Положение Об аттестации судебных экспертов Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СОТ САРАПШЫЛАРЫН АТТЕСТАЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 05.08.2005 № 214 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Сот сараптамасы заңын" іске асыру мақсатында:
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы сот сарапшыларын аттестациялау туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығында сот сарапшысы біліктілігін беру тәртібі туралы Ереже және Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Сот сараптамасы орталығы жанында сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі біліктілік комиссиясы қызметінің тәртібі туралы Нұсқау бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау юстиция Вице-Министрі А.К. Дауылбаевқа жүктелсін.
Тармақ i. I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1.1
1.1. Сот сарапшыларын аттестациялау Қазақстан Республикасы "Сот сараптамасы туралы" Заңының 16-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Сот сарапшыларының аттестациясы сот сарапшыларының кәсіби біліктілігінің өсуін бағалау мен ынталандыру мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 1.2
1.2. Аттестациядан Қазақстан Республикасы сот сараптамасы органдарының қызметкері болып табылатын сот сарапшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Сот сараптамасы туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының талаптарын орындайтын, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің сот сараптамасы орталығы жанындағы немесе Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің комиссиядан Сот-медицина орталығы жанындағы біліктілік емтиханын тапсыру нәтижесі бойынша сот сарапшысы біліктілігі берілген басқа да адамдар өтеді.
Тармақ 1.3
1.3. Қазақстан Республикасында сот-сараптама қызметін жүзеге асыру құқына лицензия алу үшін аттестациядан өту міндетті шарт болып табылады.
Тармақ 1.4
1.4. Сот сарапшыларын аттестациядан өткізу үшін Әділет министрінің бұйрығымен Әділет Министрлігінің жанынан Аттестациялық комиссия құрылады, ол тұрақты негізде жұмыс істейді.
Тармақ 1.5
1.5. Комиссия құрамына кіретіндер: Қазақстан Республикасының юстиция Вице-Министрі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының директоры және оның орынбасары, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Сот медицина орталығы территориялық бөлімшелерінің аттестация өткізілетін жердегі басшылары.
Тармақ 1.6
1.6. Аттестацияланатын сарапшылардың материалдарын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы мен Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Сот медицина орталығы ұсынады.
Тармақ 1.7
1.7. Аттестациялық комиссияның Алматы мен Ақмола қаласындағы қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету Әділет министрлігіне, ал облыс орталықтарында облыстық юстиция басқармаларына жүктеледі.
Тармақ ii. II. АТТЕСТАЦИЯНЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
II. АТТЕСТАЦИЯНЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
Тармақ 2.1
2.1. Аттестациялық комиссияға мына төмендегі материалдар ұсынылады:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы Орталығы директорының немесе Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Сот медицина орталығы директорының ұсынысы;
- аттестациядан өтушінің кәсіптік дайындық дәрежесін, іскерлігін және адамгершілік қасиетін көрсететін мінездеме;
- нотариус растаған жоғарғы білім туралы дипломның көшірмесі (аттестациядан өтушінің ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы бар болса, онда диплом мен аттестаттың көшірмесі);
- нотариус растаған сот сарапшысы біліктілігін беру туралы куәліктің көшірмесі;
- өмірбаян;
- жұмыс орны растаған кадрлардың есебін жүргізудің жеке парағы.
Тармақ 2.2
2.2. Осы ұсынылған материалдармен бірге аттестациядан өтушінің соңғы екі жылдағы көтермелеулері мен тәртіптілік жазалары туралы бұйрықтардың көшірмелері, сарапшылық қорытындылардың рецензиялары, сот сараптама орындарының ол туралы қабылданған шешімдері және арыздары туралы мәліметтер қоса ұсынылуы керек. Аттестациялық комиссияның қарауы бойынша аттестациядан өтуші адам туралы қосымша мәліметтер талап етілуі мүмкін.
Тармақ 2.3
2.3. Аттестациядан өтуші адам мінездемемен және басқа да материалдармен танысып, қол қоюы керек.
Тармақ 2.4
2.4. Комиссия материалдарды қарап шығады және тоқсанында бір рет сессия түрінде аттестация өткізеді.
Тармақ 2.5
2.5. Аттестациядан өтуші адамның кәсіптік деңгейі, адамгершілік және іскерлік қасиеттері комиссияның мәжілісіне алдын ала дайындық кезінде анықталады.
Тармақ 2.6
2.6. Аттестациядан өтуші адамға алдағы болатын аттестация туралы оның басталуынан 10 (он) күн бұрын жазбаша хабарлануы керек.
Тармақ 2.7
2.7. Аттестация мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде, аттестациядан өтуші адамның қалауынша өткізіледі.
Тармақ 2.8
2.8. Аттестация берілген материалдар бойынша әңгімелесу түрінде өткізіледі.
Тармақ 2.9
2.9. Аттестациялық комиссияның мәжілісі, оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болғанда ғана құқылы болады. Мәжілісте хаттама жүргізіледі, онда: мәжілістің уақыты, болған жері, комиссия құрамы, аттестациядан өтуші адамның аты-жөні жүргізілген әңгімелесудің қысқаша мазмұны жазылады. Комиссияның шешімі оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 2.10
2.10. Аттестациялық комиссияның шешімі:
- аттестациядан өтті;
- аттестациядан өтпеді деген қорытынды түрде ресімделеді.
Тармақ 2.11
2.11. Шешім мен хаттамаларға төрағалық етуші мен комиссия мүшелері қол қояды. Шешіммен келіспеген комиссия мүшесі өзінің пікірін жазбаша түрде беруге құқылы.
Тармақ 2.12
2.12. Аттестацияның нәтижесі аттестациядан өтушіге дауыс берілгеннен кейін хабарланады.
Тармақ 2.13
2.13. Аттестациялық комиссияның қорытындысы адам аттестациядан өткеннен кейін беріледі.
Тармақ 2.14
2.14. Аттестациялық комиссияның материалдары тұрақты сақтауға жататын құжаттар категориясына жатады.
Тармақ 2.15
2.15. Аттестациялық комиссияның "аттестациядан өтпеді" деген шешіміне осы шешімнің көшірмесін алған күннен бастап 10 күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне шағымдануға болады. Сот сарапшысының аттестациядан өту туралы мәселесін қайта қарауға үш ай мерзім өткеннен кейін рұқсат етіледі.
Тармақ 2.16
2.16. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын адамдарды аттестациядан қайта өткізу бес жыл өткеннен кейін жүргізіледі.
Басқа адамдарды аттестациядан қайта өткізу сот-сараптама қызметін жүзеге асыру құқына лицензияның әрекет мерзімі біткеннен кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 2.17
2.17. Қайта аттестациялау осы Ережеде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Басқа 30. Біліктілік комиссиясы мәжілісінің ХАТТАМАСЫ
1-қосымша
Біліктілік комиссиясы мәжілісінің ХАТТАМАСЫ
___________________________________________________________________
(сот-сараптама органының аты)
"__"___________ 199 _ ж.
Мәжіліске қатысқандар
_______________________________________________
егер біліктілік комиссиясының
___________________________________________________________________
мәжілісіне оның мүшелері емес мамандар қатысатын болса,
___________________________________________________________________
онда хаттамаға олардың аты-жөнімен бірге, жұмыс орны,
__________________________________________________________________
лауазымы және мамандығы көрсетіледі Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығында сот сарапшысы біліктілігін берудің тәртібі туралы Ережеге сәйкес Біліктілік комиссиясы:
1.__________________________________________________________________
аты-жөні, тегі, лауазымы
____________________________________________________________________
сараптама түрі, мамандығы
____________________________________________________________________
сот сарапшысы біліктілігін беру туралы
_________________________________ ұсынысын;
2.
____________________________________________________мінездемесін;
аты-жөні, тегі, лауазымы
3. _________________________________________________________
жасаған аты-жөні, тегі
бақылау іс-жүргізу немесе сарапшы қорытындысының жобасын қарап шықты.
____________________________________________________________________
аты-жөні, тегі
Білім деңгейін анықтау үшін
_________________________________________
мынандай сұрақтар қойылды:
__________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
оларға _____________________________________________ жауаптар берілді
(дұрыс, дұрыс емес)
Біліктілік комиссиясы шешті:
Іс жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігін
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
|берілсін
Сот сарапшысы біліктілігін
__________________________________________
беруден қалыс қалу _________________________________________________
(себебін көрсету)
____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
Хатшысы:
Басқа 31. Сот сарапшысы біліктілігін беру туралы куәліктерді беруді тіркеу ЖУРНАЛЫ
2-қосымша
Сот сарапшысы біліктілігін беру туралы куәліктерді беруді тіркеу ЖУРНАЛЫ
___________________________________________________________________
| Рет | Куәлік | Куәлікті алған адамның | Куәлік | Алғандығы
| саны | нөмірі | аты-жөні, тегі | берілген | жөнінде
| | | | күн | қолы
|______|_________|_________________________|____________|__________
| | | | |
|______|_________|_________________________|____________|__________
Басқа 32. СОТ САРАПШЫСЫНЫҢ КАРТОЧКАСЫ
3-қосымша
СОТ САРАПШЫСЫНЫҢ КАРТОЧКАСЫ
Фамилиясы, аты-жөні
______________________________________________________
Білімі
________________________________________________________________
(қандай жоғарғы оқу орнын, қашан бітірді)
Ғылыми дәрежесі, атағы
___________________________________________________
___________________________________________________________________
Лауазымы
___________________________________________________________________
(сот сарапшысы біліктілігін беру кезіндегі)
Сот-сараптама ұйымдарындағы жұмыс стажы
__________________________________
___________________________________________________________________
______________________________________ сарапшылық-біліктілік
комиссиясының
___________________________________ 199 _ ж. " __ " ____________
шешімімен
_____________________________________________________ N _________
хаттама
____________________________________________________ іс-жүргізу
құқығымен
________________________________________________________________
сараптама мамандығы бойынша сот сараптамасы біліктілігі берілді.
Сарапшылық-біліктілік комиссиясының 199 _ ж. " __ "
_________________
__________________ шешімімен
_________________________________________
____________________________________________________________________
(қай түрі және қандай мамандықтар бойынша)
сараптамалар жүргізуге қосымша құқық берілді.
Сарапшылық-біліктілік комиссиясының 199 _ ж. " __ "
_________________
__________________ шешімімен
____________________________________________
__________________________________________________________________
(қай түрі және қандай мамандықтар бойынша)
сараптамалар жүргізу құқығы ұзартылды
______________________________________________________________
байланысты (себептерін көрсету керек)
199 __ ж. " ____ " ___________________________________ сараптамалар
жүргізу құқығынан айырылды.
Карточканың көлемі 210 х 148 мм.