Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қаулы · № 12 · қабылданған 21.01.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-71180/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка Күшін жойған Қаулы ·№ 12 ·21.01.2013
12.11.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Күшін жойған Қаулы ·№ 12 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Атауы (қаз.)
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
12
Қабылданған күні
21.01.2013
Көрсетілген редакция
12.11.2013 71180_171660.kaz
Соңғы өзгеріс
12.11.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13SB002190
ЭКБ идентификаторы
71180
Редакция идентификаторы
71180_171660
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:56

0 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабының 2-тармағына, «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңы 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қосымшаға келісті қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен мөлшерлерi айқындалсын.

2 2. Қоса берiлген Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы бекiтiлсiн.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің орынбасары С.Ә. Сабралинға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысының
ішкі істер департаменті Аққайың
ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы
С. Сахатов
2013 ж. 21 қаңтар

5 Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң

2013 жылғы 21 қаңтардағы
№ 12 қаулысына
Қосымша
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен мөлшерлерi

1 1. Аққайың ауданы әкiмiнiң Алғыс хаты.

2 2. 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

3 3. Бағасы 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын құнды сыйлық.

9 Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң

2013 жылғы 21 қаңтардағы
№ 12 қаулысымен бекiтiлдi
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы
Осы Қағида қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.

1 1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

2 2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi iстер департаментi Аққайың ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – СҚО IIД Аққайың ауданының ІІБ) енгiзедi.

3 3. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

4 4. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

5 5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша СҚО IIД Аққайың ауданының ІІБ бастығының бұйрығы шығарылады.

6 6. СҚО IIД Аққайың ауданының ІІБ ақшалай сыйақыны төлеудi және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

7 7. Көтермелеулердi төлеуге қаражат облыстық бюджетте, Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті 252 003 «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу» бюджеттiк бағдарламасымен көзделедi.

8 8. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн азаматтарға Аққайың ауданы әкiмiнiң Алғыс хатын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар берудi СҚО IIД Аққайың ауданының ІІБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

Қолданыстағы