О выделении средств Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаражаттар бөлу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен. "Облыстық шаруа шаруашылықтарын және басқа ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн қаржылық қолдау жөнiндегi шаралар туралы" облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 12 ақпандағы N 469 шешiмiне сәйкес шағын және орта бизнестi дамытуға көзделген қаражаттар есебiнен ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн қолдау yшiн "Казагроөнеркәсiпбанк" акционерлiк қоғамының облыстық филиалы арқылы қайтарып беру негiзiнде 18 ай мерзiмiне Қатонқарағай ауданының әкiмiне 3,0 млн. теңге, Көкпектi ауданының әкiмiне 3,0 млн. теңге, Күршiм ауданының әкiмiне 1,5 млн. теңге бөлiнсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасына (Құрманғалиев А.ә.) "Казагроөнеркәсiпбанктiң" облыстық бөлiмiмен кредиттiк келiсiм жасау тапсырылсын.
Тармақ 3
3. "Казагроөнеркәсiпбанктiң" облыстық филиалы қаражаттарды дер кезiнде қайтарып беруге кепiлдiк бередi және олардың мақсатты пайдаланылуына материалдық жауапкершiлiк атқарады.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары А.Б. Қалиевқа жүктелсiн.