О передаче Восточно-Казахстанского научно-исследовательского института сельского хозяйства из административного подчинения Глубоковского района в подчинение областным органам Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын Глубокое ауданының әкiмшiлiк бағыныштылығынан облыстық органдардың бағыныштығына беру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен. Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Қазақстан Республикасының шығысындағы аграрлық зерттеулердiң аймақтық орталығы ретiндегi статусын көтеру және облыстың агроөнеркәсiп кешенiн ғылыми қамтамасыз етудiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Құрамында Шығыс Қазақстан мемлекеттiк қазыналы тәжiрибе шаруашылығы және "Майлы дақылдар" мемлекеттiк қазыналы тәжiрибе шаруашылығы бар Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Глубокое ауданының әкiмшiлiк бағыныштығынан облыстық органдардың бағыныштығына берiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық салық комитетi (Аханаев О.Қ.) салықтарды төлеуден табыстардың түсуi мәселелерi бойынша Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын облыстық салық комитетiне есепке тұрғызсын. Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтынан түсетiн салықтар мен алымдар Глубокое ауданы бойынша салық комитетiне есептелсiн.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (Жексенев З.Ж.) ғылыми және өндiрiстiк жұмыстар туралы статистiк есептердi Қазақстан Республикасының статистика және талдау жөнiндегi комитетi бекiткен есеп беру табелiне сәйкес облыстық статистика басқармасына беретiн болсын.