Об утверждении формы типового соглашения о сотрудничестве в сфере Государственной образовательной накопительной системы с организацией образования Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Білім беру ұйымымен мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанын бекіту туралы «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымымен мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы А. К. Ғалымоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Білім беру ұйымымен мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 56 бұйрығымен бекітілген нысан Білім беру ұйымымен мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім Астана қаласы 20__жылғы "____"____ Бұдан әрі «Оператор» деп аталатын _____________________________ атынан _____________________________ негізінде әрекет ететін (-уші) _____________________________ тұлғасында бір тараптан және бұдан әрі «Білім беру ұйымы» деп аталатын _____________________________ атынан _____________________________ негізінде әрекет ететін (-уші) _____________________________ тұлғасында екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес төмендегілер туралы осы Білім беру ұйымымен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы осы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.
Тарау 1. 1-тарау. 1. Осы келісімнің мәні
1-тарау. 1. Осы келісімнің мәні
Тармақ 1
1. Білім беру ұйымы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) шеңберінде пайдасына білім беру жинақтау салымы туралы шарттар немесе білім беру жинақтау сақтандыруы туралы шарттар жасалған салымшылар немесе пайда алушылар үшін Заңмен көзделген білім беру бағдарламалары бойынша қызметтерді көрсетеді, ал оператор МБЖЖ қатысушыларының жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады және оның МБЖЖ бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Білім беру ұйымы білім беру жинақтау салымындағы немесе сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері қаражатының өз мақсатында пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2-тарау. Өзара іс-қимыл шарттары мен тәртібі
2-тарау. Өзара іс-қимыл шарттары мен тәртібі
Тармақ 3
3. Салымшының не оның заңды өкілінің, сақтанушының немесе пайда алушының не оның заңды өкілінің өтініші бойынша білім беру қызметтері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда үлеспен (әр академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір рет (барлық оқу мерзімі үшін) әр академиялық кезең немесе оқу жылы басталғанға дейін төленеді.
Тармақ 4
4. Білім беру ұйымы:
Тармақша 1
1) білім беру жинақтау салымдары немесе сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері есебінен оқитындардың есебін жүргізетін және сол бойынша операторға мәліметтер беретін жауапты тұлғаны белгілейді;
Тармақша 2
2) салымдары немесе сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері есебінен оқитындардың жеке есебін жүргізеді;
Тармақша 3
3) салымшының немесе пайда алушының оқуға қабылдануы, ауыстырылуы, академиялық демалысты ресімдеуі, академиялық демалыстан оралуы, білім беру ұйымына қайта қабылдануы, одан шығарылуы, оның ішінде оқуды бітіруіне байланысты шығарылуы туралы тиісті құжаттардың көшірмелерін жіберу арқылы олар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қатысушы банкті немесе қатысушы-сақтандыру ұйымын және операторды хабардар етеді;
Тармақша 4
4) салымшының немесе пайда алушының, сақтанушының немесе қатысушы банктің, қатысушы-сақтандыру ұйымының сұрауы бойынша анықтама берілетін күнгі қажетті академиялық кезеңге немесе оқудың толық құны жөнінде анықтама береді;
Тармақша 5
5) салымшы немесе пайда алушы басқа білім беру ұйымына ауысқан жағдайда оны қабылдаушы білім беру ұйымының шотына білім беру қызметтеріне төленген ақы қалдығын аударады, әрі үш жұмыс күні ішінде бұл жөнінде операторға хабарлайды.
Тарау 3. 3-тарау. Тараптардың құқықтары және жауапкершілігі
3-тарау. Тараптардың құқықтары және жауапкершілігі
Тармақ 5
5. Білім беру ұйымының құқықтары:
Тармақша 1
1) оператордан Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан қатысушы банктердің немесе қатысушы-сақтандыру ұйымдарының жазбаша тізімін, сондай-ақ МБЖЖ шеңберінде басқа да ақпаратты талап ету;
Тармақша 2
2) техникалық мүмкіндіктер бар болған жағдайда меншікті ақпараттық жүйені оператордың ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз ету.
Тармақ 6
6. Оператордың құқықтары:
Тармақша 1
1) Заңда және (немесе) ынтымақтастық туралы келісімде білім беру ұйымына қойылған талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда білім беру ұйымын жауапқа тарту үшін шара қолдану;
Тармақша 2
2) білім беру ұйымынан білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың жасалуына, қолданысына, білім беру қызметтерінің құны мен төлеміне, білім алушының үлгеріміне қатысты қажетті мәліметтерді сұрату.
Тармақ 7
7. Білім беру ұйымының міндеттері:
Тармақша 1
1) оператордың сұратуы бойынша семестрлік негізде білім беру ұйымында оқитын салымшы немесе пайда алушы туралы қажетті мәліметтерді ұсыну;
Тармақша 2
2) салымшы немесе пайда алушы білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда оның шығарылуы туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салымшының білім беру жинақтау салымына немесе бес жұмыс күні ішінде қатысушы-сақтандыру ұйымының банктік шотына білім беру қызметтеріне төленген ақының қалдығын аудару;
Тармақша 3
3) білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге аударылған қаражатты тікелей салымшыға немесе пайда алушыға (сақтанушыға) бермеу.
Тармақ 8
8. Оператордың міндеті:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымының сұрауы бойынша сол білім беру ұйымында білім алушының атында тіркелген білім беру жинақтау салымы туралы шарттың немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша шарттардың болуы не болмауы жөнінде мәлімет беру.
Тарау 4. 4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 9
9. Тараптардың әрқайсысы осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасына сәйкес жауапты.
Тармақ 10
10. Осы Келісімнен немесе оған байланысты туындауы мүмкін кез келген даулар, не келіспеушіліктер екі жаққа да қолайлы шешімге келу мақсатында келіссөздер өткізу арқылы шешіледі.
Тармақ 11
11. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шешіледі.
Тарау 5. 5-тарау. Құпиялылық
5-тарау. Құпиялылық
Тармақ 12
12. Тараптар осы Келісімнің аясында алған кез келген ақпаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасында қарастырылған жағдайлардың қоспағанда екінші тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жарияламауға міндет алады.
Тарау 6. 6-тарау. Форс – мажор
6-тарау. Форс – мажор
Тармақ 13
13. Еңсерілмейтін күштердің төтенше жағдайлары орын алғанда, атап айтқанда: осы Келісімге қол қойылғаннан кейін басталған және осы Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді толықтай немесе жарым-жартылай орындауға кедергі келтіретін соғыс іс-қимылдары, табиғат апаттары, ереуілдер, мемлекеттік органдардың тыйым салатын және шектеу қоятын заңнамалық шешімдері болса, міндеттемелерді орындау мерзімі аталмыш жағдайлар аяқталғанша ұзартылады.
Тармақ 14
14. Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған тарап осындай жағдайлар орнаған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей бұл жайында екінші тарапқа хабарлау тиіс. Мұндай хабарламада мәлімделген мәселе уәкілетті мемлекеттік органдардың тарапынан құжатпен расталуы керек.
Тармақ 15
15. Төтенше жағдайлардың орын алғандығы туралы уақытында ескертпеу немесе хабарламау бұл тарапты шарттың міндеттемелерін орындау жауапкершілігінен босататын себеп ретінде оларға жүгіну құқынан айырады.
Тарау 7. 7-тарау. Осы Келісімнің қолданылу мерзімі және бұзылу тәртібі
7-тарау. Осы Келісімнің қолданылу мерзімі және бұзылу тәртібі
Тармақ 16
16. Келісім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және ондағы міндеттемелер толық орындалғанша қолданылады.
Тармақ 17
17. Осы Келісім Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес және Келісімде қарастырылған талаптар бойынша бұзылуы мүмкін.
Тармақ 18
18. Келісімнің мерзімінен бұрын бұзылуына тараптардың Келісімі негізінде, немесе Келісімде қарастырылған талаптар сақталып, тараптардың бірінің бастамасы бойынша рұқсат беріледі.
Тармақ 19
19. Тараптар екінші тарапқа кем дегенде 50 (елу) күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде хабарлау арқылы бір жақты соттан тыс тәртіпте Келісімнің бұзылу рәсімін бастауға құқылы.
Тармақ 20
20. Білім беру ұйымы Заңының талаптарын үнемі бұзған жағдайда Оператор 10 (он) күн бұрын мүдделі тараптарға алдын ала хабарлама жолдап, бір жақты соттан тыс тәртіпте Келісімді бұзуға құқылы.
Тарау 8. 8-тарау. Қорытынды ережелер
8-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 21
21. Тараптар хат-хабар жіберу бойынша шығындарды өздері өтейді. Электронды құжаттар айналымы саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары сақталған жағдайда тараптар құжат айналымын электрондық сандық қолтаңба арқылы жүзеге асыра алады.
Тармақ 22
22. Осы Келісімді жасау кезінде Тараптар өзара келісу бойынша бұл білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанына нақтылау сипатында өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
Тармақ 23
23. Келісімге кез келген өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісім жасалып, қол қою арқылы енгізіледі.
Тармақ 24
24. Келісімде көрсетілген ақпарат өзгерген жағдайда тиісті тарап мұндай өзгерістер туралы екінші тарапқа 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
Тармақ 25
25. Келісімде реттелмеген бөлімде тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасын басшылыққа алады.
Тармақ 26
26. Осы Келісім әр тарапқа бір данадан, бірдей заңды күші бар екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған. Осы Келісімнің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында әртүрлі мәнде оқылу мүмкіндігі туындаған жағдайда Келісімнің мемлекеттік тілде жазылған нұсқасы басым мәнге ие болады.
Тармақ 27
27. Келісімге қоса берілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Тарау 9. 9-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары және деректемелері
9-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары және деректемелері Оператор _____________________________ _____________________________ Лауазымы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы мөр орны Білім беру ұйымы _____________________________ _____________________________ Лауазымы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы мөр орны