Қолданыста
·
02.03.2026 редакциясы
3-бап. Осы Заңның қолданылуы
О персональных данных и их защите · № 94-V
1. Осы Заңмен дербес деректердi жинауға, өңдеуге және қорғауға байланысты қатынастар реттеледi.
2. Дербес деректердi жинау, өңдеу және қорғау ерекшелiктері өзге де заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен реттелуі мүмкін.
3. Осы Заңның күші:
1) егер бұл ретте басқа да жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары және Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылмаса, субъектілердің тек қана жеке және отбасылық мұқтаж үшін дербес деректерді жинауы, өңдеуі және қорғауы;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасына сәйкес жеке тұлғаның жеке өмірі, жеке басының және отбасылық құпиясы туралы мәліметтерді қамтитын архивтік құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды қалыптастыру, сақтау және пайдалану;
3) "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатқызылған дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектерде барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі, сондай-ақ қорғалатын тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыру барысында дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау кезiнде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-72730/st-3/