Об утверждении Правил определения размера гарантии по образовательным кредитам, предоставляемым обучающимся финансовыми организациями Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы «Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 248 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Нұрғожаева Т. А.):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы және инвестициялық жобалар департаментінің директоры (Нұрғожаева Т.А.) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу ҚАҒИДАЛАРЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 97 бұйрығымен бекітілді Білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу ҚАҒИДАЛАРЫ
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Осы білім алушыларға қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін белгілеу Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 248 қаулысына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттері бойынша кепілдік мөлшерін анықтау тәртібін (бұдан әрі – кепілдік мөлшерін анықтау) белгілейді.
Тармақ 2
2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:
Тармақша 1
1) кепілдікті міндеттеме – ұйымның кредитор алдында келісімде көзделген тәртіп пен шарттарда айқындалған кепiлдiк мөлшерi шегiнде кредит шарты бойынша қарыз алушының мiндеттемелердi орындағаны үшін жауап беру мiндеттемесi;
Тармақша 2
2) қарыз алушы - кредитор тарапынан кредит берілген жеке тұлға;
Тармақша 3
3) білім беру кредиті - қаржы ұйымдары мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында оқу ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;
Тармақша 4
4) қаржы ұйымы - қарыз операцияларын жүргiзуге лицензиясы бар заңды тұлға (бұдан әрі - кредитор);
Тармақша 5
5) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі - Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын тартуына және оларға сыйақылар мен мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға негізделген, білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі.
Тарау 2. 2. Білім беру кредиттері бойынша кепілдіктің мөлшерін анықтау тәртібі
2. Білім беру кредиттері бойынша кепілдіктің мөлшерін анықтау тәртібі
Тармақ 3
3. Кепілдік мөлшері Кепілдік туралы өтінім берілген күнге дейінгі академиялық мерзімдегі (семестр) білім алушының үлгеріміне байланысты. Егер бұрынғы академиялық мерзімдегі (семестр) үлгерім туралы ақпарат болмаған жағдайда қабылдау емтихандарының қорытындысы не ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің (бұдан әрі - КТ) нәтижелері пайдаланады. Егер білім алушының бұрынғы академиялық мерзім (семестр) үшін немесе бірнеше бұрынғы академиялық мерзімдер (семестр) үшін оқу ақысы бойынша қарыздары бар болса, оның үлгерімі кепілдік алуға өтініш түскен күнге соңғы академиялық мерзімнің (семестр) қорытындылары бойынша есептеледі.
Тармақ 4
4. Есепке төмендегі үлгерім алынады:
Тармақша 1
1) техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру оқу бағдарламалары бойынша: оқуға түсушілер (талапкерлер) үшін ҰБТ/КТ сертификатына немесе оқуға түсу емтихандарының нәтижелеріне сәйкес; білім алушылар (студенттер) үшін транскрипте белгіленген Grade Point Average (бұдан әрі - GPA) негізінде соңғы академиялық мерзім (семестр) бойынша жоғары оқу орны берген анықтамаға сәйкес.
Тармақша 2
2) жоғары білім берудің білім беру оқу бағдарламалары бойынша: оқуға түсушілер (талапкерлер) үшін ҰБТ/КТ сертификатына сәйкес; білім алушылар үшін жоғары оқу орынның соңғы академиялық мерзім (семестр) бойынша транскрипте белгіленген Grade Point Average (бұдан әрі - GPA) негізіндегі анықтамасына сәйкес. GPA болмаған жағдайда бес балдық жүйе бойынша үлгерімнің орташа арифметикалық балы есепке алынады.
Тармақ 5
5. Арнайы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтарға оқуға түсушілердің үлгерімі ҰБТ/КТ нәтижелері бойынша (екі пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі және Қазақстан тарихы) арнайы (шығармашылық) емтихандардың қорытындылары есепке алына отырып есептеледі. Арнайы (шығармашылық) емтихандардың саны – екі.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - ЖОО) магистратураға оқуға түсушілердің үлгерімі қабылдау емтихандары қорытындыларының пайыздық мазмұндағы орташа арифметикалық мағынасын шығару арқылы есептеледі. Қабылдау емтихандары әртүрлі білімді бағалау жүйелері (әріптік жүйе, пайыздық мазмұнда, дәстүрлі жүйе, балдардың цифрлік баламасы) бойынша бағаланған жағдайда үлгерім әр емтихан бойынша пайыздық мазмұнда бөлек есептеліп, алынған қорытындылардың орташа арифметикалық мәні анықталады.
Тармақ 7
7. Жоғары білімі бар азаматтар қысқа мерзімді оқу түрлеріне түсетін жағдайда үлгерім жоғары білім туралы дипломға қосымшадағы қорытынды бағалардың арифметикалық мағынасын шығару арқылы есептеледі.
Тармақ 8
8. Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқа мерзімді оқу бағдарламалары бойынша мәндес мамандықтарға түсетін жағдайда үлгерім кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша есептеледі.
Тармақ 9
9. Білім алушылардың (студенттердің) оқу жетістіктері (білімі, қабілеті, дағдылары мен біліктілігі) осы Қағидаларға «Төрт балдық жүйе бойынша цифрлік баламаға сай білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі» 1-қосымшаға сәйкес кестенің негізінде бағаланады.
Тармақ 10
10. Кепілік мөлшері білім беру кредиттеріне кепілдік берудің тиісті бағдарламаларына байланысты осы Қағидаларға «Негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау» 2-қосымшаға сәйкес 1-8 кестелері негізінде анықталады.
Тармақ 11
11. Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламалары мынадай төлемдерді көздейді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы аумағында қызмет ететін ЖОО-ларда және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру қызметтері үшін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде қызмет ететін білім беру курстары және/немесе шетелдік ЖОО-лардың қызметтері үшін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы аумағында қызмет ететін техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру қызметтері үшін;
Тармақша 4
4) алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.12.2013 № 517 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы аумағында қызмет ететін ЖОО-ларда үлгерімі жоғары студенттерге білім беру қызметтері үшін жүзпайыздық кепілдікпен;
Тармақша 6
6) ЖОО-лардың қатысуымен жүзпайыздық кепілдікпен Қазақстан Республикасы аумағында қызмет ететін ЖОО-ларда білім беру қызметтері үшін;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі (магистратура) білім беру ұйымдарында білім беру қызметтерін Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жүз пайыздық кепілдікпен;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асыратын ЖОО-ларда білім беру қызметтерін көп балалы, толық емес және тұрмысы төмен отбасылардағы, жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған, мүгедек не ата-анасы мүгедек немесе зейнеткерлік жасқа жеткен студенттер мен магистранттар үшін жеңілдікті шарттармен жүз пайыздық кепілдікпен.
Тармақ 12
12. Осы Қағидалардың 11-тармағының 1)-7) тармақшаларында көрсетілген білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламалары бойынша білім беру кредиті қарыз алушыға әр қайсысы бір академиялық кезең (семестр немесе жыл) үшін оқудың құнынан аспайтын бөлек транштармен беріледі, білім беру кредиті қолма-қол ақшасыз тәртіппен оқу орынның есепшотына аударылады. Осы қағидалардың 11-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша білім беру кредиті қарыз алушыға ЖОО-да оқудың барлық кезеңіне беріледі.
Тармақ 13
13. Осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері кепілгердің кредитордың алдындағы кепілдікті міндеттемесінде әр қарыз алушы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 1-кестенің негізінде белгіленеді.
Тармақ 14
14. Осы Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері кепілгердің кредитордың алдындағы кепілдікті міндеттемесінде әр қарыз алушы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 2-кестенің негізінде белгіленеді. Осы кепілдік беру бағдарламасы бойынша білім беру қызметтерінің құнына анықтама-шотта (инвойста) шығын туралы мәліметтер көрсетілген жағдайда оқу орнында тұру және тамақтану, сақтандыру шығындары кіреді.
Тармақ 15
15. Осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері кепілгердің кредитордың алдындағы кепілдікті міндеттемесінде әр қарыз алушы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 3-кестенің негізінде белгіленеді.
Тармақ 16
16. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.12.2013 № 517 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 17
17. Осы Қағидалардың 11-тармағының 5) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері тұрақты шама болып табылады және білім беру кредиті сомасының 100 % (жүз пайызын) құрайды. Білім беру кредитінің мөлшері тұрақсыз шама болып табылады және қарыз алушының үлгеріміне қарай осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 5-кестенің негізінде өзгереді.
Тармақ 18
18. Осы Қағидалардың 11-тармағының 6) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері осы Қағидаларға негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 2-қосымшасына сәйкес 6-кестенің негізінде тиісті транш бойынша негізгі қарыз сомасының 100 % (жүз пайызын) құрайды.
Тармақ 19
19. Осы Қағидалардың 11-тармағының 7) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері осы Қағидаларға «Негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау» 2-қосымшаға сәйкес 7-кестенің негізінде негізгі қарыз сомасынан 100% (жүз пайызды) құрайды. Бұл бағдарлама Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде шарт жасасқан және жинақтаған сомасы оқудың ақысын толық төлеуге қажетті соманың кемінде елу пайызын құрайтын қарыз алушыларға қатысты қолданылады.
Тармақ 20
20. Осы Қағидалардың 11-тармағының 8) тармақшасында қарастырылған жағдайда кепілдік мөлшері осы Қағидаларға «Негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау» 2-қосымшаға сәйкес 8-кестенің негізінде білім беру кредитін нақты пайдалану мерзімі ішінде аударылған кредиттік желі мен сыйақының сомасынан 100% (жүз пайызды) құрайды. Жеңілдікті білім беру кредиттері Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында күндізгі оқу бөлімінде ақылы негізде оқитын және жоғары білім берудің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеріп жүрген, оның ішінде базалық медициналық білім, сондай-ақ магистратура бағдарламалары бойынша оқитын Қазақстан Республикасының азаматтарына ұсынылады.
Басқа 1. Төрт балдық жүйе бойынша цифрлік баламасына сай келетін білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі
Қаржы ұйымдары тарапынан білім алушыларға ұсынылатын білім беру кредиттері бойынша кепілдеменің мөлшерін анықтау қағидаларына 1-қосымша Төрт балдық жүйе бойынша цифрлік баламасына сай келетін білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі Әріп­тік жүйе бой­ын­ша ба­ға Бал­дар­дың цифр­лік ба­ла­ма­сы Пай­ы­здық маз­мұ­ны Әдет­те­гі жүйе бой­ын­ша ба­ға А 4,0 95-100 5 А- 3,67 90-94 В+ 3,33 85-89 4 В 3,0 80-84 B- 2,67 75-79 С+ 2,33 70-74 3 С 2,0 65-69 С- 1,67 60-64 D+ 1,33 55-59 D 1,0 50-54 F 0 0-49 2
Басқа 2. Негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау
Қаржы ұйымдары тарапынан білім алушыларға ұсынылатын білім беру кредиттері бойынша кепілдеменің мөлшерін анықтау қағидаларына 2-қосымша Негізгі қарыз сомасынан есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау 1-кесте. ЖОО-ларда және жоғары оқу орнынан кейін білім беретін ұйымдарда оқу ақысын төлеу мақсатында қаржы ұйымдары тарапынан ұсынылатын білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша: Ке­піл­де­ме пай­ыз мөл­ше­рін анық­тау па­ра­метр­ле­рі 50 % 65 % 80 % 95 % ҰБТ (қа­зақ неме­се орыс тіл­де­рі (бі­лім алу ті­лі), Қа­зақ­стан та­рихы, ма­те­ма­ти­ка және таң­дау бой­ын­ша пән) /ке­шен­ді тест нәти­же­ле­рі бой­ын­ша үл­ге­рім 50-ден 65 бал­ға дей­ін 66-тен 80 бал­ға дей­ін 81-нен 90-ға бал­ға дей­ін 90 бал­дан жо­ға­ры Ем­ти­хан сес­си­я­сы­ның нәти­же­ле­рі бой­ын­ша ағым­да­ғы үл­ге­рім (бес бал­дық жүйе) 3,5-нан 3,8 бал­ға дей­ін 3,9-ден 4,2 бал­ға дей­ін 4,3-ден 4,5 бал­ға дей­ін 4,5 бал­дан жо­ға­ры GPA 1,33-тен 1,99 дей­ін 2,00-ден 2,66 дей­ін 2,67-ден 3,66 дей­ін 3,66 бал­дан жо­ға­ры Пай­ы­здық маз­мұн­да­ғы үл­ге­рім 55-тен 64 дей­ін 65-тен 74 дей­ін 75-тен 89 дей­ін 90-нан 100 дей­ін 2-кесте. Шетелдік ЖОО-ларда және білім беру курстарында білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан ұсынылатын білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша: Ке­піл­ден­ді­ру пай­ы­зы­ның мөл­ше­рін анық­тау көр­сет­кіш­те­рі 50 % 65 % 80 % ЖОО-лар­ға оқу­ға тү­се­т­ін­дер үшін ҰБТ/КТ нәти­же­ле­рі бой­ын­ша үл­ге­рім 4-тен 4,24 дей­ін 4,25-тен 4,74 дей­ін 4,75 және жо­ға­ры GPA 2,67-тен 2,9 дей­ін 3-тен 3,33 дей­ін 3,34 және жо­ға­ры Кре­дит­тік жүйе бой­ын­ша пай­ы­здық маз­мұн­да­ғы үл­ге­рім 75-тен 84 дей­ін 85-тен 89 дей­ін 90 және жо­ға­ры Бес бал­дық жүйе бой­ын­ша үл­ге­рім 4-тен 4,24 дей­ін 4,25-тен 4,74 дей­ін 4,75 және жо­ға­ры 3-кесте. Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан ұсынылатын білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша: Ке­піл­ден­ді­ру пай­ы­зы­ның мөл­ше­рін анық­тау па­ра­метр­ле­рі 50 % 65 % 80 % 95 % 2 пән бой­ын­ша – қа­зақ неме­се орыс ті­лі және ма­ман­дық про­фи­лі бой­ын­ша қа­был­дау ем­ти­ханда­ры нәти­же­сін­де­гі үл­ге­рім (жал­пы ор­та бі­лім негі­зін­де оқу­ға тү­су­ші­лер үшін) 20-дан 25 бал­ға дей­ін 26-тен 30 бал­ға дей­ін 31-тан 35 бал­ға дей­ін 35 бал­дан жо­ға­ры бі­лім бе­ру, құқық­та­ну, эко­но­ми­ка, ме­ди­ци­на және фар­ма­цев­ти­ка ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша та­лап­кер­лер үшін 2 пән бой­ын­ша – қа­зақ неме­се орыс ті­лі және ма­ман­дық про­фи­лі бой­ын­ша қа­был­дау ем­ти­ханда­ры нәти­же­сін­де­гі үл­ге­рім (жал­пы ор­та бі­лім негі­зін­де оқу­ға тү­су­ші­лер үшін), 25-дан 30 бал­ға дей­ін 31-дан 40 бал­ға дей­ін 41-тан 45 бал­ға дей­ін 45-ен жо­ға­ры 3 пән бой­ын­ша – қа­зақ неме­се орыс ті­лі, Қа­зақ­стан та­рихы және ма­ман­дық про­фи­лі бой­ын­ша қа­был­дау ем­ти­ханда­ры нәти­же­сін­де­гі үл­ге­рім (жал­пы ор­та бі­лім негі­зін­де оқу­ға тү­су­ші­лер) 30-дан 40 бал­ға дей­ін 41-тан 50 бал­ға дей­ін 51-ден 60 бал­ға дей­ін 60-тан жо­ға­ры бі­лім бе­ру, құқық­та­ну, эко­но­ми­ка, ме­ди­ци­на және фар­ма­цев­ти­ка ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша та­лап­кер­лер үшін 3 пән бой­ын­ша – қа­зақ неме­се орыс ті­лі, Қа­зақ­стан та­рихы және ма­ман­дық про­фи­лі бой­ын­ша қа­был­дау ем­ти­ханда­ры нәти­же­сін­де үл­ге­рім (жал­пы ор­та бі­лім негі­зін­де оқу­ға тү­су­ші­лер), 35-тен 45 бал­ға дей­ін 46-тен 55 бал­ға дей­ін 56-тен 65 бал­ға дей­ін 65-тан жо­ға­ры ҰБТ/КТ нәти­же­ле­рі бой­ын­ша үл­ге­рім 30-дан 45 дей­ін 46-тен 55 дей­ін 56-тен 65 дей­ін 65 бал­дан жо­ға­ры Ем­ти­хан сес­си­я­сы бой­ын­ша ағым­да­ғы үл­ге­рім (бес бал­дық жүйе) 3,5-тен 3,8 дей­ін 3,9-ден 4,2 дей­ін 4,3-ден 4,5 дей­ін 4,5 бал­дан жо­ға­ры GPA 1,33-тен 1,99 дей­ін 2,00-ден 2,66 дей­ін 2,67-ден 3,66 дей­ін 3,66 бал­дан жо­ға­ры Кре­дит­тік жүй­е­ге сәй­кес пай­ы­здық маз­мұн­да­ғы ем­ти­хан сес­си­я­сы­ның нәти­же­ле­рі бой­ын­ша үл­ге­рім 55-тен 64 дей­ін 65-тен 74 дей­ін 75-тен 89 дей­ін 90-нан 100 дей­ін 4-кесте. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.12.2013 № 517 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 5-кесте. Қазақстан Республикасының ЖОО-ларында білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан 100 % кепілдемемен үлгерімі жоғары студенттерге берілетін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша: Ке­піл­дік пай­ы­зы­ның мөл­ше­рі 100 % Үл­ге­рім­ге бай­ла­ны­сты кре­дит со­ма­сы­ның мөл­ше­рі 70 % 85 % 100 % ЖОО-лар­ға та­лап­кер­лер үшін ҰБТ (қа­зақ ті­лі неме­се орыс ті­лі (бі­лім ал­ған тіл), Қа­зақ­стан та­рихы, ма­те­ма­ти­ка және таң­дау бой­ын­ша пән)/ке­шен­ді тест нәти­же­ле­рі бой­ын­ша үл­ге­рім 70-тен 79 дей­ін 80-нен 89 дей­ін 90 және жо­ға­ры GPA 2,00-ден 2,66 дей­ін 2,67-ден 3,33 дей­ін 3,34 және жо­ға­ры кре­дит­тік жүйе бой­ын­ша ЖОО-лар­да бі­лім алушы­лар­дың пай­ы­здық маз­мұн­да­ғы үл­ге­рі­мі 65-тен 79 дей­ін 80-нен 89 дей­ін 90 және жо­ға­ры ЖОО-лар­да бі­лім алушы­лар­дың бес бал­дық жүйе бой­ын­ша үл­ге­рі­мі 3,75-тен 4,24 дей­ін 4,25-тен 4,74 дей­ін 4,75 және жо­ға­ры 6-кесте. Қазақстан Республикасының ЖОО-ларында білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан ЖОО-ның қатысуымен 100 % кепілдемемен үлгерімі жоғары студенттерге берілетін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша: Ке­піл­ден­ді­ру пай­ы­зы­ның мөл­ше­рін анық­тау па­ра­мен­тр­ле­рі 100% 100% 80 % 20 % ЖОО ке­піл­де­ме­сі 95 % 5 % ЖОО ке­піл­де­ме­сі ҰБТ (қа­зақ неме­се орыс ті­лі (бі­лім алу ті­лі), Қа­зақ­стан та­рихы, ма­те­ма­ти­ка және таң­дау бой­ын­ша пән/ке­шен­ді тест бой­ын­ша үл­ге­рім 80-нен 90 бал­ға дей­ін 90 бал­дан жо­ға­ры Ем­ти­хан сес­си­я­сы­ның нәти­же­ле­рі бой­ын­ша ағым­да­ғы үл­ге­рім (бес бал­дық жүйе) 4,2-ден 4,5 бал­ға дей­ін 4,5 бал­дан жо­ға­ры GPA 2,67-ден 3,66 дей­ін 3,66 бал­дан жо­ға­ры Пай­ы­здық маз­мұн­да­ғы үл­ге­рім 75-тен 89 дей­ін 90-нан 100 дей­ін 7-кесте. Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі (магистратура) білім беру ұйымдарында білім беру қызметтерінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде берілетін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша: Ке­піл­ден­ді­ру пай­ы­зы­ның мөл­ше­рін анық­тау па­ра­метр­ле­рі 100% тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на тү­се­т­ін­дер үшін ҰБТ (қа­зақ неме­се орыс ті­лі (бі­лім алу ті­лі), Қа­зақ­стан та­рихы, ма­те­ма­ти­ка және таң­дау бой­ын­ша пән) /КТ қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша үл­ге­рім 30 бал­дан кем емес 2 пән – қа­зақ неме­се орыс ті­лі және ма­ман­дық про­фи­лі бой­ын­ша қа­был­дау ем­ти­ханда­ры­ның қо­ры­тын­ды­ла­ры­на сәй­кес үл­ге­рім (негіз­гі ор­та бі­лім негі­зін­де оқу­ға тү­су­ші­лер үшін) 20 бал­дан кем емес бі­лім бе­ру, құқық­та­ну, эко­но­ми­ка, ме­ди­ци­на және фар­ма­цев­ти­ка ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша тү­су­ші­лер үшін 2 пән – қа­зақ неме­се орыс ті­лі және ма­ман­дық про­фи­лі бой­ын­ша қа­был­дау ем­ти­ханда­ры­ның қо­ры­тын­ды­ла­ры­на сәй­кес үл­ге­рім (жал­пы ор­та бі­лім негі­зін­де оқу­ға тү­су­ші­лер үшін), 25 бал­дан кем емес 3 пән – қа­зақ неме­се орыс ті­лі, Қа­зақ­стан та­рихы және ма­ман­дық про­фи­лі бой­ын­ша қа­был­дау ем­ти­ханда­ры­ның қо­ры­тын­ды­ла­ры­на сәй­кес үл­ге­рім (жал­пы ор­та бі­лім негі­зін­де оқу­ға тү­су­ші­лер үшін) 30 бал­дан кем емес бі­лім бе­ру, құқық­та­ну, эко­но­ми­ка, ме­ди­ци­на және фар­ма­цев­ти­ка ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша та­лап­кер­лер үшін 3 пән – қа­зақ неме­се орыс ті­лі, Қа­зақ­стан та­рихы және ма­ман­дық про­фи­лі бой­ын­ша қа­был­дау ем­ти­ханда­ры­ның қо­ры­тын­ды­ла­ры­на сәй­кес үл­ге­рім (жал­пы ор­та бі­лім негі­зін­де оқу­ға тү­су­ші­лер үшін) 35 бал­дан кем емес жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу орын­нан кей­ін­гі (ма­ги­стра­ту­ра) бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на тү­су­ші­лер үшін ҰБТ (қа­зақ неме­се орыс ті­лі (бі­лім алу ті­лі), Қа­зақ­стан та­рихы, ма­те­ма­ти­ка және таң­дау бой­ын­ша пән) /КТ қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша үл­ге­рім 50 бал­дан кем емес Қа­был­дау ем­ти­ханда­ры­ның қо­ры­тындысы бой­ын­ша үл­ге­рім 50 бал­дан кем емес Ағым­да­ғы үл­ге­рім Ем­ти­хан сес­си­я­сы (бес бал­дық жүйе) 3,5 бал­дан кем емес GPA қо­ры­тындысы бой­ын­ша 1,33 бал­дан кем емес пай­ы­здық маз­мұн­да 55 бал­дан кем емес 8-кесте. Жеңілдікті шарттарда көп балалы, толық емес және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған, мүгедек не ата-анасы мүгедек болып табылатын немесе зейнеткерлік жасқа жеткен студенттер мен магистранттарға Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асыратын ЖОО-ларда білім беру қызметінің ақысын төлеу үшін қаржы ұйымдары тарапынан берілетін білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы бойынша: Ке­піл­ден­ді­ру пай­ы­зы­ның мөл­ше­рін анық­тау па­ра­метр­ле­рі 100% ҰБТ (қа­зақ неме­се орыс ті­лі (бі­лім алу ті­лі), Қа­зақ­стан та­рихы, ма­те­ма­ти­ка және таң­дау бой­ын­ша пән) /КТ қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша үл­ге­рім 65 бал­дан кем емес Ем­ти­хан сес­си­я­сы­ның қо­ры­тындысы бой­ын­ша ағым­да­ғы үл­ге­рім (бес бал­дық жүйе) Бар­лық оқу ке­зе­ңі үшін «жақ­сы» «өте жақ­сы» ба­ға­ла­ры­на сәй­кес ба­ла­ма ба­ға­лар GPA Пай­ы­здық маз­мұн­да­ғы үл­ге­рім