О реорганизации отдельных государственных учреждений Министерства культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң жекелеген мемлекеттiк мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы Астана қаласының мәдени және рухани келбетiн көркейту, қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи игiлiгiмен және әлемдiк әдебиет пен өнердiң жетiстiктерімен таныстыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұражайы" және "Сәкен Сейфуллин атындағы республикалық көпшiлiк кiтапханасы" республикалық мемлекеттiк мекемелерiн қосу жолымен "Қазақстан Республикасының Президенттiк мәдениет орталығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) болып қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Мекеменi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне республикалық бюджетте 41 "Тарихи-мәдени құндылықтарды республикалық деңгейде сақтау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172 қаулысымен .
Тармақша 2
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604 қаулысымен . 📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172; 2004.06.01. N 604 қаулыларымен.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.