Об утверждении Правил лицензирования деятельности, связанной с изготовлением и реализацией лечебных препаратов Күшін жойған
Басқа 0
Емдiк препараттарды дайындаумен және сатумен байланысты қызметтi лицензиялау ережесiн бекіту туралы
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі N 692 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Дәрілік заттар туралы" 1995 жылғы 23 қарашадағы N 2655 заң күші бар Жарлығына және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Емдік препараттарды дайындаумен және сатумен байланысты қызметтi лицензиялау ережесi бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Емдiк препараттарды дайындаумен және сатумен байланысты қызметтi лицензиялау ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 28 қазандағы
N 1624 қаулысымен
бекiтілген
Емдiк препараттарды дайындаумен және сатумен байланысты қызметтi лицензиялау ережесi
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже емдiк препараттарды өнеркәсiптiк өндiрiс* және дәрiхана** жағдайларында дайындаумен, емдiк препараттарды көтерме*** және бөлшек саудада**** сатумен (бұдан әрi - фармацевтикалық қызмет) байланысты қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру және есепке алу тәртiбiн, шарттарын белгiлейдi.
Ескерту:
* дәрiлiк заттарды өнеркәсiптiк өндiрiс жағдайларында дайындау - шикiзатты, материалдар мен ұсатылған өнiмдердi сатып алуды, технологиялық процестi, дайын өнiмдердi өлшеп бөлудi, сапасын бақылауды, сертификаттауды, стандарттауды, тiркеудi, сақтауды, оларды бақылаумен қатар жүретiн барлық түрлерiмен бiрге сату мен тасымалдауды қоса алғанда, дәрiлiк заттарды сериялық шығару жөнiндегi қызмет.
** дәрiлiк заттарды дәрiхана жағдайында дайындау - шикiзаттарды, материалдарды сатып алуды, дайындау технологиясын, сапаны бақылауды, сақтауды және сатуды қоса алғанда, дәрiгерлердiң рецептілерi және емдеу-алдын алу ұйымдарының тапсырыстары бойынша дәрiлiк заттарды дайындау жөнiндегi қызмет.
*** дәрiлiк заттарды көтерме саудада сату - дәрілiк заттарды халыққа сатуды қоспағанда, дәрiлiк заттарды сатып алумен, сақтаумен, импорттаумен, экспорттаумен байланысты қызмет.
**** дәрiлiк заттарды бөлшек саудада сату - дәрiлiк заттарды сатып алумен, сақтаумен, халыққа және ұйымдарға жеке дана немесе шағын бөлiктер түрiнде босатуға байланысты қызмет.
Емдiк препараттар (дәрілiк заттар) - өзiндiк, фармакологиялық активтiлiгi бар шығу тегi әртүрлi (өсiмдiктерден, жануарлардан, синтетикалық, минералдық, биотехнологиялық және тағы басқа) заттар және аурулардың алдын алуға, диагнозын қоюға және емдеуге қолданылатын осы заттардың дәрiлiк нысандары.
Дәрiлiк заттарға дәрiлiк заттардың құрамдас бөлiктерi болып табылатын заттар, олардың дәрiлiк нысандары, адам денесiнде немесе тәнi iшiнде уақытша немесе ұзақ болуға арналған бұйымдар мен материалдар, сондай-ақ емдiк-профилактикалық азық-түлiк өнiмдерi, тағам қоспалары, аурулардың диагнозын қою, алдын алу, емдеу мақсатында пайдаланылатын бұйымдар, құрылғылар, приборлар жатады.
Тармақ 2
2. Фармацевтикалық қызмет фармацевтикалық және медициналық зауыттарда, фабрикаларда цехтарда (фармацевтикалық және медициналық өнеркәсiп), сондай-ақ дәрiхана қоймаларында, дәрiханаларда, дәріханалық пункттерде, дәрiханалық дүңгiршектерде, медициналық техника дүкендерiнде, оптика дүкендерiнде (дәрiхана ұйымдары) жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсiптiң және дәрiхана ұйымдарының иелерi заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрi - лицензиаттар) болуы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Фармацевтикалық қызметтi лицензиялау Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығы мен өмiрiн қорғау, дәрi айналымы саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру, фармацевтикалық қызметтердiң жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсаттарында жүргiзiледi.
Тармақ 5
5. Лицензиялауға:
Тармақша 1
1) дәрiлiк заттарды:
өнеркәсiптiк өндiрiс жағдайларында;
дәрiхана жағдайларында дайындау;
Тармақша 2
2) дәрiлiк заттарды:
көтерме саудада;
бөлшек саудада сату жөнiндегi фармацевтикалық қызмет жатады.
Тармақ 6
6. Фармацевтикалық қызметтi лицензиялауды Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрi - лицензиар) жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 35 қаулысымен .
Тармақ 7
7. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты фармацевтикалық қызметтi лицензиялауды "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-әрекет шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметке мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган жүргiзедi.
Тармақ 8
8. Фармацевтикалық қызметпен тиiстi лицензиясыз, не лицензиялық нормалар мен ережелердi бұза отырып айналысу Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген тәртiппен жауапқа тартылады.
Тармақ 2. 2. Лицензия берудiң тәртiбi мен шарттары
2. Лицензия берудiң тәртiбi мен шарттары
Тармақ 9
9. Лицензия алу үшiн лицензиат мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен, фармацевтік қызметті жүзеге асыратын объектілер көрсетілген белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгендiгi туралы куәлiктiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
Тармақша 3
3) қызметтің лицензияланатын түрiмен айналысу құқығына алым енгiзгендiгiн растайтын құжат;
Тармақша 4
4) лицензиаттың белгiленген тәртiппен тiркелген заңды немесе жеке тұлғаның тәуелсiз сараптамалық бағалауы негiзiнде жасалған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы қорытынды.
📌 Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 35 қаулысымен .
Тармақ 10
10. Фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алуға үмiткер жеке тұлға заңды тұлға үшiн белгiленген тәртiппен лицензия алады.
Тармақ 11
11. Лицензиат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құжаттарда ұсынылған ақпараттың уақытылығы, дұрыстығы және толықтығы үшiн жауапты болады.
Тармақ 12
12. Лицензиар өтiнiштi қарайды және барлық қажеттi құжаттары болған және лицензиат мәлiмделген қызметтiң түрi үшiн қойылатын білiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда, бiр айлық мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi үшiн он күннен кешiктiрмей лицензия бередi.
Лицензиатқа осы Ережедегі қосымшаға сәйкес фармацевтік қызмет түрін көрсете отырып, әрбір объектіге қосымшасымен (қосымшаларымен) лицензия беріледі.
📌 Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 35 қаулысымен .
Тармақ 13
13. Лицензия бiр данада берiледi.
Лицензияны жоғалтқан жағдайда, лицензиаттың төлнұсқа алуға құқығы бар. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша он күннiң iшiнде лицензияның төлнұсқасын берудi жүргiзедi. Бұл жағдайда лицензиат мәлiмделген қызмет түрiмен айналысу құқығына алым төлейдi.
Лицензиялық алымның мөлшерi Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленедi.
Тармақ 14
14. Қызметтiң лицензияланушы түрiн басқа объектiде жүзеге асыру үшiн лицензиат жаңа объектiнiң мекен-жайын көрсете отырып және осы объектi мен мамандардың белгiленген талаптар мен нормаларға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсына отырып, лицензиарды алдын ала хабардар етуi тиiс.
Тармақ 15
15. Лицензия иелiктен айыруға жатпайтын құжат болып табылады және оны лицензиаттың басқа заңды немесе жеке тұлғаға беруiне болмайды.
Тармақ 16
16. Фармацевтикалық қызметке лицензия қолданылу мерзiмi шектелмей берiледi.
Тармақ 17
17. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ Лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Лицензия беруден бас тарту, лицензияның қолданылуын тоқтату, лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 3. 3. Емдiк препараттарды дайындаумен және сатумен байланысты қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары
3. Емдiк препараттарды дайындаумен және сатумен байланысты қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Тармақ 19
19. Дәрiлiк заттарды өнеркәсiптiк өндiрiс жағдайларында дайындаумен байланысты қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
Тармақша 1
1) дәрiлiк заттарды бекiтілген сапа стандарты бойынша (антибиотиктердi, жоғары активтi, уытты немесе ауаға тарайтын заттарды өндiру кезiнде жеке үй-жайлар көзделуi тиiс) дайындауды қамтамасыз ететiн санитарлық нормалар мен ережелерге сай жеке кiретiн есiгi бар өндiрiстiк үй-жайлар мен алаңдардың (объектiге құқық белгiлейтiн құжаттармен расталған);
Тармақша 2
2) лицензиар белгiлеген тәртiппен бекiтiлген емдiк препараттарды өндiруге берiлетiн тiркеу куәлiктерiнiң;
Тармақша 3
3) өнiмнiң әрбiр атауын өндiруге лицензиармен келiсiлген техникалық (технологиялық) регламенттiң;
Тармақша 4
4) санитарлық-гигиеналық киiмдердiң, өртке қарсы мүкәммалдың және қызметкерлердi техникалық қауiпсiздiкке оқыту жөнiндегi нұсқаулықтардың;
Тармақша 5
5) шикiзаттың, ұсатылған өнiмнiң, қосалқы материалдардың және шығарылған өнiмнiң қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ететiн сақтау жағдайларының;
Тармақша 6
6) тiкелей емдiк препараттар өндiрiсiнде жұмыс iстейтiн бөлiмшелердің басшыларында, сондай-ақ емдiк препараттардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын адамдар үшiн жоғары фармацевтiк бiлiмiнiң және мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс стажының болуын қамтиды.
Жекелеген жағдайларда, лицензиардың рұқсатымен жоғарыда көрсетiлген лауазымдарға химия-технологиялық немесе химиялық бiлiмi және емдiк препараттардың өндiрiсi саласында үш жылдан кем емес жұмыс стажы бар адамдардың тағайындалуы мүмкiн.
Тармақ 20
20. Дәрiлiк заттарды дәрiхана жағдайларында дайындаумен байланысты қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
Тармақша 1
1) оларды асептикалық блокта дайындау кезiнде емдiк препараттардың стерильділігiн қамтамасыз ететiн тиiстi санитарлық нормалар мен ережелерге сай, жеке кiретiн есiгi бар үй-жайлар мен алаңдардың (объектiге құқық белгiлейтiн құжаттармен расталған);
Тармақша 2
2) емдiк препараттар дайындауды ұйымдастыруға арналған жабдықтардың, приборлардың және басқа мүкәммалдың;
Тармақша 3
3) емдiк препараттардың сақталуына, тиiмдiлiгiне, қауiпсiздiгi мен сапасына кепiлдiк беретiн белгiленген ережелер бойынша дайындаудың, сақтаудың және сатудың шарттарын қамтамасыз етуге және орындауға арналған арнаулы дәрiханалық жабдықтар мен жиhаздың, мүкәммалдың, приборлар мен аппараттардың;
Тармақша 4
4) санитарлық-гигиеналық киiмдердiң, өртке қарсы мүкәммалдың және қызметкерлердi техника қауiпсiздiгiне оқыту жөнiндегi нұсқаулықтардың;
Тармақша 5
5) дәрiхананың және оның өндiрiстiк бөлiмдерiнiң басшысында, рецептердi, емдеу-профилактикалық ұйымдардан өтiнiмдер қабылдауды, дәрiлiк нысандарды босатуды, емдiк препараттардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын адамдарда жоғары фармацевтiк бiлiмi мен үш жылдан кем емес жұмыс стажының;
Тармақша 6
6) емдiк препараттарды дайындауды тiкелей жүзеге асыратын қызметкер үшiн орта фармацевтiк бiлiмнiң;
Тармақша 7
7) арнаулы әдебиеттiң, "Тiзбесiн" лицензиар белгiлейтiн емдiк препараттардың айналымын регламенттейтiн нормативтiк құжаттардың болуын қамтиды.
Тармақ 21
21. Емдiк препараттарды көтерме саудада сатумен байланысты қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
Тармақша 1
1) емдiк препараттарды емдеу-профилактикалық, дәрiханалық ұйымдар мен басқа да мекемелерге көтерме саудада сатуды ұйымдастыруға арналған санитарлық нормалар мен ережелерге сай, жеке кiретiн есiгi бар үй-жайлар мен алаңдардың (дәрiханалық қоймаға лайықталған) (объектiге құқық белгілейтiн құжаттармен расталған);
Тармақша 2
2) емдiк препараттардың сақталуына, тиiмдiлiгiне, қауiпсiздiгi мен сапасына кепiлдiк беретiн белгiленген ережелерге сәйкес сақтаудың және көтерме саудада сатудың шарттарын қамтамасыз етуге және орындауға арналған жабдықтар мен жиhаздың, мүкәммалдың, санитарлық-гигиеналық киiмнiң, өртке қарсы жабдықтардың, приборлардың;
Тармақша 3
3) дәріхана қоймасының басшысында - жоғары фармацевтік білімінің, мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілінің, емдік препараттарды қабылдауды, сақтауды және сатуды жүзеге асыратын қойма бөлімдерінің басшыларында - жоғары немесе орта фармацевтік білімінің;
Тармақша 4
4) анықтамалық әдебиеттiң, "Тiзбесiн" лицензиар белгiлейтiн емдiк препараттардың айналымын регламенттейтiн нормативтiк құжаттардың болуын қамтиды.
📌 ЕСКЕРТУ. 21-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.06.10. N 621 қаулысымен .
Тармақ 22
22. Емдiк препараттарды бөлшек саудада сатуды лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
Тармақша 1
1) жеке кiретiн есiгi бар (дайын дәрiлiк нысандардың дәрiханасына лайықталған немесе дәрiханалық пункт немесе дәрiханалық дүңгiршек), объектiге құқық белгiлейтiн құжаттармен расталған, санитарлық нормалар мен ережелерге сай үй-жайлар мен алаңдардың;
Тармақша 2
2) емдiк препараттардың сақталуына, тиiмдiлiгiне, қауiпсiздiгi мен сапасына кепiлдiк беретiн белгiленген ережелерге сәйкес сақтаудың және сатудың шарттарын қамтамасыз етуге және орындауға арналған арнаулы жабдықтар мен жиhаздың, мүкәммалдың, санитарлық-гигиеналық киiмнiң, өртке қарсы жабдықтардың, приборлардың;
Тармақша 3
3) шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету үшiн лицензиар бекiткен емдiк препараттардың ассортименттiк минимумының;
Тармақша 4
4) анықтамалық әдебиеттiң, "Тiзбесiн" лицензиар белгiлейтiн емдiк препараттардың айналымын регламенттейтiн нормативтiк құжаттардың;
Тармақша 5
5) дәрiхананың басшысында және рецептердi, емдеу-профилактикалық ұйымдардан тапсырыстар қабылдауды, емдiк препараттарды сатуды және сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерде жоғары фармацевтiк бiлiм мен үш жылдан кем емес жұмыс стажының болуын қамтиды. Жоғары фармацевтiк бiлiмi бар маман болмаған жағдайда, дәрiхананы басқару және аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшiн лицензиар аттестациядан өткiзген орта фармацевтiк бiлiмi, үш жылдан кем емес жұмыс стажы бар мамандарға рұқсат берiлуi мүмкiн;
Тармақша 6
6) дәрiханалық пункттер мен дәрiханалық дүңгiршектерге басшылық жасауды жүзеге асыру үшiн фармацевтiк бiлiм болуын қамтиды. Шалғайдағы селолық жерлерде орналасқан дәрiханалық пункттер мен дәрiханалық дүңгiршектерде емдiк препараттарды қабылдауды, сақтауды және сатуды жүзеге асыру үшiн, сондай-ақ лицензиар аттестациядан өткiзген медициналық бiлiмi бар мамандарға рұқсат берiледi.
шалғайдағы ауылдық жерлерде дәріхана, дәріхана пункттері және дәріхана дүңгіршіктері жоқ болған жағдайда дәрілік заттарды сатуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды немесе жеке тұлғалар фельдшерлік-акушерлік пункттер арқылы жүзеге асыра алады. Бұл ретте дәрілік заттар сапасының, қауіпсіздігінің және тиімділігінің сақталуын дәрілік заттарды сататын медициналық білімі бар, аттестатталған мамандар қамтамасыз етеді.
📌 ЕСКЕРТУ. 22-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.06.10. N 621 қаулысымен .
Тармақ 23
23. Дәрiханалық дүңгiршiктер халыққа емдiк препараттарды рецептуралық босатусыз сатады.
Тармақ 24
24. Фармацевтикалық қызметтiң лицензияланатын түрлерiмен заңды тұлға құрмай айналысқысы келетiн жеке тұлғалардың фармацевтикалық бiлiмi болуы тиiс.
Тармақ 25
25. Аурулардың диагнозын қою, алдын алу және емдеу мақсатында пайдаланылатын бұйымдарды, құрылғылар мен құралдарды (бұдан әрі - медициналық мақсаттағы бұйымдар) бөлшек сатумен байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
Тармақша 1
1) көп қабатты тұрғын немесе қоғамдық ғимаратта не бөлек тұрған ғимаратта (меншік иесінің объектіге мүліктік құқығын белгілейтін құжаттармен расталған) жабдықтарды сақтауды, сапасын, түгелдігін және жұмыс істеу қабілетін тексеруді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, оларға қосалқы бөлшектерді және шығыс материалдарын бөлшек сатуды ұйымдастыру үшін санитарлық ережелермен нормаларға, өрт және техника қауіпсіздігіне сәйкес келетін медициналық бұйымдар дүкеніне арналған бөлек есігі бар үй-жайлар мен алаңдар;
Тармақша 2
2) медициналық мақсаттағы бұйымдардың сақталуын, сапасын қамтамасыз етуге арналған жабдық, тиісті жиһаз, құралдар, санитарлық-гигиеналық киім және өртке қарсы мүкәммал;
Тармақша 3
3) медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдалану және сапасын қамтамасыз ету жөніндегі анықтамалық әдебиет проспектілер, каталогтар, нұсқаулықтар;
Тармақша 4
4) сатылатын медициналық мақсаттағы бұйымдардың сақталуына, сапасына жауапты қызметкерлердің 5 жылда бір рет біліктілігін көтеруден өтуі, фармацевтік немесе медициналық білімі.
Тармақ 26
26. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме сатумен байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
Тармақша 1
1) көп қабатты тұрғын немесе қоғамдық ғимаратта не бөлек тұрған ғимаратта (меншік иесінің объектіге мүліктік құқығын белгілейтін құжаттармен расталған) жабдықтарды сақтауды, сапасын, түгелдігін және жұмыс істеу қабілетін тексеруді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, оларға қосалқы бөлшектерді және шығыс материалдарын көтерме сатуды ұйымдастыру үшін санитарлық ережелер мен нормаларға, өрт және техника қауіпсіздігіне сәйкес келетін көтерме сауда қоймасына арналған бөлек есігі бар үй-жайлар мен алаңдар;
Тармақша 2
2) медициналық мақсаттағы бұйымдардың сақталуын, сапасын қамтамасыз етуге арналған жабдық, тиісті жиһаз, құралдар, санитарлық-гигиеналық киім және өртке қарсы мүкәммал;
Тармақша 3
3) көтерме сауда қоймасының басшысында - жоғары фармацевтік немесе медициналық білім және 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі, ал медициналық мақсаттағы бұйымдардың сақталуына, сатылуына жауапты адамдарда - 5 жылда бір рет біліктілігін көтеруден өтуі, жоғары немесе орта фармацевтік білімі;
Тармақша 4
4) медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдалану және сапасын қамтамасыз ету жөніндегі анықтамалық әдебиет, каталогтар, проспектілер, нұсқаулықтар.
📌 ЕСКЕРТУ. Жаңа 25, 26-тармақтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.06.10. N 621 қаулысымен .