О тарифах на электроэнергию Күшін жойған
Басқа 0
Электр энергиясына тарифтер туралы
📌 Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды ( Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 20 наурыздағы № 9/896 хаты ).
Шығыс Қазақстан электр желiлерi кәсiпорнының негiзiнде "Алтайэнерго" аймақтық энергетика компаниясы" акционерлiк қоғамын тiркегеннен кейiн облыста электр энергиясын тасымалдау мен бөлудi "Семей электр желiлерi" және "Алтайэнерго" аймақтық энергетика компаниясы" акционерлiк қоғамдары жүзеге асырады. Желiлер бойынша таратылатын электр энергиясы көлемiнiң әртүрлi болуы нәтижесiнде ("Алтайэнерго" аймақтық энергетика компаниясы" акционерлiк қоғамы бойынша - 2732 млн. кВт сағат, "Семей электр желiлерi" акционерлiк қоғамы бойынша - 1193 млн. кВт сағат) "Семей электр желiлерi" акционерлiк қоғамының тұтынушылары үшiн тарифтер "Алтайэнерго" аймақтық энергетика компаниясының тұтынушылары үшiндегiден 40 процент жоғары болып қалыптасуда. Осыған байланысты ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында электр желiлерiнен энергияны тұтынушылар үшiн электр энергиясына тарифтiң бiрыңғай деңгей iске асырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Ю.П.Швайченкоға жүктелсiн.