О создании некоммерческого акционерного общества "Государственный театр оперы и балета "Астана Опера" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – қоғам) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi ретінде опера және балет өнері мен концерттік орындаушылық саласындағы мемлекеттің мәдениет саясатын практикалық іске асыруға бағытталған сахналық, ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу болып айқындалсын.
Тармақ 3
3. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының балансындағы республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес құрамда қоғам жанындағы қамқоршылық кеңес (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) құрылсын.
Тармақ 5
5. Қоса берiлiп отырған Қамқоршылық кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетімен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) қоғам жарғысының бекітілуін;
Тармақша 2
2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 3
3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне берілуін;
Тармақша 4
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар бекiтiлсiн.
Тармақ 8
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 1. «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілетін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының балансындағы республикалық мүліктің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 22 мамырдағы № 512 қаулысына 1-қосымша «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілетін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының балансындағы республикалық мүліктің тізбесі Р/с № Ата­уы Өл­шем бір­лі­гі Са­ны Ба­лан­стың ұста­у­шы­сы 1 2 3 4 5 М.Тө­ле­ба­ев­тың «Бір­жан Са­ра» опе­ра­сы­ның жұм­сақ және қат­ты де­ко­ра­ци­я­ла­ры 1. Ку­ли­са­лар, кө­ле­мі 3*13 м да­на 8 «Күл­әш Бай­сей­і­то­ва атын­да­ғы Ұлт­тық опе­ра және ба­лет те­ат­ры» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­пор­ны 2. Па­ду­га­лар, кө­ле­мі 24*4,5 м да­на 4 3. «Құз­дар» ку­ли­са­ла­ры, кө­ле­мі 13*3,5 м да­на 6 4. «Ұлт­тық ою­мен өр­нек­тел­ген «Ки­із үй» арт­қы пер­де, кө­ле­мі 24*13 да­на 1 5. «Ұлт­тық» негіз­гі арт­қы пер­де, кө­ле­мі 21*12 м да­на 1 6. «Күн­нің ба­туы (ки­із үй)» арт­қы пер­де, кө­ле­мі 24*13 м да­на 1 7. «Ки­із үй» тор­дан жа­сал­ған арт­қы пер­де, кө­ле­мі 24*13 м да­на 1 8. «Бу­ра­бай кө­лі» арт­қы пер­де, кө­ле­мі 24*13 м да­на 1 9. «Бу­ра­бай» тор­дан жа­сал­ған қиық арт­қы пер­де (жа­сыл же­лек), кө­ле­мі 24*13 м да­на 1 10. Тор­дан жа­сал­ған (жа­сыл же­лек) ар­ка­лар, кө­ле­мі 12*13 м да­на 6 11. Тіл тә­р­із­ді әше­кей­лер, кө­ле­мі 8,7*8,5 м да­на 2 12. «Құз» арт­қы қиық де­ко­ра­ция, кө­ле­мі 24*13 м да­на 1 13. «Аға­штар және құз­дар» қиық арт­қы пер­де, кө­ле­мі 24*13 м да­на 1 14. Тө­се­ніш, кө­ле­мі 24*24 м да­на 1 15. Ар­ба­да­ғы үй, кө­ле­мі 10*7*3 м да­на 1 16. Бас­пал­да­ғы бар алаң, кө­ле­мі 7,35*4,2*6,0 м да­на 1 17. Са­ты­сы бар алаң, кө­ле­мі 3,75*0,75*0,6 м да­на 1 18. Қақ­па­сы бар ду­ал, кө­ле­мі 4,75*3,75 м да­на 2 19. Ки­із үйі бар ста­нок, кө­ле­мі 5,3 6,75*1,5 м, ста­нок, кө­ле­мі 9*4*0,8 м да­на 1 20. Ар­ба­да­ғы ки­із үй, кө­ле­мі 7*5,8*1,5 да­на 1 21. Ар­ба­да­ғы ки­із үй мен ста­нок, кө­ле­мі 11*4,0*1,2, ки­із үй 5,3*4,4*1,7 м да­на 1 22. Ар­ба­да­ғы сәкі, кө­ле­мі 7*2,5*3,5 да­на 1 23. Ар­ба­да­ғы ағаш, кө­ле­мі 7*6,5*2,5 да­на 1 24. Аға­штың бұ­тақ­та­ры, кө­ле­мі 6*4,5*10,6 да­на 2 25. «Сар­қы­ра­ма», кө­ле­мі 3,5*4,4*2,1 да­на 1 26. Ар­ба­да­ғы пер­де, кө­ле­мі 3,3*4 м да­на 2 27. Ар­ба­да­ғы үл­кен ки­із үй­дің есі­гі, кө­ле­мі 4,25*2,0*1,3 м да­на 1 28. Ар­ба­да­ғы құз, кө­ле­мі 7*2,3*4 м да­на 1 29. Ар­ба­да­ғы құз, кө­ле­мі 8,0-5,1*0,6 да­на 1 30. Ар­қан­да­ғы құз, кө­ле­мі 8*7*0,5 м да­на 1 31. Жиыл­ма­лы бас­қыш, кө­ле­мі 4*0,8 м да­на 1 32. Сол жақ­та­ғы ар­ба­да ор­на­лас­қан бас­пал­дақ­ты құз, кө­ле­мі 7,5*5*2,4 м да­на 1 33. Ар­ба, кө­ле­мі 3*1,2*1,1 м да­на 1 34. Ал­қа, кө­ле­мі 2*1,6 м да­на 2 35. Алау, кө­ле­мі 0,7*0,6*0,25 м да­на 1 П.И. Чай­ков­ский­дің Ақ­қу кө­лі опе­ра­сы­ның жұм­сақ де­ко­ра­ци­я­ла­ры 36. «Та­уда­ғы са­рай» арт­қы пер­де, кө­ле­мі 24*13 да­на 1 «Күл­әш Бай­сей­і­то­ва атын­да­ғы Ұлт­тық опе­ра және ба­лет те­ат­ры» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­пор­ны 37. «Аға­штар» тор­дан жа­сал­ған қиық арт­қы пер­де, кө­ле­мі 24*13 да­на 1 38. «Ор­ман аға­шта­ры» ку­ли­са­лар ар­ка­ла­ры, кө­ле­мі 12*13 м да­на 1 39. «Ор­ман аға­шта­ры» ку­ли­са­лар ар­ка­ла­ры, кө­ле­мі 12*13 м да­на 1 40. «Ор­ман аға­шта­ры» ку­ли­са­лар ар­ка­ла­ры, кө­ле­мі 12*13 м да­на 1 41. «Ор­ман аға­шта­ры» ку­ли­са­лар ар­ка­ла­ры, кө­ле­мі 12*13 м да­на 1 42. «Ор­ман аға­шта­ры» ку­ли­са­лар ар­ка­ла­ры, кө­ле­мі 12*13 м да­на 1 43. «Ор­ман аға­шта­ры» ку­ли­са­лар ар­ка­ла­ры, кө­ле­мі 12*13 м да­на 1 44. «Ор­ман аға­шта­ры» ку­ли­са­лар ар­ка­ла­ры, кө­ле­мі 12*13 м да­на 1 45. «Ор­ман аға­шта­ры» ку­ли­са­лар ар­ка­ла­ры, кө­ле­мі 12*13 м да­на 1 46. «Би за­лы» па­ду­га­ла­ры, кө­ле­мі 24*4 м да­на 1 47. «Би за­лы» па­ду­га­ла­ры, кө­ле­мі 24*4 м да­на 1 48. «Би за­лы» па­ду­га­ла­ры, кө­ле­мі 24*4 м да­на 1 49. «Би за­лы» па­ду­га­ла­ры, кө­ле­мі 24*4 м да­на 1 50. «Би за­лы» ку­ли­са­ла­ры, кө­ле­мі 3*13 м да­на 1 51. «Би за­лы» ку­ли­са­ла­ры, кө­ле­мі 3*13 м да­на 1 52. «Би за­лы» ку­ли­са­ла­ры, кө­ле­мі 3*13 м да­на 1 53. «Би за­лы» ку­ли­са­ла­ры, кө­ле­мі 3*13 м да­на 1 54. «Би за­лы» ку­ли­са­ла­ры, кө­ле­мі 3*13 м да­на 1 55. «Би за­лы» ку­ли­са­ла­ры, кө­ле­мі 3*13 м да­на 1 56. «Би за­лы» ку­ли­са­ла­ры, кө­ле­мі 3*13 м да­на 1 57. «Би за­лы» арт­қы де­ко­ра­ци­я­сы, кө­ле­мі 24*13 м да­на 1 58. «Көл» арт­қы пер­де, кө­ле­мі 24*13 м да­на 1 59. «Жа­ға­лау» тор се­кіл­ді арт­қы қиық де­ко­ра­ция, кө­ле­мі 24*13 м да­на 1 60. «Ор­ман көл» ку­ли­са­лар ар­ка­ла­ры, кө­ле­мі 12*13 м да­на 1 61. «Ор­ман көл» ку­ли­са­лар ар­ка­ла­ры, кө­ле­мі 12*13 м да­на 1 62. «Ор­ман көл» ку­ли­са­лар ар­ка­ла­ры, кө­ле­мі 12*13 м да­на 1 63. «Ор­ман көл» ку­ли­са­лар ар­ка­ла­ры, кө­ле­мі 12*13 м да­на 1 64. «Ор­ман көл» ку­ли­са­лар ар­ка­ла­ры, кө­ле­мі 12*13 м да­на 1 65. «Ор­ман көл» ку­ли­са­лар ар­ка­ла­ры, кө­ле­мі 12*13 м да­на 1 66. «Ор­ман көл» ку­ли­са­лар ар­ка­ла­ры, кө­ле­мі 12*13 м да­на 1 67. «Ор­ман көл» ку­ли­са­лар ар­ка­ла­ры, кө­ле­мі 12*13 м да­на 1 68. «Би за­лы» ку­ли­са­ла­ры, кө­ле­мі 3*13 м да­на 1 69. Тақ, кө­ле­мі 2,3*0,65*45 м да­на 2 70. Сәкі, кө­ле­мі 1,5*0,45*0,5 м да­на 4 71. Ас­па­лы шам, кө­ле­мі 2,65*1,5 м да­на 2 72. Шан­дал да­на 4 Б.Эйф­ман­ның Ро­ден ба­ле­ті­нің де­ко­ра­ци­я­сы­на ар­нал­ған жа­рық электр тех­ни­ка­лық бұй­ым­да­ры 73. Жа­рық пунк­тир­лік сүй­е­ні­ші бар бас­пал­дақ жиын­тық 1 «Күл­әш Бай­сей­і­то­ва атын­да­ғы Ұлт­тық опе­ра және ба­лет те­ат­ры» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­пор­ны 74. Бас­пал­дақ - ак­тер­лер­ге жа­ры­ғы бар бас­пал­дақ жиын­тық 1 75. Бас­пал­дақ то­рын­да­ғы ак­тер­лер үшін тік жа­рық жиын­тық 1 76. Бас­пал­дақ то­рын­да­ғы ак­тер­лер үшін көл­де­нең жа­рық жиын­тық 1 77. Кө­те­рі­ліп тү­се­тін «қа­быр­ға­лар» - бас­пал­дақ­та­ғы тік жа­рық жиын­тық 1 78. Кө­те­рі­ліп тү­се­тін «қа­быр­ға­лар» - те­ре­зе­нің ав­то­но­ми­я­лық жа­ры­ғы жиын­тық 1 79. Шам­дар­дың сырт­қы су­ре­ті бар кө­мес­кі жа­рық жиын­тық 1 80. Шам­шы­рақ – пла­фон­дар жа­ры­ғы жиын­тық 1 81. Ри­рпро­ек­ци­я­лық экран (жұм­сақ де­ко­ра­ци­я­лар) да­на 1 82. Тор­лы пер­де (жұм­сақ де­ко­ра­ци­я­лар) да­на 1 83. Су­рет жа­быст­ы­ры­л­ған тор­лы пер­де (жұм­сақ де­ко­ра­ци­я­лар) да­на 1 84. Сол жақ ар­ба­ның бас­пал­да­ғы (қат­ты де­ко­ра­ци­я­лар) да­на 1 85. Оң жақ ар­ба­ның бас­пал­да­ғы (қат­ты де­ко­ра­ци­я­лар) да­на 1 86. Сол жақ­та­ғы ас­па­лы ду­ал (қат­ты де­ко­ра­ци­я­лар) да­на 1 87. Оң жақ­та­ғы ас­па­лы ду­ал (қат­ты де­ко­ра­ци­я­лар) да­на 1 88. 24 м Gerrierts ду­ал­дың қоз­ға­луы­на ар­нал­ған жол (пәу­ес­ке жиын­тығы және қол­мен бас­қа­ра­тын құ­ры­л­ғы­сы бар) да­на 2 89. Қал­па­ғы бар сән­дік тра­вер­са, сол жақ да­на 1 90. Қал­па­ғы бар сән­дік тра­вер­са, оң жақ да­на 1
Басқа 2. «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы қамқоршылық кеңестің құрамы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 512 қаулысына 2-қосымша «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы қамқоршылық кеңестің құрамы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Астана қаласы әкімінің орынбасары «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директоры (келісу бойынша) Аблазимов Бахаридин Нугманович - «ҚазАзот» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісу бойынша) Баталов Райымбек Әнуарұлы - «Атамекен» Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы (келісу бойынша) Жақыпов Нұрлан Қаршығаұлы - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша) Ибрагимов Шухрат Алиджанұлы - ERG S.a.r.l. директорлар кеңесінің төрағасы (келісу бойынша) Хойтинк Сегер - Agip Karachaganak B.V. төрағасы және басқарушы директоры (келісу бойынша) ____________________________
Басқа 2. «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 512 қаулысына бекітілген «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы қамқоршылық кеңес (бұдан әрі – кеңес) консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңес шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.
Тарау 2. 2-тарау. Кеңестің міндеттері мен функциялары
2-тарау. Кеңестің міндеттері мен функциялары
Тармақ 4
4. «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – театр) қалыптасуына және дамуына қолдау көрсету кеңестің міндеті болып табылады.
Тармақ 5
5. Кеңестің функциялары:
Тармақша 1
1) жарғылық мақсаттарды іске асыру үшін бюджеттен тыс қаржы көздерін тарту;
Тармақша 2
2) театрға шығармашылық жоспарларын іске асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) кәсіби шеберлікті жетілдіруге және әртістік мектепті қалыптастыруға жағдай жасау;
Тармақша 4
4) халықаралық жобаларды ұйымдастыруға және іске асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) театрдың шығармашыл қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету;
Тармақша 6
6) басқару, қаржы және шаруашылық қызмет жүйелерін жетілдіруге жәрдемдесу мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Тарау 3. 3-тарау. Кеңестің құқықтары
3-тарау. Кеңестің құқықтары
Тармақ 6
6. Кеңес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) театр қызметі мәселелерін талқылауға мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының өкілдерін тартуға;
Тармақша 2
2) Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңес мүшелерін, театр басшылығын отырыстарда тыңдауға;
Тармақша 3
3) Кеңес театрдың дамуына бағыттаған бюджеттен тыс қаражаттың пайдаланылуы және кеңес шешімдерінің орындалуы туралы театр басшылығынан есеп сұратуға;
Тармақша 4
4) Кеңеске жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 4. 4-тарау. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
4-тарау. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Кеңес отырысында ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен сайланған (қайта сайланған) кеңес төрағасы оның жетекшісі болып табылады.
Тармақ 8
8. Кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын кеңес шешімі бойынша кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Төраға кеңес атынан әрекет етеді және осы Ережеге сәйкес оның қызметін қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Кеңестің хатшысы театр жұмыскерлері қатарынан тағайындалады және кеңес мүшесі болып табылмайды. Кеңестің хатшысы кеңес отырысына дайындықты, оның өткізілуін, материалдары мен хаттамаларын ресімдеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Кеңестің төрағасы:
Тармақша 1
1) Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Кеңес отырыстарының өткізілу орны мен уақытын белгілейді;
Тармақша 3
3) Кеңес отырыстарында төрағалық етеді;
Тармақша 4
4) Кеңес мүшелерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді.
Тармақ 12
12. Кеңес мүшелері:
Тармақша 1
1) Кеңестің жұмыс жоспары, оның отырыстарының күн тәртібі және мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 2
2) Кеңес отырыстарының материалдары мен оның шешімі жобаларын дайындауға қатысуға;
Тармақша 3
3) Кеңес отырысында қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға құқылы.
Тармақ 13
13. Кеңес отырыстары кеңес төрағасы белгілейтін мерзімдерде қажетіне қарай жылына екі реттен сиретпей өткізіледі және хаттамамен рәсімделеді. Кеңестің барлық мүшелері кеңес отырысының өткізілетін орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабардар болса және мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, кеңес отырыстары заңды деп есептеледі. Кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін өзге лауазымды тұлғаларға беруіне жол берілмейді.
Тармақ 14
14. Кеңес шешімдері кеңес отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен немесе кеңес мүшелеріне сауалнама жүргізу арқылы қабылданады. Кеңестің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде даусын табыстау құқығынсыз бір дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның даусы шешуші болып табылады.
Тармақ 15
15. Кеңестің шешімі отырысқа қатысып отырған кеңестің барлық мүшелері қол қоюға тиіс хаттамамен ресімделеді. ___________________
Басқа 52. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 512 қаулысына бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар
Тармақ 1
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: «Астана қаласы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 21-158-жолмен толықтырылсын: «21-158. «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».
Тармақ 2
2. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетіне» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-33-1-жолмен толықтырылсын: «222-33-1 «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.