Об утверждении Инструкции по осуществлению государственного контроля за охраной окружающей среды должностными лицами Центрального исполнительного органа Республики Казахстан в области охраны окружающей среды Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы Орталық атқарушы органының лауазымды тұлғаларымен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың Нұсқауын бекіту туралы"
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 24.06.2003 № 144-п бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 76 және 77 бабына сәйкес, Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қосыла беріліп отырған "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы Орталық атқарушы органының лауазымды тұлғаларымен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың Нұсқауы бекітілсін."
Тармақ 2
2. Қоршаған ортаны қорғау Бас мемлекеттік инспекциясы Департаменті осы Бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрінің 2000 жылдың 14 шілдесіндегі N 289-П "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы Орталық атқарушы органының лауазымды тұлғаларымен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы" Бұйрығының күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы Бұйрықтың орындалуына бақылау Қоршаған ортаны қорғау Бас мемлекеттік инспекциясы Департаментіне (Елеушов Б.С.) жүктелсін.
Басқа 5. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы Орталық атқарушы органының лауазымды тұлғаларымен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырудың
Нұсқауы
Қазақстан Республикасы
Табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау министрiнің
2000 жылдың 18 шiлдесiндегi
N 371-П Бұйрығына қосылым
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы Орталық атқарушы органының лауазымды тұлғаларымен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырудың
Нұсқауы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бұл Нұсқау Қазақстан Республикасы Конституциясы , Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да нормативтi-құқықты актілер негiзiнде әзiрленген.
Тармақ 2
2. Нұсқау Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы Орталық атқарушы органының (бұдан әрi Орталық атқарушы орган) және оның аумақтық органдарының қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырудың тәртiбiн анықтайды.
Тармақ 3
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау қоршаған ортаны сақтау және сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылаудың негiзгi мiндетi барлық заңды және жеке тұлғалармен (оның iшiнде лауазымды тұлғалармен, азаматтармен, азаматтығы жоқ тұлғалармен және шет елдiк тұлғалармен) табиғат қорғау заңдарының, экологиялық нормалардың, ережелердің және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi басқа да нормативтi құжаттардың талаптарын қадағалауын қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 5
5. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру барысында Орталық атқарушы орган және оның аумақтық органдары өзiне жүктелген қоршаған ортаны сауықтыру және сапасын арттыру жөнiндегi жауапкершiлiкке сәйкес өз құзырет шеңберiнде жергiлiктi атқарушы органдармен, СЭС органдарымен, құқық қорғау органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етедi.
Тармақ 6
6. Орталық атқарушы органның және оның аумақтық органдарының лауазымды тұлғаларына қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi өкiлеттiк берiлген, олар лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар (бұдан әрi мемлекеттiк инспектор) болып табылады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттiк инспектордың мiндеттерi, функциялары, құқықтары және жауапкершiлiгi олар туралы Ережемен анықталған.
Тарау 2. 2. Табиғат қорғау заңдарын бұзуды жою жөніндегі шараларды қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту және құжаттарды ресімдеу
2. Табиғат қорғау заңдарын бұзуды жою жөніндегі шараларды қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту және құжаттарды ресімдеу
Тармақ 8
8. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру барысында мемлекеттiк инспекторлар табиғат қорғау заңдарын бұзуды ескерту, анықтау және жою, кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту жөнiндегi шараларды қабылдайды.
Тармақ 9
9. Шаруашылық субъектілерін тексеру барысында мемлекеттiк инспектор Табиғат қорғау заңдарын қадағалауды тексерудің актісін (N 1 қосылым) жасайды.
Тармақ 10
10. Тексеру барысында табиғат қорғау заңдарын бұзушылық анықталған жағдайда мемлекеттiк инспектор Табиғат қорғау заңының бұзылғаны туралы хаттама (N 2 қосылым) жасайды. Хаттама 3 данада жасалады, ал егерде заң бұзушылық қоршаған ортаға айтарлықтай залалын тигiзген жағдайда, немесе қылмыстық әрекеттің нышаны болған жағдайда бiр данасын тергеу органдарына жiберу үшiн 4 данада жасалады. Құқық бұзу түрiне байланысты хаттаманың келесi арнайы формалары ресiмделедi:
- Заң бұзушылардың алынған аулау құралдарын, басқа мүлiктерiн, жүзетiн және басқа да көлiк құралдарын тiзбелеу-бағалау (Табиғат қорғау заңының бұзылғаны туралы хаттаманың N 1 қосылымы.);
- Орман заңын бұзудың және келтiрiлген залалдың мөлшерлерiн анықтау (Табиғат қорғау заңының бұзылғаны туралы хаттаманың N 1 қосылымы.).
Тармақ 11
11. Табиғат қорғау заңының бұзылғаны туралы хаттама негiзiнде тиiстi мемлекеттiк инспектор (берiлген құқықтар шеңберiнде) жасалған табиғат қорғау заңын бұзушылықтың ауыртпалығына байланысты заң бұзушыға төмендегiдей бiр немесе бiрнеше ықпал шарасын қолдану туралы шешiм қабылдайды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 77 бабының 2 тармағына сәйкес Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заң бұзушылықты жою жөнiндегi мiндеттi нұсқама N 3 қосылым) шығарады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 77 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзулар туралы" Кодексының 275 және 276 баптарға сәйкес Әкiмшiлiк жаза тартқызу туралы қаулы (N 4 қосылым) шығарады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 86 бабына сәйкес кiнәлi тұлғаларға қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарды бұзуды нәтижесiнде келтiрiлген залалдарды ерiктi түрде орынын толтыру туралы, немесе ол туралы сотқа талап қояды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 77 бабының 2 тармағына сәйкес Кәсiпорындардың, ғимараттардың және объектілердің жұмысын тоқтата тұруға, шектеуге, оларды пайдалануға беруге тыйым салуға және экологиялық талаптарды бұзумен жүзеге асырылған шаруашылық және басқа да әрекеттердi шектеуге, тоқтата тұруға нұсқама (N 5 қосылым) бередi. Қажет болған жағдайда белгiленген тәртiпте жекелеген объектілерді, қондырғыларды және тораптарды табиғат қорғау заңының бұзылуын жойғанша пломбылауға құқығы бар, ол үшiн Пломбылау актісі (N 6 қосылым) жасалады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 77 бабының 2 тармағына сәйкес Экологиялық талаптарды бұзумен немесе экологиялық сараптаманың оң тұжырымдамасыз жүзеге асырылған құрылыстарды және объектілерді пайдалануды, шаруашылық және басқа да әрекеттердi қаржыландыруды тоқтату туралы нұсқама (N 7 қосылым) бередi;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 77 бабының 2 тармағына сәйкес табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тарту туралы мәселелердi шешу үшiн тергеу органдарына материалдарды жiбередi.
Тармақ 12
12. Табиғат қорғау заңының бұзылғаны туралы хаттама "Әкiмшiлiк құқық бұзулар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексының 248 және 248-1 баптарына сәйкес жасалады.
Хаттаманың "Заң бұзушы(лар) тұлға туралы деректер" атты 3 жолына iстің дұрыс қаралуына маңызды болып табылатын лауазым тұлғалардың, азаматтардың, азаматтығы жоқ тұлғалардың және шетелдiк тұлғалардың келесi деректерi жазылады: туған жерi мен жылы (кәмелетке толмағандардың туған жылы, айы күнi), тұратын және жұмыс iстейтiн орыны, қызметi, жалақы (зейнетақы, стипендия) мөлшерi, жанұялық жағдайы, бағуындағы жандардың саны.
Табиғат қорғау заңының бұзылуы қайда, қашан және қандай әрекетте немесе әрекет жасамауда болғаны анық баяндалуы тиiс. 7 және 8 жолдар жануар және өсiмдiк әлемiн қорғау, қалпына келтiру және пайдалану заңдары бұзылған жағдайда толтырылады.
Құқық бұзушы(лар) Хаттама мазмұны туралы ескертпе беруге және оған қол қоюдан бас тарту себебiн (Хаттамаға қосыла тiгiледi) жазба түрде беруге құқықты.
Тармақ 13
13. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заң бұзушылықты жою жөнiндегi мiндеттi нұсқама заң бұзушылармен белгiленген мерзiмде мiндеттi түрде орындалуға жатады. Кәсiпорын басшысы қоршаған ортаны қорғау органдарына нұсқаманың орындалу мерзiмi бiткеннен кейiн 7 күннен кеш емес уақыт iшiнде нұсқаманың орындалуы туралы ақпарат бередi. Нұсқама орындалмаған жағдайда "Әкiмшiлiк құқық бұзулар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексының 54-1 бабына сәйкес шаралар қолданылады. Нұсқама 3 данада жасалып, бiр данасы заң бұзушыға тапсырылады.
Тармақ 14
14. Әкiмшiлiк жаза тарту туралы қаулы "Әкiмшiлiк құқық бұзулар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексының 275 және 276 баптарына сәйкес жасалады.
Қаулы әрбiр құқық бұзушыға (заңды, лауазымды тұлғаға, азаматқа) жеке түрде қабылданады. Ол 3 данада жасалып, бiреуi 3 күн iшiнде кiнәліге қол қоюмен тапсырылады немесе поштамен жiберiледi.
Айып қаулы тапсырылғаннан кейiн 15 күн iшiнде төленуi тиiс. Мұндай қаулыға шағым арыз берген немесе наразылық бiлдiрген жағдайда шағым арызды немесе наразылықты қанағаттандырмағаны туралы хабардар еткен күннен бастап 15 күн ішінде төленуi тиiс ("Әкiмшiлiк құқық бұзулар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексының 301 бабы).
Кiнәлiмен айыпты Қаулыны тапсырылған күннен (немесе шағым арызды қанағаттандырмағаны туралы хабардар етiлген күннен) 15 күн iшiнде төленбеген жағдайда, айып Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiпте алынады.
Тармақ 15
15. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңды бұзу нәтижесiнде келтiрiлген залалдың орынын толтыру туралы талап Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 86 бабына сәйкес қойылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңды бұзу нәтижесiнде келтiрiлген залалдың орынын толтыру белгiленген тәртiпте бекiтiлген таксаларға және әдiстемелерге сәйкес, егер ондай болмаған жағдайда бұзылған қоршаған ортаны қалпына келтiруге қажеттi шығындар (келтiрiлген шығынды да ескере отырып) бойынша ерiктi түрде немесе сот арқылы жүргiзiледi.
Кiнәлiлермен талапты орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 77 бабына сәйкес қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды қалпына келтiруге қажеттi ақшалай қаржыны алу туралы сотқа талап арыз қойылады.
Тармақ 16
16. Кәсiпорындардың, ғимараттардың және объектілердің жұмысын тоқтата тұруға, шектеуге, оларды пайдалануға беруге тыйым салуға және экологиялық талаптарды бұзумен жүзеге асырылған шаруашылық және басқа да әрекеттердi шектеуге, тоқтата тұруға нұсқама белгiленген тәртiпте заң бұзушыға олармен шаруашылық және басқа да әрекеттердi экологиялық талаптарды, нормативтi құқықты актілерді бұзумен және қоршаған ортаға залал тигiзумен жүргiзген жағдайда берiледi.
Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 77 бабына сәйкес нұсқама барлық заңды және жеке тұлғалармен орындалуы мiндеттi түрде болып табылады.
Тармақ 17
17. Экологиялық талаптарды бұзумен немесе экологиялық сараптаманың оң тұжырымдамасыз жүзеге асырылған құрылыстарды және объектілерді пайдалануды, шаруашылық және басқа да әрекеттердi қаржыландыруды тоқтату туралы нұсқама Табиғат қорғау заңының бұзылғаны туралы хаттамасымен және Кәсiпорындардың, ғимараттардың және объектілердің жұмысын тоқтата тұруға, шектеуге, оларды пайдалануға беруге тыйым салуға және экологиялық талаптарды бұзумен жүзеге асырылған шаруашылық және басқа да әрекеттердi шектеуге, тоқтата тұруға нұсқамамен бiрге тиiстi қаржы-несие органдарына берiледi.
Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 77 бабына сәйкес нұсқама барлық заңды және жеке тұлғалармен орындалуы мiндеттi түрде болып табылады.
Тармақ 18
18. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 85 бабына сәйкес қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзуға кiнәлi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiнде экологиялық қылмыс үшiн қылмыстық жауапкершiлiк көзделген (277-294 баптар).
Тармақ 19
19. Сапалы тексерудi ұйымдастыру және оны бақылауды қамтамасыз ету мақсатында бланкаларды (N, N 1-9 Қосылымдар) қатаң есеп жүйесi енгiзiлуi тиiс. Қатаң есеп бланкалары берiлер алдында нөмiрленiп, арнайы журналда тiркеледi.
Тармақ 20
20. Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 77 бабының 3 тармағына сәйкес мемлекеттiк инспектордың өз өкiлетi шеңберiнде қабылданған шешiмi барлық заңды және жеке тұлғалармен, лауазымды тұлғалармен және азаматтармен орындау мiндеттi түрде болып табылады және ол бағыныштылық тәртiпте немесе сотта шағымдалуы мүмкiн.
Басқа 1. _________________________________________________________________
(қоршаған ортаны қорғау органы)
N 1 Қосылым
Қазақстан Республикасы
Табиғи ресурстар және
қоршаған ортаны қорғау
министрлігі
_________________________________________________________________
(қоршаған ортаны қорғау органы)
_________________________________________________________________
мекен жайы телефоны факсы
Табиғат қорғау заңдарын қадағалауды тексерудің
N _______ актісі
______________________ 200 жылдың "_____"_________________
объектінің тұрған жері
_________________________________________________________________
қоршаған ортаны қорғау органының атауы
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы
___________________________________________________________________
аты-жөні, тегі
___________________________________________________________________
кәсіпорынның мекен-жайы
___________________________________________________________________
кәсіпорынның, объектінің немесе ғимараттың,
олардың жоғарғы ұйымының атауы
___________________________________________________________________
министрлігі, ведомствосы
___________________________________________________________________
кәсіпорын басшысы _________________________________________________
аты-жөні, тегі
мекен-жайы: __________________ тел:__________ факсы:_____
___________________________________________________________________
лауазымы, аты-жөнi, тегі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
________________________________________________________ қатысуымен
және ___________________________________________________ қатысуымен
кәсіпорын өкілінің лауазымы, аты-жөні
Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 15 шілдесіндегі "Қоршаған
ортаны қорғау туралы" Заңының негізге ала отырып табиғат қорғау
заңының қадағалауына тексеру жүргізді.
Тексеру кезінде мыналар анықталды
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жеке қолдары _________ ____________________________________________
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
мемлекеттік инспектордың аты-жөні,тегі
__________ ____________________________________________
қатысушылардың аты-жөні, тегі
__________ ____________________________________________
__________ ____________________________________________
қатысушылардың аты-жөні, тегі
Басылғаны дана, қосылым ____________ парақта
N 1 дана _____________________________________________________
N 2 дана______________________________________________________
N 3 дана______________________________________________________
Актімен танысып, бір данасын алдым
Кәсіпорын басшысы: ___________________________________________
жеке қолы аты-жөні, тегі
2000 жылдың "______"_______________
тіркеу N
Басқа 2. _________________________________________________________________
(қоршаған ортаны қорғау органы)
N 2 Қосылым
Қазақстан Республикасы
Табиғи ресурстар және
қоршаған ортаны қорғау
министрлігі
_________________________________________________________________
(қоршаған ортаны қорғау органы)
_________________________________________________________________
мекен жайы телефоны факсы
Табиғат қорғау заңының бұзылғаны туралы
N _______ хаттама
200 жылдың "_____"_________________
1. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор _________
___________________________________________________________________
лауазымы, аты-жөні, тегі
2. _____________________________________________________ қатысуымен
заңды бұзуға қатысқан тұлғаның лауазымы, аты-жөні, тегі
_____________________________________________________ куәландырумен
лауазымы, аты-жөні, тегі, мекен-жайы
___________________________________________________________________
3. Азамат__________________________________________________________
аты-жөні, тегі
табиғат қорғау заңдарын бұзғанын анықтады.
Заң бұзушы туралы деректер:
Туған жылы мен жерi _______________________________________________
Лауазымы, жұмыс орыны _____________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________
Жалақы мөлшерi ____________________________________________________
Жанұя құрамы, оның iшiнде асырауындағылар _________________________
Куәлендiретiн құжаты ______________________________________________
4. Құқық бұзушылықтың болған орыны, уақытысы және сипаты
(құқық бұзу себебiн көрсете отырып қысқаша баяндау қажет)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
5. Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңы-
ның және басқа да табиғат қорғау заңдарының қандай бабы, тармағы
бұзылды: __________________________________________________________
6. Заң бұзушының түсiнiктемесi ____________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
7. Заң бұзушылардан алынған жабайы жануарлар мен өсімдіктердің,
олардың өнімдерінің тізбесі (саны, салмағы), қалдырылғаны,
қалдыру себебі: ___________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
8. Заң бұзу қаруларының, мүліктерінің, көлік құралдарының және
құжаттарының тізбесі мен жазбасы: _________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
9. Заң бұзушылар тарапынан қарсылық көрсету болды ма, болса қандай
түрде болды: ______________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Заң бұзушыға Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзу туралы"
Кодексінде көзделген азаматтардың құқығы мен міндеті түсіндіріліп,
ол туралы іс 2000 жылдың"____"_______________________
__________________________________________ қаралатындығы хабарланды
мекен-жайы, уақтысы
Куәлер:
1.____________________________________________________________
2.____________________________________________________________
мекен-жайы, аты-жөні, тегі
Хаттама жасаған тұлғаның қолы: _________________________
Заң бұзушының қолы: ____________________________________
Куәлердің қолы: 1.______________________
2.______________________
Хаттама көшірмесін алдым: 200 жылдың "______" _______________
қолы
Ескертпе: Жануарлар және өсімдіктер әлеміне қатысты мәселелер
туралы 7; 8 жолдар жануарлар және өсімдіктер әлемінің ережелерін
бұзған жағдайда толтырылады. ______________________________________
тіркеу N
Басқа 2-1. Заң бұзушылардан алынған аулау құралдарын, басқа мүліктерін, жүзетін және басқа да көлік құралдарын
Тізбелеу-бағалау
Табиғат қорғау заңының
бұзылғаны туралы хаттаманың
N 1 қосылымы
Заң бұзушылардан алынған аулау құралдарын, басқа мүліктерін, жүзетін және басқа да көлік құралдарын
Тізбелеу-бағалау
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор
_________________________________________________________ жасаған
2000 жылдың "____"__________N _____ Табиғат қорғау заңының
бұзылғаны туралы хаттамаға сәйкес.
Рет N
Алынған мүліктің атауы
Саны
Әрбір заттың жекелеген бағасы, теңге
Мүліктің жағдайы және оның жарамдылық пайызы
Жиыны______________________________________________________________
Тізбелеу-Бағалау қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік
инспектор _____________________ жасалған ______________________
(қолы)
Бағалаумен келісемін және тізбелеу-бағалаудың бір данасын алдым
___________________________________________________________________
(мүліктің иесінің қолы)
Ескертпе: тізбелеу-бағалау үш данада жасалып хаттамаға қоса тігіледі. Хаттама сот және тергеу орындарына жіберілген жағдайда тізбелеу-бағалау төрт данада жасалады.
Басқа 2-2. Орман заңын бұзудың және келтірілген залалдың мөлшерлерін анықтау
Табиғат қорғау заңының
бұзылғаны туралы хаттаманың
N 2 қосылымы
Орман заңын бұзудың және келтірілген залалдың мөлшерлерін анықтау
Орман заңын бұзу түрі. "Өсуі тоқтатылған дәрежеге дейін заңсыз кесу немесе зақым келтіру" немесе "Өсуі тоқтатылған дәрежеге дейін емес зақым келтіру"
Өсімдікті, орманды заңсыз кесу, өсіп тұрған ағаштарға және бұталарға зақым келтіру, тамырдан кесілгендерді, желопырық немесе желмен тамырынан сынған ағаштарды иелену немесе рұқсатсыз қурап тұрған ағаштарды кесу.
Басқа да орман заңын бұзу
түрлері
Ағаштардың немесе бұтақтардың тұқымы
Ағаштардың (бұтақтардың) саны
Ағаштардың диаметрі, см.
Ағаштардың көлемі, текше метр
Тамырынан кесілген ағаштардың таксалары бойынша құны, теңге
Келтірілген залалдың такса бойынша сомасы
өлшем бірлігі
Мөлшері (саны, аумағы және т.б.)
Келтірілген залал, теңге
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Итого
Осы хаттама бойынша келтірілген залалдың сомасы ______теңге құрайды.
Орман заңын бұзушылардан орманда немесе орман шыққан жолда алынған өнімдердің және тұтыну орынында алынған өнімдердің түрлері мен саны.
Өнім түрі, орман тұқымы
Басқа орман заңын бұзудан
Орманды заңсыз кесуден
Іске жарайтын немесе отын
Ұзындығы, метр
Жоғарыдағы кесінді жуандығы, см.
Саны, дана
Нығыздалған көлемі
текше
метр
Өлшем бірлігі
Саны, дана
Өнім сақталуға кімге тапсырылды (өнімді сақтауға алған тұлғаның лауазымы, аты-жөні, тегі, және өнімнің тұрған орыны) !
Өнімді сақтауға алған тұлғаның қолы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Басқа 3. _________________________________________________________________
(қоршаған ортаны қорғау органы)
N 3 Қосылым
Қазақстан Республикасы
Табиғи ресурстар және
қоршаған ортаны қорғау
министрлігі
_________________________________________________________________
(қоршаған ортаны қорғау органы)
_________________________________________________________________
мекен жайы телефоны факсы
200 жылдың "____"___________ N _______ табиғат қорғау заңдарын қадағалауды тексеру актісіне сәйкес және Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 15 шілдесіндегі "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 77 бабын басшылыққа ала отырып, Келесі іс-шараларды орындауға Нұсқама беремін:
тәртіп N
Нұсқаманың мазмұны
Орындалу мерзімі
Бұл нұсқама міндетті түрде орындалуға жатады. Нұсқаманың орындалу мерзімі біткен күннен бастап 7 күн ішінде кәсіпорын басшысы қоршаған ортаны қорғау органына нұсқаманың орындалу нәтижесі туралы жазба түрде ақпарат беруі тиіс.
Іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат жоғарыда көрсетілген мекен-жайға жіберілуі қажет. Көрсетілген мерзім ішінде нұсқама орындалмаған жағдайда Сізге Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзу туралы" Кодексінің 54-1 бабына сәйкес шаралар қолданылады.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
мемлекеттік инспектор: ______________ _____________________
қолы аты-жөні, тегі
М.О.
Нұсқаманы алдым: _____________________________________________
Лауазымы аты-жөні, тегі
___________ 200 жылдың "_____"___________
қолы
_________________________________________________________________
тіркеу N
Басқа 4. _________________________________________________________________
(қоршаған ортаны қорғау органы)
N 4 Қосылым
Қазақстан Республикасы
Табиғи ресурстар және
қоршаған ортаны қорғау
министрлігі
_________________________________________________________________
(қоршаған ортаны қорғау органы)
_________________________________________________________________
мекен жайы телефоны факсы
Әкімшілік жаза тартқызу туралы
N ________ Қаулы
200 жылдың "________"_________________
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор:
___________________________________________________________________
қаулы толтырған тұлғаның лауазымы, аты-жөнi, тегi
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
iсi қаралудағы тұлғаның аты-жөнi, тегi
табиғат қорғау заңдарын бұзғаны туралы материалдарды:
___________________________________________________________________
қарай отырып және ол туралы 200 жылдың "____"____________
Табиғат қорғау заңының бұзылған туралы хаттамаға, 1997 жылдың 15
шiлдесiндегi Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау
туралы" Заңының 77 бабына, Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк
құқық бұзу туралы" Кодексының 276 бабына сәйкес, келесi түрдегi
әкiмшiлiк жаза тартуға
Қаулы етеді:
1. ____________________________________________________ ескертiлсiн
2. _______________________________________________ Айыпқа тартылсын
айып ______________________________________________________________
қоршаған ортаны қорғау органының деректемелерi
Бұл қаулы жоғарғы органда (жоғарғы лауазымды тұлғада) немесе тұрғын
орынында қаулы шыққан күннен бастап он күн iшiнде сотта шағымдалынуы
мүмкiн.
Ескертпе: Көрсетiлген айып Қаулы тапсырылған күннен бастап 15 күн
iшiнде төленуi тиiс, ал Қаулы шағымдалған жағдайда шағым
қанағаттандырылмағаны туралы хабардар етiлген күннен бастап 15 күн
iшiнде төленуі тиiс. Айып белгiленген уақытта төленбеген жағдайда
айып Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы"
Кодексының 302 бабына сәйкес ықтиярсыз түрде алынады.
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi
мемлекеттiк инспектор _____________________________________________
қолы аты-жөнi, тегi
М.О.
Қаулы заң бұзушыға тапсырылды (жiберiлдi) "____"___________ 200 жыл
Квитанция N ________ ____________ __________________________
қолы аты-жөнi, тегi
Тiркеу N
Басқа 5. _________________________________________________________________
(қоршаған ортаны қорғау органы)
N 5 Қосылым
Қазақстан Республикасы
Табиғи ресурстар және
қоршаған ортаны қорғау
министрлігі
_________________________________________________________________
(қоршаған ортаны қорғау органы)
_________________________________________________________________
мекен жайы телефоны факсы
Кәсiпорындардың, ғимараттардың және объектілердің жұмысын тоқтата
тұруға, шектеуге, оларды пайдалануға беруге тыйым салуға және
экологиялық талаптарды бұзумен жүзеге асырылған шаруашылық және
басқа да әрекеттердi шектеуге, тоқтата тұруға
N __________ НҰСҚАМА
200 жылдың "______"__________
Объектінің атауы мен тұрған орыны:_________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
заң бұзуына байланысты
___________________________________________________________________
жекелеген өнеркәсiптiк қондырғының, цехтың, кәсiпорынның,
объектінің, мекеменiң, ұйымның және т.б. атауы
Әрекетi тоқтатылсын (шектелсін, тоқтата тұрылсын)
НЕГIЗДЕМЕ: Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы"
Заңының 77 бабының 2 тармағы.
Нұсқаманы берген
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі
мемлекеттiк инспектор: ________________________________________
қолы аты-жөні, тегі
М.О.
Нұсқаманы алдым және орындауға қабылдадым:
_____________________ _________________________________________
лауазымы қолы аты-жөнi, тегi
Ескертпе: Кәсiпорындардың ғимараттардың және объектілердің жұмысын
тоқтата тұруға, шектеуге, оларды пайдалануға беруге тыйым салуға
және экологиялық талаптарды бұзумен жүзеге асырылған шаруашылық
және басқа да әрекеттердi шектеуге, тоқтата тұруға нұсқама
Қазақстан Республикасының 200 жылдың 15 шiлдесiндегi "Қоршаған
ортаны қорғау туралы" Заңының 77 бабына сәйкес қаржыландыруды
тоқтату туралы нұсқамамен қаржы органдарына жiберiледi
Тіркеу N
Басқа 6. _________________________________________________________________
(қоршаған ортаны қорғау органы)
N 6 Қосылым
Қазақстан Республикасы
Табиғи ресурстар және
қоршаған ортаны қорғау
министрлігі
_________________________________________________________________
(қоршаған ортаны қорғау органы)
_________________________________________________________________
мекен жайы телефоны факсы
N _______
Пломбылау актісі
200 жылдың "____"__________
_________________________________________________________________
объектінің атауы мен тұрған орыны
Мына құрамдағы комиссия: __________________________________________
комиссия мүшелерінің аты-жөндері,тектері,
лауазымдары
200 жылдың "__"___________________ қоршаған ортаны қорғау органының
нұсқамасына сәйкес ________________________________________________
объектінің, оның бөлімдерінің атаулары ____________________________
өндірістік әрекетіне пломбылау жүргізеді.
Комиссия
мүшелерінің
қолдары: _____________________
_____________________
_____________________
Апат болған жағдайда объектінің басшылығына акті жасау арқылы
пломбаны алуға болады және ол туралы қоршаған ортаны қорғау органына
жоғарыда көрсетілген мекен-жайға хабарлау қажет.
Пломба жауапты сақтауға алынды:
_________________________ _____________ 200 жылдың "___"___________
басшының лауазымы қолы
Акті ________ данада құрылған
N 1 дана_______________________________________________________
N 2 дана_______________________________________________________
N 3 дана_______________________________________________________
_________________________________________________ Акті тапсырылды
басшының лауазымы, аты-жөні, тегі
Тіркеу N
Басқа 7. ________________________________________________________________
(қоршаған ортаны қорғау органы)
N 7 Қосылым
Қазақстан Республикасы
Табиғи ресурстар және
қоршаған ортаны қорғау
министрлігі
________________________________________________________________
(қоршаған ортаны қорғау органы)
_________________________________________________________________
мекен жайы телефоны факсы
_________________________________________________
қаржы-несие органының атауы және оның мекен-жайы
Экологиялық талаптарды бұзумен немесе экологиялық сараптаманың оң тұжырымдасыз жүзеге асырылған құрылыстарды және объектілерді пайдалануды, шаруашылық және басқа да әрекеттерді қаржыландыруды тоқтату туралы
N ______ Нұсқама
200 жылдың "______"__________
200 жылдың "__"____________ N_____ Табиғат қорғау заңының бұзылғаны
туралы хаттамасы негізінде және Қазақстан Республикасының "Қоршаған
ортаны қорғау туралы" Заңын орындау мақсатында және _______________
Заңның тиісті баптарына, және басқа да заңдарға және нормативтік
актілерге, олардың баптар мен тармақтарына сілтеме
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
шаруашылық әрекетінің түрі
экологиялық талаптарды бұзумен жүргізген
___________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы, оның мекен-жайы және
___________________________________________________________________
жеке тұлғаның аты-жөні, тегі, жұмыс және тұратын орыны
___________________________________________________________________
қаржыландыруды тоқтатуды міндеттеймін.
Тапсырыс (инвестор) беруші ________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы, мекен-жайы және банк деректемелері
Жұмысты қаржыландыруды қайта бастауға рұқсат осы Нұсқаманы берген
мемлекеттік лауазымды тұлғамен тек қана Хаттамада көрсетілген
экологиялық талаптарды бұзуды жойғаннан кейін беріледі.
Осы Нұсқаманың орындалғаны туралы 200 жылдың "___"___________ дейін
хабарлауды сұраймын.
Қосылым: 200 жылдың "__"______________ N ___ Табиғат қорғау заңының
бұзылғаны туралы хаттама ________ парақта.
___________________________________________________________________
Нұсқаманы толтырған тұлғаның лауазымы
_________________ _________________________
қолы аты-жөні, тегі
М.О.
Тіркеу N