Қолданыста
·
02.03.2026 редакциясы
16-бап. Дербес деректерді трансшекаралық беру
О персональных данных и их защите · № 94-V
1. Дербес деректерді трансшекаралық беру – дербес деректерді шет мемлекеттердің аумағына беру.
2. Осы Заңға сәйкес дербес деректерді шет мемлекеттердің аумағына трансшекаралық беру осы мемлекеттер дербес деректерді қорғауды қамтамасыз еткен жағдайда ғана жүзеге асырылады.
3. Дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз етпейтін шет мемлекеттердің аумағына дербес деректерді трансшекаралық беру мынадай:
1) өзінің дербес деректерін трансшекаралық беруге субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі болған;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген;
3) егер бұл конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында қажет болса, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген;
4) егер субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алу мүмкін болмаса, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаған жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Дербес деректерді шет мемлекеттердің аумағына трансшекаралық беруге Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.
5. Абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты трансшекаралық беру ерекшеліктері «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-72730/st-16/