О присвоении наименований новым улицам микрорайонов села Туздыбастау Туздыбастауского сельского округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұздыбастау ауылдық округі Тұздыбастау ауылының ықшам аудандарындағы жаңа көшелерге ат қою туралы РҚАО ескертпесі. Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Тұздыбастау ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тұздыбастау ауылдық округі Тұздыбастау ауылының "Арман", "Айжарық", "Жайлау" ықшам аудандарындағы жаңа көшелерге келесі аттар қойылсын:
Тармақша 1
1) Тұздыбастау ауылы "Арман" ықшам ауданының оңтүстіктен солтүстік-шығысына қарай орналасқан бірінші көшеге "Бектасов Әшімбек", екінші көшеге "Тегенбаев Әлхан", үшінші көшеге "Баржықбаев Дәуренбек", төртінші көшеге "Күшікбаев Станбақ", бесінші көшеге "Темірлан", алтыншы көшеге "Кәрімов Шахмұрат";
Тармақ 2
2. Тұздыбастау ауылы "Айжарық" ықшам ауданының оңтүстіктен солтүстік-шығысына қарай орналасқан төртінші көшеге "Иманғалиев Нұрмолда", бесінші көшеге "Чүкібасов Бекен", алтыншы көшеге "Мермұхамедов Әбдіхай", жетінші көшеге "Байғарашев Әбділдә", сегізінші көшеге "Аманжолов Кебекбай", тоғызыншы көшеге "Мақатов Айдос";
Тармақша 3
3) Тұздыбастау ауылы "Жайлау" ықшам ауданының оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан бірінші көшеге "Саркеев Ахмет".
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Тұздыбастау ауылдық округ әкімінің орынбасары Сейтова Беріккүл Күнболатқызына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.