сонымен қатар ведомствоның нормативтік құқық актілерін алады.
Тармақ 15
15. Жобаларды сұрыптау кезінде келесі талаптар ескеріледі:
Тармақша 1
1) бюджет алдында шағын кәсіпкерлік субъектісінің қарызының болмауы;
Тармақша 2
2) несиелік қағаздың (досье) бар болуы, егер мұндай болса;
Тармақша 3
3) облыс әкімімен жыл сайын бекітілетін шағын бизнес дамуының артықшылық бағыттары және облыстың дамуының индикативтік жоспармен жобаның сәйкестігі.
Тармақ 16
16. Комиссия тіркелген күннен бастап 2 айдан кешіктірмей, несиелік ұйымдардан алынған қорытынды өтініштерді қарайды.
Тармақ 17
17. Комиссия мәжілісін қажеттілікке байланысты тоқсанына кем дегенде бір рет комиссия төрағасы жинайды. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру жолымен үштен екі дауыспен қабылданады. Комиссия шешіміне комиссия төрағасы және хатшысы қол қояды. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол қағаз жүзінде баяндалуы тиіс және комиссия мәжілісі хаттамасына қосылады.
Тармақ 18
18. Жобаларды іріктеу мен несиелеуге ұсынуда Комиссия мүшелері қабылданған шешім үшін Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдегі «Жемқорлықпен күрес туралы» заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының басқа да заңды актілеріне сәйкес жауапты.
Тармақ 19
19. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне кепілдікті қамтамасыз етуді ұсынудан бас тартқан жағдайда жұмысшы орган жобаларды іріктеу кезеңінен кейін 3 күн ішінде бас тарту негізін көрсетумен жазбаша түрде кәсіпкерліктің шағын субъектісіне хабарлауға міндетті.
Тарау 4. 4. Кепілдікті қамтамасыз етуді ресімдеу
4. Кепілдікті қамтамасыз етуді ресімдеу
Тармақ 20
20. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін беру туралы келісім шартының қорытындысы жөніндегі МКК шешімін қабылдау негізі - комиссияның хаттамалық шешімі болып табылады.
Тармақ 21
21. Шағын кәсіпкерліктің субъектілері несие аларда несие беруші МКК болып табылады.
Тармақ 22
22. МКК - ның кепілдемелік қамсыздануымен объектілерді қолданғаны үшін ай сайын алынған несиенің 0,1 проңенті мөлшерінде шағын кәсіпкерлік субъектілерімен төленетін сыйақы (қызығушылық) ставкасы бекітіледі.
Тармақ 23
23. МКК егерде қаржыландыру жобасының оң шешімі болса, 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2723 «Қозғалмайтын мүлік ипотекасы туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісімен және несиелік ұйымдарымен ипотекалық шарт жасалады.
Тармақ 24
24. Ипотекалық келісім - шартта кепілді мүліктің бағалау құны, негізгі міндеттемелерінің жүзеге асуы, оның мөлшері мен орындалу мерзімі, екі жақтың құқығы мен міндеттері, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерімен несие беруді мақсатты қолдануға бақылауды жүзеге асыруға МКК құқығы көрсетіледі, сонымен қатар кез-келген жақтың өтініші бойынша ипотекалық келісім-шартта келісім болу керек және заңмен тыйым салынбаған басқада жағдайлар.
Тармақ 25
25. Ипотекалық келісім-шарт Қостанай облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде тіркелуі тиіс.