Об утверждении Правил проведения инфекционного контроля в медицинских организациях Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтарда № 33 қаулысымен бекітілген «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) Іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 213-тармағы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Ж.М. Бекшин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында инфекциялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылды:
Тармақша 1
1) антисептика – емдеуді қамтамасыз ету және инфекциялық үдерістің дамуының алдын алу мақсатында терідегі, сілемейлі қабықшалардағы, жаралар мен қуыстардағы ықтимал қауіпті микрооргнизмдердің тіршілік етуіне бөгет жасау немесе жою тәсілдерінің жиынтығы;
Тармақша 2
2) антисептиктер – антисептика жүргізуге арналған химиялық, биологиялық құралдар;
Тармақша 3
3) антибиотиктер – микроорганизмдердің өсуін бәсеңдететін, шығу тегі табиғи немесе жартылай синтетикалық дәрілік препараттар;
Тармақша 4
4) ауруханаішілік инфекция (бұдан әрі – АІИ) – пациенттің денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызметтерді алуымен байланысты бактериялық, вирустық, паразиттік немесе грибоктен пайда болатын кез келген инфекциялық ауру немесе қызметкердің медициналық ұйымда жұмыс істеуі салдарынан пайда болатын инфекциялық ауру;
Тармақша 5
5) дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою бойынша шаралар кешені;
Тармақша 6
6) дезинфекциялық құралдар – дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу жүргізуге арналған химиялық, биологиялық құралдар;
Тармақша 7
7) инфекцияның көзі – микроорганизмдердің жиналуын, өсуін, көбеюін және қоршаған ортаға бөлінуін қамтамасыз ететін олардың өмір сүруінің табиғи ортасы;
Тармақша 8
8) инфекциялық бақылау – ауруханаішілік инфекциялардың туындауының және таралуының алдын алуға бағытталған ұйымдастыру, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүйесі;
Тармақша 9
9) инкубациялық кезең – инфекция қоздырғыштары организмге түскен сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейінгі уақыттың бөлігі;
Тармақша 10
10) инфекциялық бақылау маманы – АІИ-ның алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыратын, олардың орындалуын бақылайтын, медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау мәселелері бойынша персоналды оқытуды және АІИ-ның мониторингін қамтамасыз ететін дәрігер-эпидемиолог және/немесе арнайы оқытылған мейірбике;
Тармақша 11
11) инфекциялық бақылау стандарттары – инфекциялық бақылау жүйесін ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;
Тармақша 12
12) медициналық ұйымға инфекцияның әкелінуі – стационарға түскенге дейін болған және стационарда пайда болған немесе анықталған инфекциялық аурулар;
Тармақша 13
13) медициналық манипуляциялар жүргізу алгоритмі – ауруханаішілік инфекциялардың дамуы тәуекелін азайту мақсатында емдеу-диагностикалық манипуляциялар және профилактикалық іс-шаралар жүргізу технологиясы;
Тармақша 14
14) тәуекел факторлары – бұл АІИ-ның пайда болуына мүмкіндік беретін қоршаған ортаның немесе организмнің өзінің жағдайы және инфекция қоздырғышын беруге қатысатын қоршаған ортаның элементтері;
Тармақша 15
15) штамм – микроорганизмнің таза өсіріндісі;
Тармақша 16
16) экзогенді инфекция – сырттан енген микроорганизмдерді жұқтырудың нәтижесінде дамитын инфекция;
Тармақша 17
17) эндогенді инфекция – организмнің өз қоздырғыштарының белсенділігі нәтижесінде дамитын инфекция;
Тармақша 18
18) эндометрит – жатырдың сілемейлі қабығының ішкі беткі қабатында қабыну (эндометрия) үдерісін тудыратын ауру;
Тармақша 19
19) эпидемиологиялық қадағалау – медициналық көмектің және инфекциялық аурулардың алдын алудың сапасын жақсарту жөніндегі шараларды қабылдау үшін жауапты адамдарды ақпаратпен қамтамасыз ету және инфекциялар жағдайлары туралы деректерді жүйелі жинау, салыстыру және талдау;
Тармақша 20
20) эпидемиологиялық маңызы бар медициналық манипуляциялар – медициналық манипуляциялар жүргізу кезінде медициналық манипуляциялардың алгоритмі бұзылған жағдайда, АІИ-ның пайда болуы мүмкін медициналық манипуляциялар.
Тарау 2. 2. Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялық ауруларды бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
2. Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялық ауруларды бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
Тармақ 3
3. Инфекциялық бақылау жүйесі қызметін үйлестіруді медициналық ұйымның бірінші басшысы қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Инфекциялық бақылау жүйесін тиімді ұйымдастыру үшін әрбір медициналық ұйымда осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қолданыстағы Медициналық ұйымдарды инфекциялық бақылау комиссиясы туралы үлгілік ережеге сай инфекциялық бақылау комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) құрылады.
Тармақ 5
5. Комиссияның құрамына төраға - медициналық ұйымның басшысы немесе оның орынбасары, осы медициналық ұйымның қызметкерлерінен тұрақты мүшелері: (госпитальдық эпидемиолог, инфекциялық бақылау мейірбикесі, дәрігер-хирург, дәрігер-инфекционист, дәрігер-терапевт, дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, дәрігер-бактериолог, дәріхана меңгерушісі, бас мейірбеке) кіреді. Медициналық ұйымдардың бейініне байланысты басшының шешімі бойынша басқа бейіндегі мамандар: дәрігер-паталогоанатом (АІИ-дан өлім-жітім жағдайы тіркелген жағдайда, инженерлік бейіндегі маман (ғимараттарды пайдалану мәселелерін талқылау кезінде), экономист (АІИ жағдайларынан болған экономикалық залалды есептеу үшін), басқа мамандар тартылады.
Тармақ 6
6. Әрбір медицина ұйымында бейінді, емдеу-профилактикалық үдерістің спецификалық ерекшеліктерін, қаржылық және материалдық ресурстарды есепке ала отырып, инфекциялық бақылауды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыс бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірленеді.
Тармақ 7
7. Бағдарлама мынадай бөлімдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) АІИ-ды толық және уақтылы есепке алуды және тіркеуді ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) АІИ-мен және госпитальдық инфекциялармен сырқаттанушылықты егжей-тегжейлі талдау және олардың пайда болу себептерін анықтау, тәуекел факторларын анықтау, АІИ-ның өршуін тексеру және жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау;
Тармақша 3
3) жедел эпидемиологиялық талдау, госпитальдық штаммдардың қалыптасуын қадағалау, эпидемиологиялық жағдайды болжау негізінде емдеу және диагностикалық ем-шараларды эпидемиологиялық қауіпсіз орындау алгоритмдерін (технологияларды), санитариялық-эпидемияға қарсы режимді әзірлеу (операциялық және босану блогын өңдеу, қорытынды дезинфекция, күрделі жинау жүргізу, эндоскопиялық жабдықты, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өңдеу);
Тармақша 4
4) микробиологиялық мониторингті ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) антибиотикпен алдын алу бағдарламасын және антибиотикпен емдеу тәсілдерін әзірлеу;
Тармақша 6
6) инфекциялық бақылау мәселелері бойынша медицина персоналын оқыту;
Тармақша 7
7) кәсіптік сырқаттанушылық жағдайларының алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.
Тармақ 8
8. АІИ жағдайларын уақтылы анықтау, тіркеу мақсатында емдеуші дәрігерлер АІИ жағдайларын белсенді анықтауды жүргізеді. Инфекциялық бақылау жөніндегі маман нозокоминальды инфекцияның даму тәуекелі жоғары денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелеріне аптасына кемінде екі рет клиникалық тексеріп аралауға қатысады, зертханалық тексеру нәтижелерін, температуралық парақтар деректерін, ауру тарихындағы антибактериальдық терапияның тағайындалуын (ауысу, күшейту), патологиялық-анатомиялық бөлімше есептерін талдайды.
Тармақ 9
9. АІИ-дың жағдайы эпидемиологиялық диагностика деректерінің, науқас адамда болатын (эндогенді факторлар) және медициналық араласу жүргізумен байланысты тәуекел факторларының, ауруханаішілік инфекцияларды анықтау критерийлері ескеріле отырып негізінде комиссиямен анықталады.
Тармақ 10
10. Медициналық ұйымда болған кезеңде немесе одан шығарылғаннан кейін инкубациялық кезең уақытында анықталған инфекциялық аурулар осы медициналық ұйымның АІИ ретінде есепке алынуға жатады.
Тармақ 11
11. Медициналық ұйымнан шығарылғаннан кейін 7 тәулік ішінде жаңа туған нәрестелердің тері инфекциясы анықталса, осы медициналық ұйымның АІИ ретінде есепке алынуға жатады, эндметрит - медициналық ұйымнан шығарылғаннан кейін 14 тәулік ішінде.
Тармақ 12
12. Медициналық ұйымда болған кезеңде немесе одан шығарылғаннан кейін 30 тәулік ішінде аңықталған хирургиялық және терапиялық араласудың асқынулары, имплантант болғанда - операциядан кейін 1 жыл ішінде аңықталған асқынулар.
Тармақ 13
13. АІИ жағдайын тіркеу туралы мәліметтерді беру кезінде медициналық ұйымға келіп түскен күні, АІИ белгілері пайда болған күні, тоқтату, бұрын болған медициналық манипуляциялар (бөлім, емдеу-диагностикалық ем түрлері) көрсетіледі. Ауруханаішілік сырқаттанушылықтың анықталған әрбір жағдайы инфекциялық ауруларды тіркеу журналына енгізіледі.
Тармақ 14
14. Шұғыл хабарландыру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5908 болып тіркелген «Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен улануларды тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 706 бұйрығына сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына жіберіледі.
Тармақ 15
15. Инфекцияның әкеліну жағдайлары туралы ақпарат жұқтыру болған медициналық ұйымға және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органына жіберіледі.
Тармақ 16
16. АІИ жағдай анықталған кезде инфекцияның көзін анықтау, оның берілу факторлары мен жолдарын анықтау, АІИ-ның жаңа жағдайларының тіркелуінің алдын алу бойынша шаралар қолданылатын эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Бір инкубациялық кезеңде бір медициналық ұйымда тіркелген АІИ-дың 3 жағдайға дейін тіркелген кезде (өлім-жітім жағдайларын қоспағанда) эпидемиологиялық тексеруді медициналық ұйымның госпитальдық эпидемиологы жүргізеді. Бір инкубациялық кезеңде бір медициналық ұйымда тіркелген АІИ-дың өлім-жітім жағдайы, сондай-ақ АІИ-дың 4 және одан да астам жағдайлары тіркелген кезде эпидемиологиялық тексеруді аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органының мамандары жүргізеді.
Тармақ 18
18. АІИ-дың микробиологиялық мониторингі медициналық ұйымының өзінің зертханасы базасында немесе патогендіктің III-IV тобындағы микроорганизмдермен жұмысқа рұқсаты бар зертханамен шарт ретінде жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Медициналық ұйым мынадай микробиологиялық зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді: АІИ-дың қоздырғыштарының бөлінуі және пациенттер мен персоналдан госпитальдық инфекцияның бөлінуі және сәйкестендіру; микроорганизмдердің бөлінген штаммдарының осы медициналық ұйымдарда қолданылатын антибиотиктерге, антисептиктерге, дезинфекциялау құралдарына сезімталдығын анықтау, қажет болғанда кейіннен оларды ауыстыру. Антибиотиктік сезімталдығын анықтау кезінде сезімталдығын анықтау үшін сол бір өндірушінің антибиотиктері мен дискілері пайдаланылады.
Тармақ 20
20. Хирургиялық бейіндегі бөлімшелердегі, ана мен баланы қорғау ұйымдарындағы сыртқы ортаның эпидемиологиялық маңызы бар объектілерінен алынған жұғындылардың әдісімен жоспарлы өзін-өзі бақылау айына 1 рет жүзеге асырылады, соматикалық бейіндегі бөлімшелерде – 3 айда 1 рет. Құрал-саймандардың, таңу материалының, операциялық киім-кешектердің, хирургтардың қолының, хирургиялық бейіндегі бөлімшелердегі, ана мен баланы қорғау ұйымдарындағы операция орны терісінің стерильдігін бақылау аптасына 1 рет жүргізіледі. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеу тізбесі мен көлемі нақты эпидемиологиялық жағдайға сәйкес айқындалады.
Тармақ 21
21. АІИ тіркелген кезде инфекция көзін анықтау мақсатында медициналық ұйымның персоналын және АІИ-мен ауыратын науқастармен байланыста болған пациенттерді инфекциялық аурулардың қоздырғыштары болуына зертханалық тексеру жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылығы анықталған медицина персоналы диагнозын анықтау және емделу үшін инфекционист-дәрігерге жіберіледі. Тасымалдаушылар зерттеу және емделу кезеңінде эпидемиялық қауіп төндірмейтін жұмысқа ауыстырылады.
Тармақ 23
23. Медициналық қалдықтарды жинауды, зарарсыздандыруды, уақытша сақтауды, тасымалдауды және кәдеге жаратуды ұйымдастыру мен өткізу «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 қаулысымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 24
24. Гирудотерапия қызметін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында сүліктермен бір рет пайдаланылады, содан кейін жойылады.
Тармақ 25
25. Қолданған кейін сүліктер тұзы бар лотоктарға салынады, қан түкіріп болғаннан кейін полиэтиленді пакетке салынады және дезинфекциялау құралы себіледі. Пайда болған ұйыған қанға дезинфекциялау құралын себеді және кемінде 60 минутқа қояды және кәрізге төгеді.
Басқа 1-1. Медициналық ұйымдарды инфекциялық бақылау комиссиясы туралы үлгілік ереже
Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды жүргізу қағидаларына 1-қосымша Медициналық ұйымдарды инфекциялық бақылау комиссиясы туралы үлгілік ереже
Тармақ 1
1. Инфекциялық бақылау жөніндегі комиссияның қызметі әзірленген және медициналық ұйымның басшысы бекіткен Бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Медициналық ұйым басшысының бұйрығымен стационардың барлық бөлімшелерінде инфекциялық бақылауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар бекітіледі.
Тармақ 3
3. Комиссия медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету бойынша жұмысқа тартылған мамандардың өзара іс-әрекетін үйлестіреді.
Тармақ 4
4. Инфекциялық бақылау жөніндегі іс-шаралар сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық талдау нәтижелері негізінде әзірленеді және ағымдық жағдайға сәйкес тұрақты түзетіледі.
Тармақ 5
5. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ айына 1 реттен сиретпей жұмыс қорытындысын тыңдау арқылы өткізіледі.
Тармақ 6
6. Комиссия шешімдерін медициналық ұйымдардың барлық қызметкерлері орындауға міндетті.
Тармақ 7
7. Медициналық манипуляциялардың эпидемиологиялық маңыздылығын, оқшаулау-шектеу іс-шараларының тиімділігін, стерильдеу және дезинфекциялау әдістерін бағалау тұрақты жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Комиссия төрағасы (бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары) мынадай міндеттерді орындайды:
Тармақша 1
1) инфекциялық бақылаудың басымды мәселелерін айқындайды;
Тармақша 2
2) комитет қызметіне басшылық ету мен үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) комиссия отырыстарын уақтылы өткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) инфекциялық бақылау жоспарына сәйкес инфекциялық бақылаудың жекелеген іс-шараларын өткізуге жауапты адамдарды анықтайды;
Тармақша 5
5) басшылықтың араласуын талап ететін проблемалы мәселелер туралы, отырыстарда қабылданған жоспар мен шешімдердің орындалуы туралы конференцияда баяндайды;
Тармақша 6
6) ғылыми - практикалық конференция өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) инфекциялық бақылау бойынша алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені енгізеді;
Тармақша 8
8) комиссия қызметіне және өткізілетін іс-шаралардың тиімділігіне талдау жүргізеді.
Тармақ 9
9. Комиссия төрағасының орынбасары (госпитальдық эпидемиолог) мыналарды жүргізеді:
Тармақша 1
1) отырысқа материалдарды дайындауды, жоспарлауды;
Тармақша 2
2) инфекциялық бақылау бойынша медицина кадрларын даярлауды;
Тармақша 3
3) нысаналы бағдарламаларды, ұсынымдарды әзірлеуді.
Тармақ 10
10. Комиссия хатшысы (эпидемиолог) мыналарды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) іс қағаздарын жүргізуді;
Тармақша 2
2) деректер базасын жасауды және толықтыруды;
Тармақша 3
3) материалды дайындауға қатысуды.
Тармақ 11
11. Клиникалық мамандар (хирург, педиатр, акушер-гинеколог және басқа да клиницистер) мыналарды жүргізеді:
Тармақша 1
1) медициналық көмек сапасын бағалауды;
Тармақша 2
2) операциядан кейінгі асқынулар мен олардың алдын алуды бағалау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуді;
Тармақша 3
3) оқыту бағдарламасын әзірлеуді және тиісті бейіндегі медицина персоналын даярлауды;
Тармақша 4
4) инфекциялық бақылау мәселелері бойынша медициналық қызметкерлер құрамын оқыту бағдарламаларын әзірлеуді;
Тармақша 5
5) бөлімшеде инфекциялық бақылауды ұйымдастыру принциптерін әзірлеуді: бөлімде есепке алуға және тіркеуге жататын жұқпалы аурулардың тізбесін айқындайды, эпидемиологиялық қадағалау бағдарламасына сәйкес ақпаратты беруді жинау мен ұйымдастырады, барабар эпидемияға қарсы режимді, ауруды талдауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 12
12. Экономист госпиталдық жұқпалы аурулар кезінде экономикалық залал есебін жасауға және өткізілетін инфекциялық бақылау бағдарламасының экономикалық тиімділігін талдауды жүргізу тиіс.
Тармақ 13
13. Микробиолог мыналарды жүргізеді:
Тармақша 1
1) жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы мүдделі адамдарға уақтылы ақпарат беруді;
Тармақша 2
2) науқаспен және сыртқы орта объектілерінен сынама алу алгоритмдерін әзірлеуді, зерттеулер көлемін айқындауды;
Тармақша 3
3) микробактериологиялық зерттеу үшін сынама алу, сақтау және жеткізу, микробиологиялық зерттеулердің алынған нәтижелерін дұрыс түсіндіру бойынша мамандарды оқытуды;
Тармақша 4
4) микробиологиялық зертханаларды материалдық-техникалық жабдықтаудың перспективалық дамуын жоспарлауды, микробиологиялық зерттеулердің көлемі жөнінде ұсынымдар әзірлеуді;
Тармақша 5
5) базалар деректерін қамтамасыз етуді: деректерді және бөлінген өсінділерді сақтауды, микробактериологиялық зерттеулердің сапасын бақылауды.
Тармақ 14
14. Бас мейірбике мыналарды жүргізеді:
Тармақша 1
1) жасалған және бекітілген оқыту бағдарламасына сәйкес орта буынды медицина персоналын манипуляциялар мен емшараларды жүргізу ережесіне оқытуды, білімді бақылауды (жұмыс орнында немесе тестілеуде) жүргізуді;
Тармақша 2
2) эпидемиологтың басшылығымен эпидемиологиялық қадағалауды;
Тармақша 3
3) шығыс материалдарына қажеттілікті бағалауды;
Тармақша 4
4) санитариялық-гигиеналық және дезинфекциялық-стерильдеу режимінің сақталуын, медицина персоналы асептика және антисептика қағидаларын сақтауын ұйымдастыруды.
Тармақ 15
15. Дәріхана меңгерушісі мыналарды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) микробқа қарсы препараттардың қажеттілігін бағалауды және оларды кәдеге жаратуды;
Тармақша 2
2) дәрілік заттардың сапасы мен стерильдігін бақылауды;
Тармақша 3
3) бөлімшелердің стерильді дәрілік нысандарға қажеттілігін бағалауды және олармен үздіксіз қамтамасыз етуді.