О персональных данных и их защите Қолданыста Заң ·№ 94-V ·21.05.2013
02.03.2026 редакциясы
Қолданыста · 02.03.2026 редакциясы

19-1-бап. Дербес деректерді автоматтандырылған өңдеуге қойылатын талаптар

О персональных данных и их защите · № 94-V

1. Субъектінің келісімі алынған жағдайды қоспағанда немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, салдарынан субъектіде құқықтар, заңды мүдделер туындайтын, өзгеретін немесе тоқтатылатын дербес деректерді автоматтандырылған өңдеуге тыйым салынады.
2. Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға субъектіге өзінің дербес деректерін автоматтандырылған өңдеудің тәртібін және ықтимал салдарларды түсіндіруге, өзінің дербес деректерін автоматтандырылған өңдеуге қарсылық білдіру мүмкіндігін беруге, сондай-ақ субъектінің өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауы тәртібін түсіндіруге міндетті.
3. Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға осы баптың 2-тармағында көрсетілген қарсылықты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарауға және субъектіні осындай қарсылықты қарау нәтижелері туралы хабардар етуге міндетті. Субъект меншік иелерінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-72730/st-19-1/