О персональных данных и их защите Қолданыста Заң ·№ 94-V ·21.05.2013
02.03.2026 редакциясы
Қолданыста · 02.03.2026 редакциясы

10-бап. Дербес деректерге қол жеткізу

О персональных данных и их защите · № 94-V

1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, дербес деректерге қол жеткізу субъектінің немесе оның заңды өкілінің меншік иесіне және (немесе) операторға оларды жинауға, өңдеуге берген келісімінің шарттарымен айқындалады. Егер меншік иесі және (немесе) оператор және (немесе) үшінші тұлға осы Заңның талаптарын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді өзіне алудан бас тартса немесе оларды қамтамасыз ете алмаса, дербес деректерге қол жеткізуге тыйым салынуға тиіс.
2. Субъектінің немесе оның заңды өкілінің өз дербес деректеріне қол жеткізуге қатысты өтініш жасауы (сұрау салуы) меншік иесіне және (немесе) операторға жазбаша немесе электрондық құжат нысанында не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қорғау іс-әрекеттерінің элементін қолдану арқылы өзге де тәсілмен беріледі.
3. Меншік иесінің және (немесе) оператордың және (немесе) үшінші тұлғаның арасындағы дербес деректерге қол жеткізуге қатысты қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
4. Үшінші тұлғалар мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерді субъектінің мемлекеттік сервис арқылы расталған келісімі болған жағдайда «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы ала алады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-72730/st-10/