О передаче пойменных земельных участков из земель запаса области в ведение акима города Аксу Қолданыста
Басқа 0
Облыстың жер қорынан Ақсу қаласы әкiмiнiң иелiгiне өзен аңғары телiмдерiн беру туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Жер туралы"
Жарлығының 12-бабына сәйкес және қордағы жерлердi неғұрлым тиiмдi
пайдалану мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласы әкiмшiлiгi шекараларында орналасқан облыстың жер
қорынан жалпы аумағы 2918 га жайылымдық шабындық телiмдер қосымшаға сәйкес
бiр жыл мерзiмге Ақсу қаласының әкiмiнiң иелiгiне берiлсiн.
Тармақ 2
2. Егер тиiстi мерзiм iшiнде атқарушы орган басқадай нормативтiк
құқықтық кесiм қабылдамаса, осы шешiм қабылданған уақыттан бастап бiр жыл
өткеннен кейiн Ақсу қаласының әкiмi осы шешiмнiң 1-тармағына сәйкес оның
қарамағына берiлген өзен аңғары телiмдерiне жыл сайын иелiк жасауға құқылы.
Тармақ 3
3. Облыс бойынша жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (келiсiм
бойынша) жер-есеп құжаттамасына қажеттi өзгерiстер енгiзсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешімнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары
А.И. Кошевойға жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 6
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы
4 қыркүйектегі № 202
шешiмiне қосымша
Ақсу қаласы әкiмiнiң иелiгiне берiлген өзен аңғарындағы
шабындықтың аумақтары
___________________________________________________________________________
№N | Берiлетiн өзен аңғары телiмдерiнiң тұрған жерi | Шабындық
р/с | | аумағы (га)
____|______________________________________________________|_______________
1. Алғабас селолық округi 244
2. Еңбек селолық округi 800
3. Қазалы селолық округi 574
4. Құркөл селолық округi 450
5. Қызылжар селолық округi 350
6. Сарышығанақ селолық округi 500
___________________________________________________________________________
Жиыны: 2918
___________________________________________________________________________