О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", Заңына сәйкес мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау мақсатында Баянауыл аудандық маслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалардың отбасыларына материалдық көмек тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш көлемінде жергілікті бюджеттен көрсетілсін.
Тармақ 2
2. "Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің 1 тармағының орындалуын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нақты талаптарына сәйкес қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық маслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жоспар мен бюджет және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.