О проведении зачета по платежам в местный бюджет Күшін жойған
Басқа 0
Жергілікті бюджет төлемдері бойынша өтем жүргізу туралы
📌 Сноска.
Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының 29.07.2004 N 76 шешімімен.
"АХБК-ОЗАТ" ААҚ-тың құны 169 492 мың теңге Мәдениет сарайы ғимаратының Н. Сац атындағы Мемлекеттік академиялық жастар театрының ғимараты ретінде коммуналдық меншікке берілуіне байланысты ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. "АХБК-ОЗАТ" ААҚ-тың 2000 жылдың 1 тамызында 61115,2 мың теңге сомасындағы жинақталған салықтар мен жергілікті бюджетке басқа міндетті төлемдер бойынша қарызы АММК Мәдениет сарайы ғимаратының есебіне жатқызу жолымен өтелетін болсын, оның ішінде:
- төлем кезіне ұсталатын жеке тұлғалардың табыс салығы - 28229,5 мың теңге;
- заңды тұлғалардың мүлігіне салынған салық - 4924,0 мың теңге;
- жер учаскелерін жалға беруден түскен түсім - 27961,7 мың теңге;
- реттеуші салықтар бойынша (жергілікті бюджетке түсетін үлеспен) - 83368,0 мың теңге, оның ішінде:
- заңды тұлғаларға салынған салық - 1272,1 мың теңге;
- әлеуметтік салық - 82036,4 мың теңге;
- қоршаған ортаны ластағандығы үшін төлем - 59,5 мың теңге немесе барлығы 144483,2 мың теңге.
Тармақ 2
2. ҚР Қаржы министрлігінен жергілікті бюджетке түсетін үлестегі реттеуші салық жөніндегі "АХБК-ОЗАТ" ААҚ-тың осы бойынша қарызы Мәдениет сарайы құнының 49 пайызын құрағандықтан өтем жүргізу сұралсын.
Тармақ 3
3. 25008,8 мың теңге көлеміндегі қалған сома "АХБК-ОЗАТ" ААҚ-тың алдағы төлемдер мен салық төлеушінің өзге салықтарының төлемі бойынша міндеттемелерін төлеу есебіне жатқызылсын.