О некоторых вопросах кадровой политики в правоохранительных органах Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Комиссия туралы ереже;
Тармақша 2
2) Комиссия құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 537 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құқықтық мәртебесін және өкілеттіктерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдармен, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеті осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құқық қорғау органындағы лауазымдарға орналасуға үміткер адамдарды тағайындау туралы ұсынуларды қарау және Қазақстан Республикасының Президентіне немесе мемлекеттік органдардың (ведомстволардың) бірінші басшыларына ұсыныстар дайындау болып табылады.
Тармақ 4
4. Комиссия Тізбеде* көзделген құқық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға үміткер адамдарды тағайындау туралы мәселелерді қарайды.
* Тізбе – «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және босататын және (немесе) онымен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын мемлекеттік саяси қызметшілер, лауазымды және өзге де адамдар лауазымдарының тізбесі.
Тармақ 5
Тармақ 6
6. Өзінің негізгі міндеттерін шешу мақсатында Комиссия:
Тармақша 1
1) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және тыңдауға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 7
7. Комиссия құрамына Комиссияның төрағасы, Комиссия хатшысы және мүшелері кіреді.
Тармақ 8
8. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Комиссия отырыстарын өткізу орнын, уақытын және форматын айқындайды;
Тармақша 3
3) Комиссия отырыстарында төрағалық етеді;
Тармақша 4
4) алып тасталды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;
Тармақша 5
5) Комиссияның мүшелеріне орындау үшін міндетті тапсырмалар береді.
Тармақ 9
9. Комиссия мүшелері оның жұмыс кестесі мен отырысының күн тәртібі бойынша Комиссия төрағасына ұсыныстар енгізуге құқылы.
Тармақ 10
10. Егер Комиссияның тізімдік құрамының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, оның отырысы заңды деп саналады.
Тармақ 11
11. Комиссия отырыстары қажеттігіне қарай тікелей, сырттай қатысу форматында немесе ойлайн-форматта өткізіледі.
Тармақ 12
12. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты кадр мәселелерін Комиссия, әдетте, олардың жеке қатысуынсыз қарайды.
Тармақ 13
13. Комиссия шешімдері отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссияның шешімін сырттай дауыс беру тәртібінде қабылдауға Комиссия төрағасының келісімімен жол беріледі.
Тармақ 14
14. Комиссия шешімдері әрбір адамға қатысты жеке қабылданады.
Тармақ 15
15. Лауазымға тағайындауға арналған ұсынымдарды қарау туралы отырыстың нәтижелері бойынша Комиссия мына шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) ұсынылған лауазымға тағайындауға ұсынылсын;
Тармақша 2
2) ұсынылған лауазымға тағайындауға ұсыным беруден бас тартылсын.
Тармақ 16
Тармақ 17
17. Комиссияның шешімдері оның төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 18
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Басқа 1.2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 537 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, хатшы
_________________________