О дополнительном включении земель в черту поселка Солнечный города Экибастуза Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.09.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екiбастұз қаласындағы Солнечный кентiнiң шегiне қосымша жер қосу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Жер туралы" Жарлығының 3-тармағының 83-бабына сәйкес Солнечный кентiнiң бұдан әрi әлеуметттiк-экономикалық дамуына жағдай жасау және Екiбастұз қаласы әкiмi мен Екiбастұз қалалық мәслихатының шешiмдерiн ескере келе, жер және су қорларын неғұрлым тиiмдi пайдалану мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Екiбастұз қаласындағы Солнечный кентiнiң шегiне санаттары мен аумақтары бойынша қосымшаға сәйкес қосымша 10158,6 гектар жер қосылсын. 2. Облыс бойынша жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (келiсiм бойынша) жер-есеп құжаттамасына қажеттi өзгерiстер енгiзсiн. 3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.И. Кошевойға жүктелсiн. 4. Осы шешiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 2. Екiбастұз қаласы Солнечный кентi жерiнiң сипаттамасы
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 4 қыркүйектегі № 201 шешiмiне қосымша Екiбастұз қаласы Солнечный кентi жерiнiң сипаттамасы _______________________________________________________________________(га) N | Көрсеткiштер |Жалпы |Жайы- |Басқа Р/с| |аумағы |лымдық |жерлер ___|______________________________________________|_______|________|_______ 1 | 2 | 3 | 4 | 5 ___|______________________________________________|_______|________|_______ 1. 1999 жылдың 1 қарашасында жер есебiнде болғаны 365,0 46,0 319,0 2. Облыс әкiмi шешiмiнiң жобасын дайындау кезiндегi дәлдiктердi ескергенде 370,0 46,0 324,0 3. Облыс әкiмiнiң шешiмi бойынша Солнечный кентiнiң шегiне кiретiнi барлығы: 10158,6 84837,2 5321,4 соның iшiнде жердi пайдаланушылар бойынша: Екiбастұз қаласының арнайы жер қоры 4954,5 4837,8 117,3 "Қазақстан электр желiлерiн басқару компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы 4,1 - 4,1 ВЛ - 10,35 кВ 0,3 - 0,3 "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны 38,3 - 38,0 азаматтардың бау-бақша шаруашылығы жерлерi 214,0 - 214,0 Құдайкөл селолық округi 11,2 - 11,2 "Екiбастұз ГРЭС-2" ашық акционерлiк қоғамы 4935,5 - 4935,5 азамат Б.А. Қуелбаевтың жерлерi 1,0 - 1,0 4. Кенттiң облыс әкiмiнiң шешiмi қабылданғаннан кейiнгi жиынтық жерi 10528,6 4883,2 5645,4 ___________________________________________________________________________