Об улучшении работы по оказанию первичной медико-санитарной помощи населению области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жұмысын жақсарту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 03.07.2004 № 7-60ө шешімімен. Облыстық жергілікті жерлердегі атқару органдарының, мекеме, кәсіпорындарының жұмысы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсартудың бірінші кезектегі шаралары туралы" Жарлығын, "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын жјне облыс Әкімінің денсаулық сақтауды ұйымдастыру және жетілдіру мәселелері туралы шешімдерін жүзеге асыруға бағытталған болатын. Сонда да болса, соңғы жылдары, халықтың денсаулығының өзгеру жағдайы мен аурулардың пайда болуы және денсаулыққа јсер ететін факторлар айтарлықтай алаңдатушылық туғызады. Жалпы алғанда қайтыс болғандар саны көбейіп, әдеттегідей олардың басым көпшілігі жүрек-қан тамырларының зақымдануынан, өкпе, ісік аурулары мен жарақаттану салдарынан болып отыр. Халықтың өсіп-өнуі төмендеп, жас нәрестелердің шетінеуі жоғары деңгейде қалып қойып отыр. Жұқпалы ауруларға байланысты эпидемиологиялық ахуал тұрақтандырылмай келеді. Қазіргі кезде денсаулық сақтау жүйесінің бастапқы буындарында жағдай көңіл алаңдатарлықтай. Профилактикалық бағыттылықты қамтамасыз ету өз дәрежесінде емес, халыққа дәрігерге дейінгі және дәрігерлік көмек көрсету жағдайы төмендеп барады. Медициналық көмектің кепілді көлемі қамтамасыз етілмейді. Халыққа бастапқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету жұмысын жақсарту мақсатында Алматы облысының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандар мен қалалар әкімдерінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бірінші кезектегі міндеттері болып төмендегілер саналсын: - жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жолдары, қатерлі ісік және басқа ауруларды ерте анықтау және олардың алдын алу жолдармен профилактикалық бағыттылықты қамтамасыз ету, халықты белсенді түрде дене еѕбегімен айналысуға, дұрыс және тиімді тамақтануға тарту, зиянды әдеттерді жойып, ересектер мен балаларды дер кезінде иммунизациялау мәселелерін жақсарту; - дәрігерге дейінгі және дәрігерлік көмек, сондай-ақ сапалы, білікті медициналық көмек көлемін ұлғайту; - жұқпалы аурулар мен науқастанудың алдын алу, инфекцияның табиғи көздеріндегі профилактикалық жұмысты жақсарту, инфекцияларға қарсы иммунизация жүргізу; - балалар патологиясын ерте анықтауды жақсарту және балаларды үйде бақылауды қамтамасыз ету.
Тармақ 2
2. Бастапқы медициналық көмекті халыққа жақындату және оның сапасын жақсарту мақсатында облыс Әкіміне төмендегілер ұсынылсын: - бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы құру оның құрамына: ересектер мен балаларға арналған емханаларды, әйелдер консультацияларын, жедел көрсету бөлімшелерін, арнаулы диспансерлерді, селолық дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттерді, сондай-ақ учаскелік ауруханаларды станционары бар дәрігерлік амбулаторияға айналдыра отырып енгізу; - арнаулы медициналық көмекті қамтамасыз ету және оны халыққа жақындату үшін жұмыс істеп жатқан мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды ұсақтау (бөлшектеу); - мемлекеттік қазыналық денсаулық сақтау кәсіпорындарының еңбек ақыға байланысты орын алған берешектерін жою жөнінде шаралар қабылдау; - облыстық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша, емделген бір ауруға, облыс Әкімі бекіткен тариф шегінде, мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды тікелей облыстық бюджеттен қаржыландыруға көшіру; - мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды, еңбекақыны дер кезінде төлеуді қамтамасыз ету үшін тариф бойынша болашақ төлемдер есебінен аванс беруді жүзеге асыру; - облыстық денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы еңбекақыға, тамақтандыру мен дәрі-дәрмекке қаржының жұмсалуын және төсек - орынның пайдаланылуын ай сайын талдап отыруды жұмыс тәжірибесіне енгізу.
Тармақ 3
3. Аудандар мен қалалардың Әкімдері: - бастапқы медициналық-санитарлы көмек көрсету орталығы мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары құрылымдық бөлімшелерінің басшы қызметтеріне кадр іріктеуді жақсарту мақсатындағы жұмыстарды жүргізу; - денсаулық сақтау мекемелері мен кәсіпорындарында бухгалтерлік есепке алу мен есеп беруді жақсарту шараларын қабылдау үшін, оларды талдау; - халыққа медициналық-санитарлық көмек көрсету жағдайын үнемі талқылау.