Об утверждении Правил выплаты пенсий, государственных социальных пособий и государственных специальных пособий лицам, проживающим в домах-интернатах, решением суда признанных недееспособными, и нуждающимся в опеке Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сот шешiмiмен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған және қамқорлыққа мұқтаж, интернат-үйлерінде тұратын адамдарға зейнетақы, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы және мемлекеттiк арнайы жәрдемақы төлеу тәртiбiн бекiту туралы "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерi не зейнетақы және әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Сот шешiмiмен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған және қамқорлыққа мұқтаж, интернат-үйлерiнде тұратын адамдарға зейнетақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы және мемлекеттiк арнайы жәрдемақы төлеу тәртiбi бекiтілсiн.
Тармақ 2. Интернат-үйлерiнде тұратын, сот шешiмiмен iс-әрекетке қабiлетсiз және қамқорлыққа мұқтаж ден танылған адамдарға зейнетақы, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы және мемлекеттiк арнаулы жәрдемақы төлеудiң Ережесi
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi. "Келісілді" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен 19 қыркүйек 2000 ж. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000 ж. 18 қыркүйекте N 212-Ө бұйрығымен "Бекітілді" Интернат-үйлерiнде тұратын, сот шешiмiмен iс-әрекетке қабiлетсiз және қамқорлыққа мұқтаж ден танылған адамдарға зейнетақы, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы және мемлекеттiк арнаулы жәрдемақы төлеудiң Ережесi Осы Ереже интернат-үйлерiнде тұратын, сот шешiмiмен iс-әрекетке қабiлетсiз және қамқорлық мұқтаж деп танылған адамдарға зейнетақы, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы (әрi қарай-жәрдемақылар) және мемлекеттiк арнаулы жәрдемақы (әрi қарай-жәрдемақылар) төлеудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 1
1. Қамқорлыққа мұқтаж адамдарды интернат-үйлерiне орналастырған кезде қамқорлық органы егер бұл жағдай қамқорлықтағының мүддесiне қайшы келмейтiн болса бұдан бұрын тағайындалған қамқоршысын өздерiнiң мiндеттерiн атқарудан босатып, интернат-үйiнiң әкiмшiлiгiн қамқоршы етiп тағайындайды.
Тармақ 2
2. Интернат-үйiнiң әкiмшiлiгiне қамқоршылық белгiленген тәртiппен ресiмделмеген жағдайда зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерi қамқоршыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Сот шешiмi бойынша iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдарға зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерi мiндеттерi мен құқықтары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгiленетiн олардың қамқоршыларына төленедi.
Тармақ 4
4. Қамқоршы (интернат-үйiнiң әкiмшiлiгi) ЗТМО аудандық (қалалық) бөлiмшесiне iс-әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы сот шешiмiнiң және балаға немесе iс-әрекетке қабiлетсiз адамға интернат-үйiнiң әкiмшiлiгiн қамқоршы етiп белгiленгендiгi туралы қамқоршылық органының шешiмiнiң көшiрмесiн ұсынады. Көрсетiлген құжаттар қамқоршылықтағылардың зейнетақы iстерiне тiгiледi.
Тармақ 5
5. ЗТМО Аудандық (қалалық) бөлiмшесi аумақтық орналасуына қарай Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Өкiлеттiгiнiң зейнетақы және жәрдемақы тағайындау туралы шешiмiнiң негiзiнде интернат-үйлерiнде тұратын және интернат-үйiнiң әкiмшiлiгi қамқоршы болып тағайындалған қамқорлықтағылардың бiрыңғай тiзiмiн (әрi қарай-тiзiм) екi дана етiп жасайды. (N 1-қосымша) Тiзiмнiң бiр данасы ЗТМО аудандық (қалалық) бөлiмшесiнде қалады, екiншiсi интернат-үйiне жiберiледi.
Тармақ 6
6. ЗТМО облыстық филиалы бiрыңғай тiзiмге сәйкес қаржыландыру өтiнiмiн (N 2-қосымша) интернат-үйiнiң депозиттiк есеп шоты ашылған екiншi деңгейдегi банкке жалпы соманы аударатын ЗТМО орталық аппаратына жолдайды.
Тармақ 7
7. Тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын қамқоршылар тұратын интернат-үйiнiң депозиттiк есепшотына аудару екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүргiзiледi.
Тармақ 8
8. Интернат-үйiнiң әкiмшiлiгi мемәлеуметтiк жәрдемақы, зейнетақы немесе мемарнаулы жәрдемақы алушының қабылдануы немесе кетуi (оның iшiнде уақытша кетуi), қайтыс болуы туралы мiндеттi түрде ЗТМО аумақтық бөлiмшесiн бiр жұмыс күнi iшiнде хабарландырады.
Тармақ 9
9. Зейнетақы немесе жәрдемақы алушының кетуi немесе қайтыс болуы туралы уақытында хабарланбаған және артық төлем болған жағдайда интернат-үйiнiң әкiмшiлiгi артық төленген соманы төлем тағайындау кодтарына сәйкес ЗТМО есеп айырысу шотына 3 жұмыс күнi iшiнде қайтаруға және кеткен (қайтыс болған) қамқорлықтағы адамдардың тегiн, атын, әкесiнiң атын және қайтару сомасын көрсете отырып тиiстi ЗТМО аудандық (қалалық) бөлiмшесiне хабарлама ұсынуға мiндеттi.
Тармақ 10
10. Интернат-үйiнiң есеп айырысу шотына қаржы түскеннен кейiн интернат-үйiнiң әкiмшiлiгi 5 жұмыс күнi iшiнде ЗТМО аудандық (қалалық) бөлiмшесiмен бiрлесiп төленген және қайтарылған сомаларды салыстыру кесiмiн жүргiзедi.
Тармақ 11
11. Қамқорлықтағы адам қайтыс болған жағдайда жерлеу жәрдемақысы белгiленген тәртiп бойынша төленедi.
Тармақ 12
12. Қамқоршы (интернат-үйiнiң әкiмшiлiгi) алынған зейнетақы және жәрдемақы сомаларын жұмсау ушiн жылына бiр рет облыстық (Астана және Алматы қалаларының) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаменттерi бекiтетiн шығыстар сметасы жасалады.
Тармақ 13
13. Қамқоршы (интернат-үйiнiң әкiмшiлiгi) алған зейнетақы және жәрдемақы сомалары алынған соманы еңбекке ақы төлеу қорына және сонымен байланысты әлеуметтiк есептеулер үшiн пайдалану құқығынсыз, қатаң түрде тек қана қарауындағылардың жеке қажетiне қосымша тамақтандыру, дәрi-дәрмектер, киiм, аяқкиiм, төсек жабдықтары және iшкиiм мен қажеттi заттарды алуға және медициналық көмек көрсетуге пайдаланылады.
Тармақ 14
14. Интернат-үйiнiң әкiмшiлiгi алынған зейнетақы ЖӘНе жәрдемақы сомаларының жүргізiлген шығыстары туралы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаменттерiне нормативтiк құжаттарда белгiленген мерзiмде және жобалық нысандар бойынша есеп бередi.
Тармақ 15
15. Ақша қаражаттарының пайдаланылғандығы жөнiндегi барлық кiрiс-шығыстық құжаттар (түбiртектер, жөнелтпе құжаттар, есептер, сенiмхаттар және т. б.) интернат-үйiнiң бухгалтериясында бес жыл бойына сақталады.
Тармақ 16
16. Алынған зейнетақы және жәрдемақы сомаларының мақсатсыз пайдаланылуы үшiн директор мен бас есепшi Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауап бередi.
Тармақ 17
17. Алынған зейнетақы және жәрдемақы сомаларының мақсатты пайдаланылуын қадағалау заңнамада көрсетiлген тәртiппен жүзеге асырылады. N 1 қосымша коды ____________________________________________ (Зейнетақы орталығы филиалының атауы) сот шешiмiмен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған және қамқорлыққа мұқтаж, интернат-үйлерiнде тұратын адамдардың__________ж. iшiнде зейнетақы, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы және мемлекеттiк арнайы жәрдемақы алуына арналған тiзiм-тiзiмдеме Интернат-үйiнiң     (пансионаттың)          банктiк деректемелерi: СТН арнайы шоты МФО төлем тапсырмасының N__                  2000 ж. ____ күні Сомасы (жазбаша)_________________________________________________ _____________________________________________________________ N    Зейнетақы      Тегi, аты, әкесiнiң      Сома р/с  iсiнiң нөмiрi       аты.              (теңгемен) _____________________________________________________________ 1      2                   3                   4 _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ Жиынтығы: Директор ____________________ Бас бухгалтер ________________ N 2-қосымша Коды _______________________________________ (Зейнетақы орталығы филиалының атауы) Сот шешiмiмен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған және қамқорлыққа мұқтаж, интернат-үйлерiнде тұратын адамдарға_______ж. үшiн зейнетақы, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы және мемлекеттiк арнайы жәрдемақы төлеуге арналған қажеттiлiктiң 2000 жылғы___________жиынтық кестесi ___________________________________________________________________ Аудандардың      Адамдардың       Интернат-         Сомасы (қалалардың)        саны          үйлерiнiң        (теңгемен) және интернат-                    деректемелерi үйлерiнiң атауы ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Жиынтығы: ___________________________________________________________________ Зейнетақы орталығы филиалының директоры______________________ Бас бухгалтер__________________ Жауапты орындаушы____________________