О передаче полномочий по проведению государственных закупок, товаров, работ и услуг в области Күшін жойған
Басқа 0
Облыста тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік
көтере сатып алу бойынша өкілеттіктерді
табыстау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық әкімінің 09.08.2004 № 8 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көтере сатып алу туралы» 1997 жылғы 16 шілдегі № 163-1 Заңына сәйкес, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік көтере сатып алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жеткізушіні аңықтау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Тапсырыс берушілер конкурстарын біртұтас ұйымдастырушы өкілетті органы болып облыстық коммуналдық меншік басқармасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Конкурстарды өткізу және олардың жеңімпаздарын анықтау үшін тұрақты қызмет жасайтын облыстық төмендегі құрамда конкурстық комиссия құрылсын:
Есіркепов Аманкелді
Қабашұлы комиссия төрағасы, облыс Әкімінің орынбасары
Шынтасова Сұлупан Панақызы
комиссия төрағасының орынбасары, облыстық коммуналдық меншік басқармасының бастығы
Красавина Галина Васильевна
комиссия хатшысы, облыстық коммуналдық меншік басқармасының бас маманы
Комиссия мүшелері:
Жантеміров Бауыржан
Ересұлы облыстық қаржы басқармасының бастығы
Құдайбергенов Аман
Алхатұлы облыстық білім басқармасының бастығы
Есенбаев Есімқан Қалмағамбетұлы
еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі басқарманың бастығы
Тармақ 3
3. Облыс Әкімінің 1999 жылғы 25 қаңтардағы № 3 шешімі күшін жойды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В. В. Супрунға жүктелсін.