О подготовке, проведении и обработке материалов первой национальной сельскохозяйственной переписи в Актюбинской области Күшін жойған
Басқа 0
Ақтөбе облысында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы
санағын өткізу, құжаттарын дайындау және өңдеу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы әкімінің 09.08.2004 № 8 шешімі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылық санағын өткізу, құжаттарын дайындау және өңдеу туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында бірінші ауыл шаруашылық санағын өткізу туралы» 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 463 қаулысын және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 463 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» 2000 жылғы 21 ақпандағы қаулыларын жүзеге асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласының және аудандар әкімдері келесі шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін:
ауылдық жерлерде – 2001 жылдың 1 шілдесіне дейін елді мекендердің, ұжымдық бау-бақшалар кооперативтерінің, жері, малы және құсы бар басқа қосалқы шаруашылықтардың тізімдерін анықтасын;
қалалық елді мекендерде – 2001 жылдың 1 тамызына дейін үй шаруашылықтарын, ұжымдық бау-бақшалар кооперативтерінің, жері, малы және құсы бар басқа да қосалқы шаруашылықтардың тізімін жұмыссыздардан және мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінен жасақталған тіркеушілерімен құрастыруын қамтамасыз етсін;
Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдері бекіткен кесте бойынша санақ өткізу кезеңінде мемлекеттік статистика органдарын байланыс құралдарымен қамтылған бөлмелермен, жиһазбен және көлікпен қамтамасыз етсін;
Ақтөбе облысының статистика басқармасымен келісілген мерзімге санақ қызметкерлеріне таксиден басқа қалалық және қала маңындағы маршруттармен жүретін жолаушылар көліктерін барлық түрлерінде жолдық билеттерін ұсыну туралы мәселесін шешсін;
санақ өткізу үшін жұмыссыздар мен мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінен жасақталған санақтық кадрларын іріктеп алуды және жинақтауды жүзеге асырсын.
Тармақ 2
2. Ақтөбе облысының еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасы (Е.Қ. Есенбаев) мемлекеттік статистика органдары мен барлық деңгейдегі әкімдерге жұмыссыздар арасынан санақ кадрларын іріктеп алуға және жинақтауға жәрдем етсін.
Тармақ 3
3. Жер қорларын пайдалану жөніндегі облыстық комитет (М. Н. Жекеев) 2001 жылдың 1 қазанына дейін облыстық статистика органдарына қалалық және селолық жерлерде жерді пайдаланатындардың орналасқан сызбасын анықтап берсін.
Тармақ 4
4. «Жолаушылық тасымал» ЕМК Батыс аймақтық филиалы (А. А. Сатыбалдиев), қоғамдық көлік басқармасы (Т. Т. Құрманалин), Ақтөбе облыстық телекоммуникация дирекциясы (Б. Б. Әлмұрзаев), пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны (Б. Қ. Ордабаев) келесі мәселелерді ұсынуды қамтамасыз етсін:
санаққа байланысты жүк пен жүк тасымалын уақытында қабылдауды және жеткізуді;
санақ бойынша жұмысты жүзеге асырған қызметкерлерге жол билетін алдымен сатуды;
«Санақ» паролі бойынша қалааралық телефон байланысын іркіліссіз ұсынуды.
Тармақ 5
5. Ақтөбе облыстық статистика басқармасы (А. Д. Мұқаев), Ақтөбе облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасымен бірге (Ж. М. Қуанышалин), облыстық телерадиокомпания (Е. Ә. Қалиев), «Ақтөбе» газеті (И. М. Асқар) және «Актюбинский вестник» (Ю. А. Брязгалов) ақпарат құралдары арқылы алғашқы ақпарат құпиялылығына ерекше көңіл бөле отырып, санақтың мақсаты мен мәнін және жүргізілу тәртібі жөнінде кеңінен жаппай түсінік жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 6
6. Ақтөбе облыстық статистика басқармасы (А. Д. Мұқаев) санақ қорытындысы құжаттарын өңдеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы басқармасы (Б. Е. Жантеміров) жоғарыда келтірілген шараларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары К. Ж. Елеусізовке жүктелсін.