О перечне банков (организаций, осуществляющих отдельные виды банковской деятельности), в которых небанковским организациям, осуществляющим брокерскую и дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг с правом ведения счетов клиентов в качестве номинального держателя, разрешается открывать счета для учета и хранения денег клиентов Күшін жойған
Басқа 0
Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтердi жүзеге асыратын банктiк емес ұйымдарға клиенттердiң ақшаларына есеп жүргiзуге және сақтауға арналған шоттар ашуға рұқсат берiлетiн банктердiң (банктiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын) тiзбесi туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 24.05.2004 № 142 (ҚР ӘМ мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Инвесторлардың мүдделерiн және заңмен қорғалатын құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi - "Ұлттық комиссия" деп аталады) туралы ереженiң 4-тармағы 12) тармақшасының және Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 20 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру қағидаларының 58-тармағының екiншi азатжолының негiзiнде Ұлттық комиссия қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтердi жүзеге асыратын банктiк емес ұйымдарға клиенттердiң ақшаларына есеп жүргізуге және сақтауға арналған шоттар ашуға рұқсат берiлетiн банктердiң (банктiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың) тiзбесiне:
Тармақша 1
1) бағалы қағаздары рыногында кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға қолданылып жүрген лицензиялары бар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға өту тәртiбi туралы қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бiрiншi топқа жатқызған не аталған қағидалардың талаптары қолданылмайтын ұйымдар енгiзiлетiндiгі белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтердi жүзеге асыратын банктiк емес ұйымдарға осы банктiк емес ұйымдардың аффилиирленген тұлғалары - банктерде (банктiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда) клиенттердiң ақшаларына есеп жүргізуге және сақтауға арналған шоттар ашуға тыйым салынсын.
Тармақ 3
3. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгіленсiн.
Тармақ 4
4. Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтердi жүзеге асыратын банктiк емес ұйымдар өздерiнiң қызметiн (бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметтi реттейтiн нормативтiк актiлердi қоса) осы Қаулыға сәйкес ол күшiне енгізiлген күннен бастап 30 күн iшiнде келтiруге мiндеттелсiн.
Тармақ 5
5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның (оған осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып), "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң назарына жеткiзсiн.
Тармақ 6
6. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiн осы Қаулы туралы жазбаша ескертсiн;
Тармақша 2
2) осы Қаулыны (ол күшiне енгізiлгеннен кейiн) нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын және "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның мүшелерi болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткiзсiн;
Тармақша 3
3) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия алуға ниет бiлдiрген ұйымдардың назарына жеткiзсiн;
Тармақша 4
4) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.