Об установлении водоохранных зон и полос рек Жем, Сагиз, Уил в пределах Атырауской области Күшін жойған
Басқа 0
Атырау облысы шегінде Жем, Сағыз, Ойыл өзендерінің су қорғау аймақтары мен
белдеулерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 7,39,125,126 – баптарына, 116-бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27- бабына және «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы №19-1/446 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11838 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидасына сәйкес, жерүсті суларының ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау, оларды санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау мақсатында Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Жем өзенінің, салаларымен және тармақтарымен Жылыой ауданы аумағында ұзындығы - 405 шақырым, Ойыл өзенінің тармақтарымен Қызылқоға ауданы шегінде - 749 шақырым, Сағыз өзенінің салаларымен және жобалау аумағы шегінде – 582 шақырым ұзындықта, Жылыой ауданы аумағында Қамыскөл көлдер жүйесінің ауданы 3,34 шаршы шақырым шамасында су қорғау аймақтары, белдеулері және олардың шаруашылық пайдалану режимі "Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының бұйрықтарымен бекітілген "Жем, Сағыз, Ойыл өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу жобасы" мен "Жем, Сағыз, Ойыл өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу жобасына толықтыру мен түзету" жобалық құжаттамалары негізінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Жылыой және Қызылқоға аудандары әкімдері:
Тармақша 1
1) Жем, Ойыл және Сағыз өзендері мен Қамыскөл көлдер жүйесінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын өзгертуді жүзеге асырсын, оларды су қоры жерлеріне ауыстыру жөніндегі жер-есепке алу құжаттамасына өзгерістер енгізсін, аталған жұмыстардың жүргізілуін үнемі бақылауды қамтамасыз етсін және су қорғау аймақтары мен белдеулерінде су қорғау белгілерін орнату бойынша шараларды қабылдасын;
Тармақша 2
2) су қорғау аймақтары мен белдеулері шектеріндегі аумақтарды құрылыс және басқа да арнайы мұқтаждар үшін бөлу мен пайдалануды осы қаулының 1 және 2-қосымшаларымен белгіленген талаптарға сәйкес жүргізсін.
Тармақ 3
3. Ведомстволық тиістілігі мен меншік нысанына қарамастан, су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде орналасқан жер учаскелерін пайдаланып отырған кәсіпорындардың, ұйымдардың, басқа да шаруашылық субъектілерінің басшыларына оларды тиісті санитарлық жағдайда ұстауды және шаруашылық пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ. И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Атырау облысы бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ө. Зинуллин
2013 жылғы 22 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Қуанов
2013 жылғы 22 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау
комитетінің Атырау облысы бойынша экология
департаменті" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е. Қуанов
2013 жылғы 23 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
министрлігінің Жер ресурстарын басқару
комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық жер
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ғ. Сүлейменов
2013 жылғы 23 сәуір
Басқа 8
Атырау облысы әкімдігінің
2013 жылғы 26 сәуірдeгі
№ 163 қаулысына 1-қосымша
Жем, Сағыз және Ойыл өзендері мен Қамыскөл көлдер жүйесінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
Қазақстан Республикасының Су кодексіне және "Жем, Сағыз және Ойыл өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу жобасы" мен "Жем, Сағыз, Ойыл өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу жобасына толықтыру мен түзету" бекітілген жобалау құжаттамаларына сәйкес төмендегілер қабылданды:
Су қорғау аймағы судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшін шаруашылық қызметінің арнайы режимі белгіленетін су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарына іргелес аумақ болып табылады.
Су қорғау белдеуі шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленетін, су объектісіне іргелес жатқан су қорғау аймағы шегіндегі ені кемінде 35 метр аумақ болып табылады.
Жылыой және Қызылқоға аудандарының елді мекендерінде Жем, Сағыз, Ойыл өзендері және Қамыскөл көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары "Жем, Сағыз, Ойыл өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу жобасы" мен "Жем, Сағыз, Ойыл өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу жобасына толықтыру мен түзету" бекітілген жобалық құжаттамаларымен белгіленеді.
Басқа 9
Атырау облысы әкімдігінің
2013 жылғы 26 сәуірдeгі
№ 163 қаулысына 2-қосымша
Жем, Сағыз және Ойыл өзендері мен Қамыскөл көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылық пайдалану режимi
Тармақ 1
1. Су қорғау аймақтарының шегінде:
Тармақша 1
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
Тармақ 2
2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
Тармақша 1
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
Тармақша 2
2) Су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
Тармақша 3
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Осы Жем, Сағыз, Ойыл өзендері мен Қамыскөл көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимiнің 2–тармағы 2) тармақшасының ережелері су қорғау белдеулері шекараларының шегінде 2009 жылғы 1 шілдеге дейін тұрғызылған ғимараттар мен құрылыстардың пайдаланылуына қолданылмайды.
Бұл ретте, оларды пайдалануға ұйымдастырылған орталықтандырылған кәріз, ластанған ақаба суларды бұрып жіберудің және тазалаудың өзге жүйесі немесе ішіндегі заттарды әкетуді қамтамасыз ететін су өтпейтін науалар болған кезде ғана жол беріледі.
Тармақ 4
4. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жаңадан жер учаскелерін беру жергілікті атқарушы органдармен заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.