Об определении категории граждан, расходы которых по плате за пользование жилищем в частном жилищном фонде и арендных домах возлагаются на местный бюджет Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі шығыстары жергілікті бюджетке жүктелген азаматтардың санаттарын айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшін, төлемақыны төлеу жөніндегі шығыстары жергілікті бюджетке жүктелген азаматтардың санаттары айқындалсын: Ұлы Отан соғысының ардагерлері; Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер.
Тармақ 2
2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.