Об утверждении Правил внесения представлений органами национальной безопасности Республики Казахстан об устранении причин и условий, способствующих реализации угроз безопасности Республики Казахстан, совершению уголовных правонарушений, расследование которых отнесено законодательством Республики Казахстан к ведению органов национальной безопасности Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпап ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 5. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидалары
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті Тө­ра­ға­сы­ның 2013 жы­л­ғы 11 сәу­ір­де­гі № 175 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік іс-қимыл үдерісінде "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын ескере отырып, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайлар анықталған кезде, ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік органдарға, әскери құралымдарға, бөлімдер мен ұйымдарға орындалуы міндетті Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды осы Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша енгізеді.
Тармақ 3
3. Ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік іс-қимыл үдерісінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының тексеруіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталғанда, ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік органдарға, әскери құралымдарға, бөлімдер мен ұйымдарға орындалуы міндетті Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының тексеруіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды осы Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша енгізеді.
Тармақ 4
4. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде қылмыстық құқық бұзушылықтарды және басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайлар анықталған кезде ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізеді.
Тармақ 5
5. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар анықталған кезде ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен ұсыныс енгізеді.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар екі данада жасалады. Ұсыныстың бір данасы ресми бланкте жолданатын жерге (мемлекеттік органға, әскери құралымға, бөлімге және ұйымға) қол қойылып беріледі немесе поштамен жіберіледі, ал екіншісі ұсынысты берген Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органында қалады.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының немесе оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомстволары директорларының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары бастықтарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау органдарының оқшауланған құрылымдық бөлімшелер бастықтарының қолымен жіберіледі.
Тармақ 8
8. Ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстардың есебін жүргізеді.
Тармақ 9
9. Ұсынысты алған мемлекеттік органдар, әскери құралымдар, бөлімдер мен ұйымдар оларды орындау бойынша қабылданған шаралар туралы ұсыныста нақты көрсетілген мерзімде ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар етеді.
Басқа 1
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу Қағидаларына 1-қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ___________________________________________________________ ұсынысты енгізетін ұлттық қауіпсіздік органының атауы мен мекенжайы _______________________________________________________басшысы заңды тұлғаның атауы ______________________________________________________ заңды тұлға басшысының тегі және аты-жөні ___________________________________________________________________________ заңды тұлғаның мекенжайы, байланыс телефоны Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс 20__жылғы «___» __________ №_____ ___________қала ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайлардың анықталғанына себеп болған іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы АНЫҚТАЛДЫ: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 6-бабында қарастырылған Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын нақты себептер мен жағдайлардың толық баяндалуы Баяндалғанның негізінде, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 13-бабына сәйкес ТАЛАП ЕТЕМІН: 1._____________________________________________________________; 2. __________________________________________________, тағы басқа себептер мен жағдайларды жою туралы нақты іс-шаралар, орындалу мерзімдері Осы ұсынысқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады. Осы ұсынысты орындау туралы жазбаша түрде және жоғарыда көрсетілген мерзімдерде хабарлауыңызды сұраймыз. Осы ұсынысты орындамау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 462-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады. _______________________ ________ _________________ ұлттық қауіпсіздік органының қолы тегі және аты-жөні лауазымды тұлғасы, атағы Берді: Алды: 20__жыл «__»___________/____________ ___________/_____________ беру күні лауазымы, атағы қолы тегі, аты-жөні ___________________________ _______________________ тегі және қолы алу күні мен уақыты М. о.
Басқа 2
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидаларына 2-қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті _______________________________________________________________ ұсынысты енгізетін ұлттық қауіпсіздік органының атауы мен мекенжайы ___________________________________________________________басшысы заңды тұлғаның атауы ____________________________________________________________________ заңды тұлға басшысының тегі және аты-жөні ____________________________________________________________________ заңды тұлғаның мекенжайы, байланыс телефоны Тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының жүргізуіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды немесе басқа заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс 20__жылғы «__»_________ №_____ ________қала ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың анықталғанына себеп болған іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы АНЫҚТАЛДЫ: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының жүргізуіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін мән-жайлардың толық сипаттамасы Баяндалғанның негізінде, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 13-бабына сәйкес ТАЛАП ЕТЕМІН: 1.___________________________________________________________; 2.___________________________________________________, тағы басқа себептер мен жағдайларды жою туралы нақты іс-шаралар, орындалу мерзімдері Осы ұсынысқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады. Осы ұсынысты орындау туралы жазбаша түрде және жоғарыда көрсетілген мерзімдерде хабарлауыңызды сұраймыз. Осы ұсынысты орындамау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 462-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады. _____________________ _________ ________________ ұлттық қауіпсіздік органының қолы тегі және аты-жөні лауазымды тұлғасы, атағы Берді: Алды: 20__жыл «__»___________/____________ ___________/_____________ беру күні лауазымы, атағы қолы тегі, аты-жөні ___________________________ _______________________ тегі және қолы алу күні мен уақыты М. о.